Семинар-практикум Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңызы »

Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл,
қайырымды, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету және әр тұлғаның өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,жұмбақ, сөзжұмбақ.

Әдіс-тәсілдер:Пікірсайыс,сұрақ-жауап, жұмбақтар, жағдаяттарды шешу, ойын. «Тәрбиесіз адам адамгершілік жағынан надан, дүмше»,-деп жазды. В.А. Сухомлинский.

Пікірсайыс барысы:

I-кезең: Адамгершілік асыл-қасиет.

II-кезең: Пікірсайыс.

III-кезең: Ертегіні аяқта.

IV-кезең:Ойын: «Кім жылдам»

V-кезең:Жағдаяттады шешу.

VI-кезең:«Мың бір мақал, жүз жұмбақ»

VII-кезең: Сөз жұмбақ.

Релаксация

II-кезең: «Адамгершілік - асыл қасиет» пікірсайысына кезек береміз

III-кезең: Ертегіні аяқта

IV-кезең: Ойын:«Кім жылдам»

Жаңылтпаштар сайысы

V-кезең:Жағдаяттады шешу.

Мұндай жағдай жие қайталанады. Сіз екеуінде жұбатып,енді қайталанбайтындай қандай әрекет жасар едіңіз? Тобыңызда қыңыр, қырсық, тентек бала бар.Ол баланың қылығына топтағы балалардың жартысы еліктейді.Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Сәуле отбасындағы жалғыз қыз. Ата-анасы сізден күнде қызына көңіл бөлуіңізді қалайды. Ата-ана сіздің жұмысыңызды күнде қадағалап отырады. Сіздің әрекетіңіз.Баланың көзінше екі ата -ана бір бірімен сөзге келіп қалды. Сіз не істер едіңіз? Айнаның жасы 2-де. Анасы күнде балабақшаға қызын кеш әкеліп, кеш әкетеді.Күнде бір сылтау айтады.Сіз баланы қабылдамаған күні есіктің алдына тастап кетті. Мұндай жағдай 2-3 рет қайталанды.Сізден кешірім де сұрамайды. Қайта сөзге келіп, мінезін көрсетеді. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз?

Тобыңыздағы Мирас пен Арман бір ойыншыққа таласып қалды. Сіз не істер едіңіз?

VI-кезең:«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Мақсаты: Халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын сақтау және жалғастыру, ой ұшқырлығына,ой дәлдігімен, тереңдігіне тәрбиелеу.

Туған жердей жер болмас, туған елдей________болмас.

Еңбек етсең ерінбей,__________қарның тіленбей.

Көз - қорқақ,________- батыр.

Бірлік болмай, ________болмас.

Дос жылатып айтады, дұшпан ________айтады.

Өнер алды _________тіл.

Оқусыз ________жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Денсаулық - ________байлық.

Отан үшін отқа түс,____________.

Оқу инемен___________қазғандай.

Мақалды аяқта.

Көз жетпеген жерге

(сөз жетеді).

Тіліңмен жүгірме

(біліммен жүгір.)

Ақылды қария

(ағып жатқан дария.)

Білімдіге дүние жарық

( білімсіздің күні қаріп.)

Жақсы болсаң

(жақын көп.)

Бірлігі жоқ ел тозады,

(бірлігі күшті ел озады.)

Әдепті бала - арлы бала,

(Әдепсіз бала - сорлы бала.)

Игілік басы

(ынтымақ.)

Ұсталы ел озар,

(ұстасыз ел тозар.)

Жылы - жылы сөйлесең,

(жылан інінен шығады.)

Көп біл,

(аз сөйле.)

Әке көрген оқ жонар,

(шеше көрген тон пішер.)

Адам болатын бала ________.

(алысқа қарайды)

VII-кезең: Сөз жұмбақ.

«Адамгершілік» «Ізеттілік»

Релаксация:
Қымбатты,әріптестер қазір барлықтарыңыз жақсы бір сезім әсеріне беріліңіздер. Тыныштық сақтайық. Көздеріңізді жұмып,дыбыссыз босаңсып отырыңыздар. Бойларыңызға жаңа шуақ енгізілді. Ол - адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңіздер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ-пәк рухани сезімдерге бай адам болдыңыздар. Бойымыздағы осы адамгершілік қасиеттерді бала бойына дарытайық.Көздеріңізді ашыңыздар. Ықыластарыңызға рахмет! Осымен пікірсайысымыз аяқталды.

© 2010-2022