Занятие в старшей группе по ФЭМП Путешествие в страну математики

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іскерлігінің технологиялық картасы

Күні: 23.12.2015

Ересек тобы: «Айгөлек»

Тәрбиеші: Магауина М.М.

Білім беру саласы: таным

Кіші сала: математика

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»

Мақсаты: балаларды сабақта алынған ойын түрінде білімдерді қолдануға үйрету;

8-ге дейін тұра және кері санауды бекіту; логикалық есептерді шешу дағдыларын бекіту: қиылған суреттерді жинау, қайшы арқылы шаршыдан басқа пішін жасау, зейінді, логикалық ойлауды, қиялды дамыту; кімге көмек керек, соларға көмектесуді тәрбиелеу;

Билингвальдық компонент: ел-страна, қаланың тұрғындары- жители города, Математика ханшайымы-Царица Математики

Сөздік жұмыс: ел, қала, қаланың тұрғындары, Математика ханшайымы

Көрнекілік: хат, карта үшін хат, карта, поезд дыбысы, орындықтар, билеттер, «Тамаша» әнге әуен, сілтемелер, обручтар, үлкен көлемдегі сандар, компьютер бейнеленген 10 қағаздар, үлестірме материал(+,-, =,сандар), қайшылар, шаршылар, тәрелкелер, «Төрт қадам алға» әуені, бөлінген суреттер, «Үйретеді, үйретеді, бұл бақшада» әуені.

Алдын-ала жұмыс: балалар сандар туралы жұмбақтар жаттайды, «Үйретеді, үйретеді бұл бақшада» әнің жаттайды, сурет бөліктерін сандар ретімен қою арқылы жинауды жаттықтыру.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеп талаптану

- Балалар, бүгін біздің топқа қонақтар келді. Кәнекей олармен амандасайық.

Есікке тарсылдататын дыбысы естіледі.

- Балалар, балабақшаға хат келді.
(хатты ашамын).

Хат:

«Менің елімде сұмдық

Сендердің көмегі керек

Саяхатқа тез шығуды Балаларды шақырамын

Сендерді қиын

тапсырмалар күтеді,

Бізге көмекке келіндер және тәртіпті орнатындар!

Математика елінің ханшайымы».

- Саяхатка шығамыз ба?

Сәлеметсіз бе, здравствуйте, Hello


Мұқият тындайды


Иә

Ұйымдастырушылық ізденіс

























































Сергіту сәті



- Балалар, мына жерде карта бар, осында Математика еліне жол көрсетіліп тұр.

- Кәне, қайда жол көрсетеліп тұрғаның қарайық? Қайда бұрылу керек?

(Пойыздың дыбысы естіледі)

- Балалар бұл қандай көліктің дыбысы естіледі?

- Ендеше бізге пойызбен жүру керек. Бірақ пойызға отыру үшін бізге не керек?

- Балалар, кәне карта бойынша біз қайда баратынымызды қарайық?Сілтемеде не бейнеліп тұр?

- Ендеше біз қандай қалаға барамыз?

- Дұрыс, сандар қаласына, ол Цифроград деп аталады.

- Балалар, бірақ билеттерді мен сендерге ақша үшін сатпаймын, ал сендердің білімдерін үшін сатамын. Менің математикалық есептерді және сұрақтарды шешіңдер.

Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзіме жете ме?Неше кәмпит қалады?

2) Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.

Неше қонжық әрі қарай барады?

  • Қазір кеш немесе таң?

  • Аптада неше күн бар және олар қалай аталады?

- Қыс мезгілінде неше ай бар? Және оларды атандар?

- Жарайсындар, балалар, математикалық есептерді тез шештіндер. Енді билеттерді мен кондукторға беремін. Кондуктор бізде Алдияр болады. Ол сендерге билеттерді таратады және сендер орнына дұрыс отырғандарын тексереді.Сосын билеттерін жинайды.

- Балалар пойызбен бара жатқанда «Тамаша» әнің айтайық.

-Балалар, сілтемеде қаншама цифрлар бар қарандар. Ендеше біз қандай қалаға келдік?

-Балалар, қалада кім тұратының білгілерің келе ме?

- Ендеше, балалардың жасырған жұмбақтарын шешіңдер.

Нұрсұлтан: Мені білгін келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын. (1)

- Балалар, қандай ол сан?

- Дұрыс, бір.
Аружан: Екіден соң әрқашан
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын. (3)

Алдияр: Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын. (2)

Әділ:
Әр қолда саусақ бес - бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың. (5)

Назгүл: Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсымын мен бағамын.
- Жарайсындар, ендеше бұл қалада не тұрады?

- Осында сандар тұрады және тәртіпті қалайды. Сендердің алдарында жер жыртырлары бар,оларда сандар тұр, сендер бір жерінен екінші жерге сандарды ретімен айтып, секіру керексіндер.

- Балалар,жарайсындар, мінекей біз Цифроград қаласында да болдық, сандарды тәртіпке келтірдіндер, сендер қала тұрғындары үшін жақсы іс жасадындар.

- Картада не бар екенің қарайық?

- Олар нешеу?

- Ендеше бізге неше қадам жасау керек және қайда бұрылу керек?

- Сілтемеде не бейнеленген?

-Ендеше біз компьютер қаласына келдік. Ал компьютерлер жұмыс істемейді.Компьютерлерді сендер жөндей аласындар ма?

- Сол үшін барлық белгілерді қажет тәртіпте орналастыру керек.

Жоғарғы оң бұрышына- минус белгісін қоямыз.

Сол жақтағы төменгі бұрышына- 5 саның қоямыз.

Жоғарғы сол бұрышына - тең белгісін қоямыз.

Төменгі оң бұрышына- қосу белгісін қоямыз.

Ортасына 8 саның қоямыз.

- Жарайсындар, компьютерді жөндедіндер.Компьютер тұрғындары үшін жақсы іс жасадыңдар.

Ильяс (Женис, Аида) жоғарғы оң бұрышында қандай белгі қойдындар?

- Алдияр оң жақтағы төменгі бұрышында қандай белгі қойдың?

- Ендеше картаны қараймыз?Қандай сан осында бейнеленген?

-Дұрыс, ендеше көздерімізді жұмайық, 8-ге дейін санайық. (балалар санап отырғанша, олардың алдында тәрелкалар шаршы мен қайшыларды қояды)

- Балалар, жарайсыңдар, тез санайтын екенсіңдер, енді сендер «Шебер» қаласына келдіңдер.

- Балалар сендердің алдарында шаршы тұр, оның неше жағы және бұрышы бар?

- Ал енді осы пішінді басы мен аяқсыз пішінге айналдырыңдар.

- Нұрсұлтан мен Әділде шаршы қандай пішінге айналды?

- Жарайсындар, осы тапсырманы орындап шықтындар.

Ал енді шаршыны екі тіктөртбұрышқа айналдырындар.

- Алдияр мен Алимжан сендерде қандай пішіндер шықты?

- Сендер тіктөртбұрышты қалай жасадындар?

- Жарайсындар, балалар, сендер өте ақылды екенсіңдер, сендер көп жақсы іс жасап, шаршаған шығарсындар.Кішкене сендермен денелерімізді сергітіп алайық.

«Төрт қадам алға, төрт қадам артқа»

- Балалар, ал енді картаға қарайық, ол бізге қандай бағдар көрсетіп тұр?

- Ендеше біз оң жаққа бұрылып, неше із жасаймыз?

- Балалар, үстелде не жатыр?

- Ендеше , біз сендермен «Ойлан» қаласына келдік. Балалар осы қаласында Математика ханшайымы сендер үшін суреттердің бөліктерін дайындап қойған, бөліктерінің аяғында сандар тұр, егер сендер осы сандарды рет бойынша қойсаңдар, сендерде сурет шығады. Суреттер арқылы Математика ханшайымы қандай мерекені қарсы алатының білесіндер.

- Балалар, сендерде қандай суреттер шықты?

- Ендеше Математика елінің тұрғындары қандай мерекені қарсы алады?

- Балалар, сендер «Ойлан» қаланың тұрғыдарына Математика ханшайымның жасырылған тапсырманы шешуге көмектестіндер. Ол өте жақсы іс.

(сол кезде Математика ханшайымы кіреді)


Оңға

Пойыздың

Билеттерді сатып алу

Сандар


Сандар қаласына





Иә, бір кәмпит қалады.


3 қонжық әрі қарай барады.

Таң

Аптада 7 күн бар. Оның ішінде дүйсені және т.б. (күндерін атайды)

3 ай бар, желтоқсан, қантар, ақпан

Алдияр, билеттерді таратады, орындарын тексереді, билеттерін тексереді.


«Тамаша» әнің айтады.


Цифроград каласына

Иә



Бір


Үш


Екі


Бес


Төрт

Сандар

Обручтардың ортасында сан жатады, балалар обручтен обручқа секіріп, санды атайды.



Іздер

Екі

Екі қадам және оңға бұрылу

Компьютер


Иә

Балалар парақта белгілерді орналастырады.

Балалар

тапсырманы

орындайды.



Минус белгісін

Қосу белгісін

Сегіз

Балалар жұмылған көзімен 8-ге дейін санайды.



Төрт

Балалар қайшы арқылы шаршының жақтарын мен бұрыштарын кеседі.

Бірге және бір-бірден дөңгелек деп айтады.

Балалар қайшы арқылы шаршыны ортасынан кеседі.

Екі тіктөртбұрыш

Шаршыны ортасынан кестік


Балалар әуенмен қимылдарды жасайды.

Оңға қарай бару керек, және

үш із жасаймыз

Қағаздар



Балалар сурет бөліктерін жинайды.


Аяз ата, шырша, аққала

Жаңа жыл


Рефлексивті-коррекциялау

М.Х- Сәлеметсіз бе, балалар. Мен сендерді асыға күттім. Сендер менің еліне келгенің үшін, өте қуанып тұрмын. Балалар сендер менің елімде қандай жақсылықты жасадыңдар?

- Математика ханшайымы біздің балалар өте жақсы және сіздің еліңізде көп жақсы іс жасағаның білесіз бе?

М.Х- Қандай жақсы іс сендер жасадыңдар?

Сендерге қиын болды ма? Қандай тапсырмалар жеңіл болды?

- Математика Ханшайымы біздің балалар сізге музыкалық сыйлық дайындап қойды, тыңдап көріңіз.

М.Х- Рахмет, балалар сендер сондай жақсы және ақылды балалар, мен туралы тіпті де ән шығарып қойған екенсіңдер. Мінекей менің сыйлығым, осындай жақсы іс жасап, ақылды болып өсіндер және менің еліме келіндер. Сау болындар, балалар.

- Балалар, ал енді бізге балабақшаға қайту керек, сол үшін сегізден бастап кері санайық.

Амандасады

Сабақта не

жасағаның айтады


Цифроград қаласында сандарға дұрыс тұруға көмектестік және т.б

Балалар «Үйретеді, үйретеді бұл бақшада» әнің айтады.


Сау болыңыз, Математика ханшайымы

Сегізден бастап кері санайды.

Күтілетін нәтиже:

Тұра және кері санауды қайталайды.

Бір пішіннен басқа пішінді, сандар ретін, көмекке қол созу керек екенің түсінеді.

8 дейін тұра және кері санауды, пішіндерді қиюды, сурет бөліктерін сандар ретімен салу арқылы жинауды қолданады.



© 2010-2022