6 саны және цифрымен таныстыру. 6 жасалу жолын түсіндіру

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Жасы: (5-6 жас) Ересек «Қарлығаш» тобы

Тәрбиешінің аты-жөні: Бажиева А.У.

Күні: 13.10.2015 ж

Білім беру саласы : «Таным»

Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:6саны және цифрымен таныстыру. 6жасалу жолын түсіндіру.

Мақсаты: 6саны,оның цифрымен таныстыру.6санының пайда болуы.Оның құрамы.Қосу азайту таңбаларын қолданып,6 көлемде есептер құрастыру.

Алдын-ала жұмыс:Не өзгерді ойынын ойнау.

Сөздік жұмыс:6 санымен таныстыру,сандарды топтастыру

Дидактикалық құрал:Көрнекіліктер,геоконт,жолақшалар

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің басқарымдық қызметі

Балалардың іс-әрекеті

І кезең- мотвациялық- қозғаушы

Балалар өткен сабақта қандай сандармен таныстық?

Өтілген сандарды кім маған тура және кері санап береді?

Балалар дауыстап санайды.

ІІ кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Біздін топқа сиқыршы келіп,сиқырлы ағаш әкеліп кетті.Ол ағаш білесіндер ме немен сиқырлы оның әр жапырағында тапсырма бар екен.

Балалар сол сиқырлы ағаштын тапсырмасын орындауға көмектесесіндер ме?

-Бұтақа 5 торғай отыр

бір торғай келіп қонды.неше торғай болды ?

-Алты торғайдың біреуі ұшып кетті,нешеуі қалды ?

1-ден 6 ға дейін тура және кері санау,оңнан солға қарай санау.

« Не өзгерді » ойыны екі жолақты карточканы тақтаға іліп,бірінші жолағына бір алмұрттың суретін ілемін де, балалармен бірге салыстырамыз.Содан кейін,керісінше,бірінші жолаққа көп алманы,екінші жолаққа бір алмұрттың суретін ілемін.Бұдан не өзгергенің сұраймын.

сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Екеуін қосқанда

Болып шықты оң саусақ.

«Дауыстап санау» дидактикалық ойын.Мен үстелді бір неше рет соғамын.Балалар іштерінен санайды.2-3 баладан қанша рет соғылғанын сұраймын, балалар тақтаға цифрмен көрсетеді.

-Алты санымен таныстырып,

геоконт пен

алты санын жасадық

Біркелкі заттарды үш топқа топтастырып орындау.

Цифрының төменгі жағы дөңгелекке,жоғарғы жағы ілмекке ұқсайды.

Ол қандай цифрлардан кейін

тұрады ?

Қызығушылық танытады,ағашқа қарайды.

Тапсырмаларды орындайды.

Балалар бұтақтағы торғайларды санайды

Балалар жауап береді.

Тура және кері санау.

Ойын шартына байланысты балалар қызығушылықтарын артады.

Балалар сергіту сәтін іс-қимылдар арқылы орындайды.

Неше рет дауыс шыққанын санайды,айтады.

Тәрбиешінің тапсырмасын орындайды.

Балалар геоконт пен алты санын жасайды,анықтайды.

Тәрбиешінің тапсырмасын орындайды.

Бесінші цифрдан кейін тұратынын айтады.

ІІІ кезең- рефлексивті- түзеуші

Дидактикалық ойын «Жоғалып қалған санды табу».

Балалар сонымен біз бүгін қандай санмен таныстық?

Алты саннын алдында қандай сан тұрады?

Балалар мойындарына киеді сандарды сосын ретімен тұрады, жоғалған санды айтады.

6 сан.

5 саны тұратынын айтады.

Күтілетін нәтиеже:

Ұғынады: 6 санның білу,6 -ға дейін санай алу.

Түсінеді:Сан мен цифрды сәйкестендіре білу.

Қолданады: Суреттер.







«Қостанай қаласы әкімдігінің

Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімнің

№11 Бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік

комуналдық қазыналық кәсіпорныны

Білім беру саласы : «Таным»

Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:6 саны және цифрымен таныстыру.





Ересек тобы «Қарлығаш»

Дайындаған:Бажиева.А.У




© 2010-2022