Көңілді тренинг жаттығулар бойыма күш, денеме икем береді

Білім беру саласы: Вариативтік компонент Бөлімдері: «Шымырбектің денсаулық сатылары» профильді бағдарлама Тақырыбы: Көңілді тренинг жаттығулар, бойыма кұш, денеме икем береді! Мақсаты: Балалардың кейбір бұлшық еттеріне қосымша күш жұмсатып, бел омыртқа сүйектерінің икемділігін жетілдіру. Тренинг –жаттығулар арқылы жаттығуға деген қызығушылығын арттыру. Сергектік пен белсенділікке тірбиелеу. Өткізілу түрі: пилатес ойын-жаттығуы Қостілдік құрауыш: жаттығу-упражнение Іс-әрекет кезеңдері ...
Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Вариативтік компонент

Бөлімдері: «Шымырбектің денсаулық сатылары» профильді бағдарлама

Тақырыбы: Көңілді тренинг жаттығулар, бойыма кұш, денеме икем береді!

Мақсаты: Балалардың кейбір бұлшық еттеріне қосымша күш жұмсатып, бел омыртқа сүйектерінің икемділігін жетілдіру. Тренинг -жаттығулар арқылы жаттығуға деген қызығушылығын арттыру. Сергектік пен белсенділікке тірбиелеу.

Өткізілу түрі: пилатес ойын-жаттығуы

Қостілдік құрауыш: жаттығу-упражнение

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші педагогтың әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық, оятушылық кезеңі

Қызықты бой жазу жаттығуы:

Әзір титтей бойымыз

Әзір балаң ойымыз

Қиындықтан қашпаймыз

Шынығамыз жастай біз

Иілеміз оңға бір

Иілеміз солға бір

Мойнымызды бұрамыз

Қолымызды созамыз

Аяқтармен топ-топ басып

Орнымызды табамыз.

-Жарайсыңдар , балалар. Ал енді бүгін біз пилатес ойын - жаттығуларымен танысамыз.

Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдастыру-шылық- ізденушілік кезеңі


Тәрбиеші: Тосын сәт: Ұялы телефонға орман мектебінен хабарлама келеді.

Балалар бүгін бізге кішкентай қонжықтар қонаққа келуін сұрайды, өйткені олар алдында бізде қонақта болғанда өздерінің бір достары біздің балабақшада ұмытып қалып қойыпты, жақында Жаңа жыл мерекесі ғой, біз оны жеткізіп тастауымыз керек. Олар бізге түрлі, пайдалы ойын-тренингтер, жаттығулар дайындап қойыпты. Жаттығу -упражнение деп аударылады.

Олай болса барлығымыз поровозға отырып орманға қонжықты жеткізейік.

«Поровоз»- пилатес жаттығуы. Отырып, аяқты сәл тізеге бүгу, ал қолды шынтақтап денеге қысу. Кеттік. Еденге отырып алға жылжимыз, тек аяқпен көмектесеміз. Қолмен айналма қозғалыстар жасайсыңдар. Тоқтаңдар ! балалар жолда тас тұр паровозымыз жүрмей қалды.

«Тас итеру» пилатес жаттығуы. Балалар тізерлеп тұрып қолды алдыға бар күшпен итергендей етіп, бел омыртқаларын созып керілеміз алдыға қарай. Тасты итерсек жол ашылады.

(бұл жаттығу омыртқа, іш бұлшық еттеріне арналған) Жарайсыңдар, енді паравозымызбен алға қарай жылжиық, қонжықтар бізді күтіп қалған болар.

Балалардын алдынан үлкен көл кездеседі.

1 аялдама: « Су патшалығы» Балалар суды қалай жүзіп өтеміз бе?

  • Балалар мына көліміз үлкен, терең сияқты, дүрбі салып көрейік.

Балалар кілемшеге жатып суда жүзіп жүрген балықтың қимылын көрсетіп көрейікші, ал енді барлығымыз «теңіз жұлдызшасы» пилатес-жаттығуын көрсетейік - етбетінен жатып, қолымызбен аяғымызды жан-жаққа көтеріп, судың толқынымен тербелеміз.(бұл пилатес жаттығуы қол мен аяқтың иілуіне арналған).

«Қайық» - пилатес жаттығуы. -Енді барлығымыз қайықтарға отырып жүзіп орман ортасына дейін барайықЖүземіз, ескекті есеміз! Деп жаттығуды жасап жатқанда , сол сәтте кірпілер келіп оларды көлден бөлініп ағып жатқан арықтан өткізуін сұрайды.

Тәрбиеші: Балалар ал судан кірпілер де, өзімізде қалай өтеміз?

«Көпір» - пилатес жаттығуы. Шалқасынан жатып, йық пен аяғымызды еденнен көтермей, денемізді сәл көтереміз, шынтақ пен алақанға тіреп. Міне балалар, жарайсыңдар кірпілер көпірден өтіп алды, енді жерге жатып сәл демелып алайық (бұл пилатес жаттығуы қол, іш,аяқ бұлшық еттерінің иілгіштігіне үйретеді).

Тәрбиеші: Кірпілер ал аюлар қайда тұрады?

Кірпі: Олар анау таудың басында орналасқан ну орманда тұрады. Осы жолмен жүре берсеңдер кешке дейін жетіп қаласыңдар.

Тәрбиеші: Жоқ. Біз кешке дейін анларымыз келгенше балабақшаға қайтуымыз керек.

2 аялдама: «Жер аялдамасы».

«Ұшақ» - пилатес жаттығуы. Олай болса сиқырлы сөздер айтып ұшаққа айналыйық: «Бір , екі , үш . Қолым айнал ұшақтың қанатына» дегенде балалар кішкентай ұшаққа айналады.

Жерге отырып, аяқ бірге, қол еденге тіреулі. Аяқты жоғары көтеріп, қолды екі жаққа созу - ұшақтар ұшты! Деген балалар ұшақтың қимылын жасайды.(бқл жаттығу іш пен сан бұлшық еттеріне арналған).

  • Қараңдар , балалар біз тау басындағы қонжықтар тұратын ну орманға да жеттік.

  • Сәлеметсіңдер ме қонжықтар не әстеп жатырсыңдар?

Қонжық: біз балалардың сүйікті ойыны «Әткеншек» ойнап жатырмыз. Бізде ойнап көрейікші.

  • Аяқты біріктіріп, шалқалап жатыңдар.

  • Аяғымызды бүгіп тіземізді екі қолмен құшақтап кеудемізге қысамыз. Сонан соң алға-артқа тербелеміз. Біраз демелып, қайтадан ойнап көрейік.

(бұл пилатес жаттығуы - қол, аяқ бұлшық еттеріне үшін икемді, әрі пайдалы).

Қонжықтар: Балалар, енді барлығымыз біздің көңілді «Қонжықтар» биін билейік.

  • Екі қолдарыңды белге қойып, жартылай отыру қимылын жасайық, енді орнымызда тұрып ары-бері тербеліс қимылдарын жасаймыз.

(бұл жаттығу аяқ бұлшық еттерін жетілдіруге арналған).

Балалар таң қалады



жаттығу-упражнение

Балалар үлкен қонжықты алып қастарына жерге отырғызады.

Барлық бұлшық еттерді іске қосып, паровоздың қимылын, жүрісін келтіреді

Тас итерген қимылдар жасайды.



-Жүзіп өтейік, деп оған тиісті қимылдар жасайды.

Теңіз жұлдызының қимылын көрсетеді



Еденге отырып тізені бүгіп қолды алдыға соза шалқасынан жатып қолдың көмегінсіз ақырын отырып көріп, қайтадан жату қимылын көрсетеді.

-біз секіріп аттап өтеміз, ал кірпілерге арықтың үстінен көпір салайық.-





Балалар ұшақтын қимылын көрсете, жаттығу жасайды.





Балалар шалқасынан жатып, әткеншек жасап қимылдар жасайды



«қонжықтар» биін билейді

Рефлексиялық - түзетушілік кезеңі




Қоржықтар: Рахмет сендерге балалар біздің досымызды жеткізгендерің үшін, сау-саламат болыңдар!

Тәрбиеші: Балалар, енді ұшаққа отырып тездетіп балабақшамызға қайтайық.

Қоштасу сәті:

Қол ұстасып тұрайық.

Достық әнге салайық

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық!

Балалар қонжықтармен қоштасады.

-«ұшақ» жаттығуын орындап, шеңберге тұрады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Түрлі түзету жаттығуларын

Меңгереді: Пилатес жаттығуларын дұрыс орындауды

Жасай алады: сабақ барысында әртістік қабілеттерін көрсетеді.




© 2010-2022