Ашық сабақ Көңілді қыс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Қаракөл ауылы

Қаракөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Байтөбетова Жұлдыз Кәрімжанқызы

Тақырыбы: «Көңілді қыс»

Мақсаты: Білімділік: Қыс мезгілінің табиғи ерекшеліктерін меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік: Қысқы табиғат көрінісін әңгімелеп айту арқылы ойды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: «Сыңарын тап» ойыны, «Ой шақыру», шығармашылық жұмыстар, сұрақ-жауап әдісі.

Сабақтың жүру барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

«Ой шақыру» әдісі.

- Балалар, маған қараңдаршы менің қолымдағы не?

- Қар.

- Қардың түсі қандай?

- Аппақ.

- Қар қатты ма, әлде жұмсақ па?

- Жұмсақ.

- Балалар, бәріміз бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық. Мен бастайын, бүгінгі көңіл-күйлерің осы қардай аппақ болсын.

Балалар бір-біріне ақ тілектерін ұлпа қарды беріп тұрып айтады.

- Денсаулығымыз мықты болсын!

- Заманымыз тыныш болсын!

- Білімді болайық!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Барлығымыз тату-тәтті болайық!

- Көрдіңдер ме, балалар? Жылы сөздер айтып едік, қолымыздың жылуынан қар да еріп кетті. Енді бізге қонаққа апайлар келіп жатыр, барлығымыз амандасайық.

- Балалар, жылдың неше мезгілі бар?

-Жылдың төрт мезгілі бар.

- Жыл мезгілдерін атайық?

- Қыс, көктем, жаз, күз.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыс мезгілі.

«Сыңарын тап» ойыны.

Балалар, біздер өткен сабақта қысқы киімдер туралы білдік. Олай болса, өткен сабақта алған білімімізді пысықтау үшін «Сыңарын тап» ойынын ойнайық.

Балалар ойын барысында қолғаптың, етіктің түр-түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.

Жаңа сабақ.

Бүгін біз «Көңілді қыс» деген тақырыпты өтеміз.


  • Балалар, қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен қарағанда ерекшелігі қыста жер бетінде не болады?

  • Қар болады.

  • Біз қардан не жасаймыз?

  • Аяз ата жасаймыз.

  • Олай болса, біз Аяз ата жасайық. Ол үшін бірнеше сұраққа жауап беріп, сол сұрақтар жазылған қағаздардан Аяз атаны құрастыруымыз керек.

Үлкен дөңгелек: Қыс айларын ата.

- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

Орташа дөңгелек: Желтоқсанда қандай мерекелерді тойлаймыз?

-1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін; 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнін; Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.

Кіші дөңгелек: Жаңа жылда бізге кім келеді?

- Аяз ата келеді.

Оң қолы: Аяз ата бізге не әкеліп береді?

- Сыйлық әкеледі.

Сол қолы: Қыста қандай өзгерістер болады?

- Қар жауып, жердің беті ақ болады, күн салқындайды.

Қалпағы: Қыста қандай ойындар ойнаймыз?

- Шанамен сырғанаймыз, шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.

Мұрны: Қыста біздер қалай киініп жүреміз?

- Жылы киініп жүреміз.

Таяғы: Қысқы сырт киімдерді ата?

- Бөрік, тон, етік, қолғап, шәлі.

Міне, балалар, сендер сұрақтардың бәріне дұрыс жауап бердіңдер. Сөйтіп, аяз атаны құрастырып шығардық. Жарайсыңдар.


  • Балалар, сендерге қыс мезгілі ұнай ма, ұнамай ма?

Ұнайды:

Қар жауып, жер беті тазарады. Шанамен, конькимен, шаңғымен сырғанап ойнаймыз. Аққала жасаймыз.

Ұнамайды:

Күн салқын болады. Боран соғып, жер мұз болады.

Қыс - жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады. Бұлар сауысқан, қарға, торғай, көгершін. Қыста құстарды суықтан қорғануға сыртқы жүндері көмектеседі екен.

Ашық сабақ Көңілді қысАшық сабақ Көңілді қысАшық сабақ Көңілді қысАшық сабақ Көңілді қыс

Шығармашылық жұмыстар.

1. Мына сөздерді қатыстырып, екі жол өлең құрастырыңдар.
1. Бар, қар.

2. Ойнады, тоңбады.

3. Мұз, біз.


  1. «Сөйлемді аяқта» тапсырмасы.
    1. Қыста ... қырау басады. (әйнек, ағаштар)
    2. Балалар қардан аққала ... (жасады, жасап ойнады)
    3. Қар жапалақтап ... (жауып тұр, жауады)


  1. «Ұқсастығын тап» тапсырмасы.
    - Мұз не сияқты?
    - Қар не сияқты?

Ашық сабақ Көңілді қысАшық сабақ Көңілді қыс


  1. Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.


  1. Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. Қар.

2. Көсеуді бесеуге тықтым. Қолғап.

3. Шелек қалпақ басында,

Сәбіз екен танауы.

Қыста қардан тұрады,

Танып көрші сен оны. Аяз ата

4. Қысы-жазы бір түсте. Шырша

5. Ол көңілді, бірақ сайқымазақ емес.
Үш қабатты, бірақ үй емес.
Қайырымды, бірақ дәрігер емес. Аяз ата

Сергіту сәті.

  • Балалар, қараңдаршы, мынау не? Шыршаның түбінде ақ қоян жатыр, қанекей бәріміз қасына барып ақ қоянды көрейік, өзі тоңып қалғанға ұқсайды, сыбырлап бірдеме дейтін сияқты, құлағымызды тосып тыңдайық.

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен осы шыршаның астында, інімде жатыр едім, сендердің дауыстарыңды естіп, мен де сендермен бірге біраз бой сергітсем деймін.


  • Олай болса, балалар, бәріміз қоянды ортаға алып, сергіту жаттығуын жасайық.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

- Балалар, қоян сендерге рахмет айтып жатыр. біз де қоянға өз білімімізді, өнерімізді көрсетейік.

Оқулықтағы өлеңді айтқызу.

- Қыс туралы қандай тақпақтар білеміз?

Оқушылар өздері білетін тақпақтарын айтады.


  • Балалар, сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Бой сергіткені үшін сендерге қоян да рахметін айтып, сыйлық әкеліпті.

Тәрбиеші тәттілер береді.

Үйге тапсырма беру. Қыс туралы тақпақтар жаттау.

© 2010-2022