Урок Жабайы жануарлар

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар

Сабақтың мақсаты:

1. Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.

2. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

3. Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Сабақтың көрнекіліктері: жабайы жануарлар суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

-Жабайы аңдарға нелер жатады?

-Неліктен жабайы аңдар дейміз?

-Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

Дидактикалық ойын : «Хайуанаттар бағына орналастыр»

Ойынның шарты: Хайуанаттар бағына әкелген аңдарды торларға орналастыру керек. Суретте торлардың пішіні әртүрлі берілген. Пілді үлкен, қоянды кіші торға орналастыру керек.

Жұмбақ жасыру.

Өзі қу, жүрген жері айғай да шу. (Түлкі)

Өзіне болған қорған - орман, ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң. (Аю)

Сергіту сәті

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Қорытынды: Сұрақ-жауап арқылы балалардың білімдері пысықталады.

-Жабайы аңдарға қандай қамқорлық көрсету керек?

-Жабайы аңдар немен қоректенеді?

-Сен қандай жабайы аңдарды көрді

© 2010-2022