Сабақ математика 5 саныортаңғы топ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

5 саны және цифры

Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры

Сабақтың мақсаты: оқушыларды 5 санымен таныстыра отырып, тура және кері санауға,үйрету, ауада жазылуын көрсету, Әдемі, таза жазуға төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Шапшандылыққа,ұқыптылыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сандар қатары, суреттер, өлеңдер.

Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

а) Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарының

түгелдігін тексеру.

ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық:

Қайырлы таң достым!

Қайырлы күн болсын!

Сәрсенбінің сәті,

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағымыз,

Кілең бестік болсын!

Өткен тақырыпты еске түсіру:

-Біз қандай сандармен таныстық балалар?

-0 1 2 3 4

-Осы сандарды салыстырайықшы.

4=4 1<2 3>2 4>3

-Енді балалар 4 санының құрамын табайық. ,,4" қандай сандардың қосындысына тең.

1+3=4 3+1=4 2+2=4

Жақсы балалар енді «Кім көп біледі» ойыны арқылы мына сұрақтарға жауап берейікші.

Сұрақтар:

1. Қосудың компоненттерін ата.

2. Азайтудың компоненттерін ата.

3. Заттарды біріктіргенде қандай амал қолданамыз?,,+''

4. Заттарды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз?,,-''

Сандар тізбегін орналастырып, әрбір сан туралы айту.

0 1 2 3 4 5

1-тақ сан . Аптаның бірінші күні-дүйсенбі деп аталады.

Бір дегенім-жаман баға,

Алады оны жаман бала.

2- аптаның екінші күні-сейсенбі.Бұл жуп сан.1-ден кейін турады. . Сонда 1+1 ге қосқанда 2 шығады.

Бүкірлеумін, имекпін

Мойынындай үйректің

Сабағыңды білмесең

Мені аласың күнде сен дейді.

-Екі алмау үшін сабақты қалай оқуымыз керек.

3 саны-тақ сан . Аптаның үшінші күні-сәрсәнбі. Сәтті күн болып есептеледі.

Үш биіміз бар(Қазыбек би , Әйтеке би , Төле би)

Өзі біреу,көзі үшеу бұл не балалар, қане кім айтады?

-Бағдаршам.

-Олай болса бағдаршамның үш көзі бар(қызыл,сары,жасыл)

-Қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз.

-Сары көзі жанғанда жүруге дайындал деген белгі.

-Жасыл көзі жанғанда жүреміз.

4 саны-жұп сан. Бұл аптаның төртінші күні-бейсенбі, дүниенің төрт бұрышы бар, онымен дүниетану сабагында таныстыңдар.Олар Солтүстік, батыс,шығыс, оңтүстік.

-Балалар жылдың неше мезгілі бар?

-төрт.

-Кім атайды(күз,қыс,көктем,жаз)

Сонымен төртке дейінгі сандармен толық таныстық. Олай болса балалар бәріміз бері қарайық.

Жұмбақ шешу:

Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін. (қолғап)

Бірі үлкен, бірі кіші,

Туысқан бірге бес кісі. (саусақ)

-Біздің 1-қолымызда неше саусақ бар?

-бес

-жеке-жеке санау 1,2,3,4,5.

Сонымен сандар қатарында 4 санынан кейін 5 саны екен.

-Осы саусақтардың өз атауларын кім біледі?

(Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек , кішкене бөбек)

-Өте жақсы.

Жұмбақ шешу

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

-Енді балалар бері қараңдар. Мынау не?

-Жұлдыз.

-Осы жұлдызды қайдан көріп жүрміз?

-Жұлдызды ел рәміздерінде көріп жүрміз.

-Қане рәміздерді кім айтады?

-Ту, Елтаңба, Әнұран.

-Осы рәміздердің қайсысында жұлдыз бар?

-Елтаңбада.

-Жұлдыздың бес жағы бар екен.

Олай болса балалар бүгін біз,,5''саны және цифрымен танысамыз.

5-тақ сан. Аптаның бесінші күні-жұма деп аталада. 5 саусақ. 5 тік баға -өте жақсы жауап берген , жақсы дайындалған оқушыға қойылатын үздік баға.

Абай Құнанбаев атамыздың ,,Ғылым таппай мақтанба ,, өлеңінде бізді бес нәрседен қашық болуға, бес нәрсеге асық (жақын) болуға шақырады.

5 дұшпан:өсек,өтірік,мақтаншақ,еріншек бекер мал шашпақ.

5 асыл іс:талап,еңбек,терең ой қанағат ,рақыым.

Санамақ айттыру.

1 дегенім-бірлік 4 дегенім-талап

2 дегенім-еңбек 5 дегенім-білім

3 дегенім-үміт Білім жарық күнің.

4.Оқулықпен жұмыс

Сағаттың ,,бес" болуымен ,,5" санын сәйкестендіру.

№1 Суретті әңгімелеп, оған сәйкесесеп құрастысту.

Өрнекті шығару. 4+1=5 көбейеді 5-1=4 азаяды.

Сызғышпен кесіндінің ұзындығын өлшету.

а) кесіндінің ұзындығы неше сантиметр? 5 см

ә) кесінді неше тең бөлікке бөлінген? 5 бөлікке

б) әр бөліктің ұзындығы неше сантиметр? әрқайсысының ұзындығы 1 сантимрден 5 сантимер.

в) осы кесіндінің ұзындығын қосу амалы арқылы қалай табуға болады? 1+1+1+1+1=5 см

№2 Теңдіктер құр

4+1=5 тура теңдік

5-1=4 өзара кері амалдар

5 санының жазылуын көрсету.

Екі сөредегі жаңғақтарды салыстыру.

4<5 1-жаңғақ кем 5>4 1-жаңғақ артық.

№4 Жазуды толықтыру.

4>3 2<4 4=4

2+2=4 4-2=2

5.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Бір отырып, бір тұрып,

Бір тынығып аламыз.

Алақанды соғамыз,

Орнымызды табамыз.

6.Дәптермен жұмыс.

7.Ауышша есептеулер.

1.Гауһарда 2алма,

Данада 3алма.

Барлығын қосқанда

Болады неше алма? ( 5 алма)

2.5алманың екеуін,

Досың сурап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? ( 3 алма )

3. Бұтақта үш шымшық отыр еді,оларға тағы екі шымшық келіп қосылды.

Барлығы неше шымшық болды?

8.Сабақты қорыту. Сонымен балалар біз қандай тақырыппен таныстық?

5 санымен.

1. Сандарды өсу ретімен сана?

2. Сандарды кему ретімен сана

3. Қосудың компоненттерін ата

4. Азайтудың компоненттерін ата

5. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесің?

6. Бәйгеге шықты жануарлар.

Алға шықты үшеуі,

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі ?

Оқушыларды мадақтау.


МАД тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: 5 саны мен цифры.
Мақсаты: 5 саны мен цифрымен таныстыру. 5 санының пайда болуы және құрамын анықтау. 5цифрын жаза білуге үйрету, тура және кері санай білуге үйрету.
Көрнекілігі: Интерактифті тақта, үлестірмелі материалдар, цифрлар, суреттер.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Түрі: Саяхат сабақ
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келген екен.
Қонақтармен амандасайық!
Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, көк аспан,
Амансың ба, достарым,
Амансың ба, қонақтар,
Сабағымызды бастаймыз,
Жамандықты тастаймыз.
Балалар амандасады.

Балалар көтеріңкі күйде қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді.

Ұйымдастыру
- Балалар қандай ертегілер білесіңдер.
Ертегіні әңгімелеу.
«Мақта қыз бен мысық»ертегісіне саяхатқа шығатындарын хабарлау.
Өздері білетін ертегілерін айтты.
Саяхатқа шығатындарына қуанды.
Өткен сабақты еске түсіру.
0-ден 4-ке дейін сандарды қайталау
Тура және кері санады
Сандарға байланысты тақпақ айту.
Тақпақтарын айтты.
Жаңа сабақты хабарлау.
5 саны және цифрымен таныстыру.
5 санмен танысты.
Тура және кері санау.
Тура және кері санап үйренді.
5 санына тақпақ жаттау.
Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.

Дәптермен жұмыс.
5 цифрын жазу.
5 цифрын жазды.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір,
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Сергіту сәтін қимылмен орындады.
1-тапсырма:
Қолғаптардың сыңарын тап.
Қолғаптардың сыңарын тапты
2-тапсырма:
Құмырсқаның таңқурайға, жұлдызқұрттың шиеге жетуіне көмектес.
Көмектесті.
3-тапсырма:
Бос орынға тиісті пішінді сал.
Тиісті пішіндерді салды.
4-тапсырма:
Көршісін тап.
Сандардың көршісін тапты.
Сергіту сәті:
«Қара жорға»
«Қара жорғаны» биледі.
5-тапсырма:
Әр суретте қанша зат бар екенін сана және тиісті цифрды шеңбер ішіне жаз.
Тиісті цифрды жазды.
6-тапсырма:
Есеп шығару.
Есепті шығарды.
- Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
- Ұнады.
- Бүгін қандай санмен таныстық?
- 5 саны
- Барлығыңда жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар, балалар.
Күтетін нәтиже:
Білу: 5 саны және цифрымен танысып білді.
Игеру: Ертегіні мазмұндай отырып, әр түрлі тапсырмаларды орындауды игерді.
Меңгеру: Тура және кері санауды меңгерді


© 2010-2022