Тіл дамыту Үй жануарлары мен үй құстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:...............

Тақырыбы:Үй құстары және үй жануарлары

Мақсаты: 1.Үй құстарымен,үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап,балалардың үй құстары,үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.

2.Үй құстары мен үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.

3.Үй құстар мен үй жануарларына қамқор болуға,оларды күте білуге баулу және құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,ароматерапия

Көрнекіліктері:құстардың,үй құстарның,үй жануарларының суреттері,үнтаспа

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І.Кіріспе бөлім.

А)Үнтаспадан құстардың сайрағаны,судың сылдырлап аққан дыбысын тыңдату.

-Әуеннен не естідік?

-Құстар неліктен әртүрлі сайрайды?

-Қауіп төнген кезде құстар шырылдап,өздерінің балапандарына ескертеді.Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді.Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда,ащы дауыспен шырылдап,шу шығарады.Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталыпжиналады және бөтен құстарды қуады екен.

Ә) «Әтеш пен тоты»ертегісін оқып беру.

Сұрақтар:

-Ертеде әдемі,кербез сұлу қай құс екен?

-Тотықұс әтешке не үшін келді?

-Тоты әдемі киініп,қайда кетті?

-Әтеш таңертең неге айқайлап шақырады екен?

-Әтеш жабайы құс па?

-Үй құстарын атаңдар

-Үй жануарларын атаңдар

ІІ.Негізгі бөлім

А)Дәптермен жұмыс

Сурет бойынша әңгімелеу,сөз,сөйлемдер құрастыру.

-Үй құстарына қандай құстар жатады?

Балалар үй құстарының мамығымен,қауырсынымен танысады,оның қасиеті пен пайдасы жайлы әңгімелейді.Жұмыртқаларды салыстырып,ерекшелігін анықтайды.(түр-түсі,үлкен-кіші,пішіні)

ә)Музыканың сүйемелдеуіменқұстардың қалай ұйықтайтынын,суды қалай ішетіндігін қимылмен көрсету.

б)Дәптерде берілген үлгі бойынша балапанның суретін бастырып салады,аяқтайды.

В)Тыныштық сәті

--Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

-Сиырдың сүтінен тағы қандай тағамдар жасалады?

-Биенің сүті қалай аталады?

-Ат жарысын көргендерің бар ма? Ол қалай өтеді?

Г)Жұмбақ шешу

Мінсең-желдей жүйткиді,

Көңілің таудай өседі,

Алып ұшар алысқа

«Ер қанаты »деседі /жылқы/

Сергіту сәті

Тіктеп титтей құлағын,ботам былай жүреді

Сыртылдатып тұяғын,бұзау оған ереді.

Алға созып мойнын,ойнақтайды ботақан,

Көкке қарай мұрнын шүйіреді бұзауқа.

Д) «Үй жануарлары мен төлдері»дидактикалық ойыны.

Мақсаты:балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға,олардың қимылын көрсетіп,қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.

Шарты:балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі.Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын,пікірін баяндайды.

Сиыр,жылқы сөздерін дыбыстық талдау жасау.

Е) Дәптердегі суреттер бойынша әңгімелер жүргізу.

ІІІ.Оқу іс-әрекетін қорытындылау




© 2010-2022