Ашық сабақ Жол тәртібін білейік!

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жол тәртібін білейік- аман-есен жүрейік

Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол ережесінің белгілерін есте сақтауға, білуге, оны бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктері: Бағдаршам, МАЙ қызметкері, алатаяқ, жол белгілері, көше макеттері, көлік түрлерінің суреттері.


Сөздік жұмыс: МАИ, тротуар, ала жол, жолақ , алатаяқ.
Мотивациялық қозғаушы: Атам шықса сапарға,

- Жолың болсын, - дейді апам.

Апам шықса сапарға,

- Жолың болсын! - дейді атам.

- Жолың болсын! - дейді олар,

Үлкенге де кішіге.

- Жолың болсын! - дейді олар,

Ұшырасқан кісіге.

- Жолың болсын! - айтайын

Алыс жолға шықса кім.

Айтамыз біз бәріміз: Жолың болсын! Жолың болсын!

Балаларды «қауіпсіздік мектебіне» шақыру. Балалар қызығушылық танытады.

Іздену ұйымдастырушы: «Жолдың өту бөлігі» жол суретін көрсету.

- Жол өту жолақтарындағы сызықтар - ала жол деп аталады.

- Адамдар өтетін жолды - тратуар деп атаймыз. Міне, жолдан өтетін адамдар тратуар бойынша өтіп жатыр.

- Көшедегі жолдан өтетін адамдарды - жүргіншілер деп атайды.

- Көшенің шетінде бағдаршам орналасқан. Бағдаршам - көше қозғалысын реттейтін шам. Бағдаршам жаяу жүргіншілердің көшеден өтуін жеңілдетеді, ал оның белгісі көліктерге арналады.

- Бағдаршамның неше көзі бар? - Үш көзі бар: қызыл, жасыл, сары.

(Балалар бағдаршам туралы өлеңдерін айтады)

Жұмбақ жасыру: 1) Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (автобус)

2) Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)

3) Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

4) Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта!», «Жүр!» дейді. (Бағдаршам)

5) Алатаяқ ұстанған,

Жол тәртібін нұсқаған,

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

МАИ қызметкері кіреді. Жол ережесі туралы айтады. Балалар тыңдайды, есте сақтайды. Балалар тақпақтарын айтады. (5 бала)

Дидактикалық ойын: «Көлік ойыны», «Сиқырлы таяқ». Көлік түрлерін атап, олардың қолданысын айтады. Жолаушылар үшін ережелерді атап, бір-біріне таяқ береді.

Дидактикалық ойын: «Шырақ жағу». Балалар бағдаршам белгілері бойынша іс-әрекет етеді.

Рефлексивті коррекциялаушы: Суретпен жұмыс:

Суретке қарап, жол ережесі туралы айтып бер.

«Көше қиылысы» деген сөздің мәнісін түсіндір.

Көше қиылысында өзіңді қалай ұстайсың?

Бағдаршам неге керек?

«Тоқта!» дегенде бағдаршамның қай көзі жанады?

«Сақтан!» дегенде қай көзі жанады?

«Жол ашық!» дегенде қай көзі жанады?

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қауіпсіздік мектебі! Көше тәртібін сақтау - сенің міндетің! Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі?: Жолда жүру ережесі мен жол белгілерін айыра біледі.

Қандай түсініктері игерілді?: Жол белгілерін, бағдаршамның түсін ажырата білу түсініктері игерілді.

Меңгерді: Жолда жүру ережесін қатаң сақтауды


© 2010-2022