Сауат ашу және жазу У дыбысы мен әріпі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі:Сауат ашу

Тақырыбы: Уу дыбысы және әрпі

Мақсаты: У әрпін таныстыру, У әрпі бар сөзді оқуға, жазуға үйрету.Сөздік қорларын дамытып, көркем жазуға баулу. Достыққа, еңбекті суюге, әсемдікке тәрбиелеу.

Әдіс тәсіл: көрсету,түсінік беру,ойын,сұрақ-жауап

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты қайталау

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Балалардың назарын аудару.






Іздену ұйымдастыру-

шы


- Балалар, біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- Лас, лақ, бала, тал (буынға бөле отырып Л-дыбысын анықтау, кеспе әріптермен жазу).

Осы сөздермен сөйлем құрау.

III. Сергіту сәті:

IV. Жаңа сабақ:

- Мына суреттерден не көріп тұрмыз?

- Тау, ту, уық, науа, ау, су.

Бәрінің атауында қандай дыбыс кездеседі?

- Ендеше, бүгін біз у дыбысымен танысамыз.

- Кане, бәріміз айтайық - у

У - әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

У - әрпі қандай затқа ұқсайды?

У - әрпін ауада жазу.

Кеспе әріптермен у дыбысы бар сөздерді тақтаға жазу.

А-уа, ay, тау, на-уа.

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.

Тордағы әріптерден сөз құрау.

У дыбысын орны□, т □лар.

- Балалар, ендеше у дыбысына байланысты мынадай өлең жаттайық:

Уық деген немене,

Уыз жегің келе ме?

Уыс-уыс уаққа,

Ақшаны уат

Балалар кеспе әріптерге, тақтадағы сөздерге назар аударады.

Сөздер құрайды, дыбыстарды талдайды.


Сергіту сәтін жасайды.

Рефлексті

коррекциялау

V. Сабақты қорытындылау.

"Кім жылдам" ойыны.

1) Допты біріне-бірі лақтыра отырып, у дыбысы бар сөзді айтады.

2) Көзді жұма отырып, у дыбысын кім жаза алады?

3) Тіл ұстарту. Жаңылтпаш, өлең жаттау.

4) Ермексаздан у дыбысын жасау.

VI. Оқушыны бағалау. Ауызша бағалап, сабақты аяқтау.

«Кім жылдам» ойыны ойналады.

Білуі керек: У у дыбысы мен әріптер

Болуы керек: кеспе әріптер, суреттер

Баланың қолынан келуі: тапсырмаларды орындау.


© 2010-2022