Біз мектепке барамыз бағдарламасы бойынша балаларбілу қажет

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу);

- дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту мен сөздерге дыбыстық талдау жасау біліктілігін дамыту;

- сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйрету;

- әңгімелеу (монологтік тіл) және сөйлеу (диалогтік) тілін қалыптастыру;

- дыбыстың айтылуын дұрыс есту қабілетін дамыту мен дыбысты айту барысында дұрыс тыныс алу тәртібін сақтау;

- тілдің мәнерлілігін арттыратын ырғақтық құралдарын қолдану іскерлігін арттыру;

Тілдің дыбысталу мәдениетінің барлық қырын жетілдіру. Дыбыстардың айқын артикуляциясын әзірлеу. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тілдік естуін дамыту (тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерлігі, дыбыстың сөздегі орнын анықтау, сөздегі дауысты дыбыстарды ажырату, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау).

Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап таба білу;

Көп. Санның белгілі бір заттың өлшемін көрсететін көрсеткіш екендігі жайлы түсінігін қалыптастыру.

Көп элемент бір заттан, сонымен қатар, тұтас топтан құралатыны туралы түсініктерін дамыту.

«Көп», «аз», «біреу» деген ұғымдармен таныстыру. «Бір» деген ұғымның бір ғана заттың санын ғана емес, сонымен қатар бүтін бір топтың жиынтығын да білдіретіндігін ұғындыру.

Көп заттың ішінен белгілі бір ерекшеліктеріне қарай заттарды іріктеп алып топтастыру қабілетін дамыту

© 2010-2022