Открытый урок на тему Геометрические фигуры

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пухальск негізгі мектебі

«Айналайын» шағын орталығы

















Математика пәнінен ашық сабақ

«Геометриялық пішіндер»




















2012-2013 о.ж.

Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер»

Мақсаты:

Білімділік:

- геометриялық пішіндерді айырып, салыстыруларын бекіту.

Дамытушылық:

- логикалық ойлауларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту

- тапқырлығын арттыру.

Тәрбиелік:

- зейінділікке, ойшылдыққа, қамқорлыққа, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.

Әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету.

Көрнекіліктер: Әдемі түстермен (геометриялық пішіндермен) үй суреті, геометриялық пішіндердің суреті.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

- балалармен амандасу;

- сабаққа дайындау;

Шаттық шеңбер: Ұйымдастыру кезеңінде балалар шеңбер бойымен тұрады.

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті,сондықтан балалар шуағын төккен «күнмен», «мейірімді аспан атамен» және бізге келген қонақтармен амандасайық:

Шеңбер болып тұрамыз,

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық.

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық!

Тәрбиеші: Сендердің алдарында «Көңіл-күйдің бет-бейнесі» жатыр, қолдарына алып сабақты қандай көңіл-күймен бастайтыңдарын бір-біріне көрсетіңдер.Открытый урок на тему Геометрические фигуры




Тәрбиеші:Сабақты санамақпен бастаймыз:

1,2,3

Сынып іші тып-тыңыш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді? (суреттерін тақтаға ілу).

Открытый урок на тему Геометрические фигуры


Дұрыс, балалар, олар бізге бос қолмен келген жоқ. Бізге тапсырмалары бар екен, қалай, орындаймыз ба?

Балалар: Иә.

Тәрбиеші: балалар, менің қолымда дорба бар. Ал оның ішінде не бар екенін мен білмеймін. Ал сендер ше? Қарайық па?

Балалар: Иә.

1-тапсырма: Дорбадан пішіндерді шығарып, оларды атау, түсін айту.

Балалардың алдарында пішіндер жатады. Оларды қарап шығу керек, ол қандай пішін? Домалайды ма? Бұрыштары бар ма?

2-тапсырма: Балаларға кемпірқосақтын суретін көрсетіп, оның неше доғалары бар? Қандай тусті?

Балалар хормен санайды? Түстерді хормен айтады.

Тәрбиеші: Жақсы балалар,(балаларға фишка беріледі). Ал енді кішкене дем алып, көмегімізді әрі қарай жалғастырайық.

Сергіту сәті: Қар жауады бетімізге,

Біз тонамыз балалар.

Қолымызды уқалап,

Аяғымызбен тыпырлап.Открытый урок на тему Геометрические фигуры

Жүгіріп, секіріп,

Орнымызға отырдық.



3-тапсырма: Геометриялық пішіндерден үй, аққаланы құрастыру, (тақтада үлгілер ілінеді).

Открытый урок на тему Геометрические фигурыОткрытый урок на тему Геометрические фигуры



Тәрбиеші: Жақсы балалар,(балаларға фишка беріледі).

4-тапсырма: «Кім жылдам?» ойыны.

Ойынның шарты: үш бала қатысады, әр бала берілген фигураларды жылдам жинау керек.

Открытый урок на тему Геометрические фигуры



5-тапсырма: Тақтада ілулі тұрған фигуралар негізінде үстелдегі фигураларды бояу.

Қорытындылау:

  • Балалар, бізге қонаққа кім келді?(фигураларды көрсете отырып, сұрау)

  • Олар сендерге ұнады ма?

  • Енді бүгінге олар сендермен қоштасады. Сендер оларды ұмытпайсыңдар ма?

  • Өте жақсы, балалар! Сендер бүгін өте жақсы қатыстыңдар! Сендерге алғысымды білдіремін және сендерге жұлдызшаларды сыйлаймын.

Балалар, ал енді шеңберге тұрып, қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!







Пухальск негізгі мектебі

«Айналайын» шағын орталығы
















Ашық тәрбие сабақ

«Ас атасы - нан!»


















2012-2013 о.ж.

Тақырыбы: «Ас атасы - нан!»

Мақсаты:

Білімділік: нанды қастерлей білуге, нан туралы мақал айтуға үйрету.

Тәрбиелік: балаларды еңбексүйігіштікке баулу, шаруақор болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: балалардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту.

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: нан, бауырсақ, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Балалар, біз бүгін тобымызда ашық тәрбие сабағын өткіземіз.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнап түсті даламыз.

Қайырлы таң, балалар,

Қайырлы таң, апайлар,

Сәлем, сәлем, сәлем!!!

Открытый урок на тему Геометрические фигуры




Балалар, біз бәріміз нанды білеміз. Нансыз өмір жоқ. Дастарханда бәрі болып, нан болмаса оның сәні болмайды. Қазір нан туралы балалар өздері білетін тақпақтар айтып береді.

Зарина: Нанда өмірдің дәмі бар,

Нанда адамның ары бар,

Ярослав: Нан - өмірдің арқауы,

Нансыз өмірдің қандай сәні бар?

Богдан: Нан, нан, нан, қымбатсың сен алтыннан.

Алуа: Нан анасы - бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дәнің төмен піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

Амир: Дастарханда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ,

Открытый урок на тему Геометрические фигуры



Жарайсыңдар, балалар! Енді осы нан дастарханға қалай келеді? Сол жайында айтамыз. Мұнда көп адам еңбек етеді. Көктемде жерге бидай себіледі. Жаз айы оны баптап күтеді. Күзде егінді орады, орылған бидай қоймаға барады. Қоймадан диірменге барады. Диірменде тартып ұн жасайды, ұннан нан пісіріледі. Міне, нан осылай келеді. Ал қазір «Бауырсақ» ертегіні тамашалаймыз.

Открытый урок на тему Геометрические фигуры




«Бауырсақ ертегісі»

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:

  • Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші, - дейді.

  • Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

  • Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой, мүмкін табылып қалар.

Кемпірі солай істейді, қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді:

  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

  • Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

Мен бауырсақ, бауырсақ,Открытый урок на тему Геометрические фигуры

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Қоян, сенен да қашам! - деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді:

-Бауырсақ» Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

- Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Бауырсақ әндете жөнеледі:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Мен қояннан қаштым,

Қасқыр, сенен де қашам! - деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:

  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

  • Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Бауырсақ әндете жөнеледі:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Мен қояннан қаштым,

Мен қасқырдан қаштым,

Түлкі сенен де қашам!

  • Әдемі өлен екен! - дейді түлкі. Менің ауызама отыршы, өлеңді тағы бір рет айтып берші.

Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығады.

  • Мен бауырсақ... - деп өлеңдете бастайды. Ал түлкі оны «ап!» деп жеп қойды.

Жақсы, балалар, рахмет сендерге. Балалар, мында қараңдаршы, ол не? Бұл сандық. Қане, ашайық, ішінде не бар? - Мұнда нан туралы тыйым сөздер жазылған екен. Қане, бірге айтайық.

Открытый урок на тему Геометрические фигуры













Нанды лақтыруға болмайды.

Нанды бір қолымен үзуге болмайды.

Нанды аяқпен басуға болмайды.

Міне, балалар, естідіңдер ғой. Енді біз нанды Қастерлей білеміз: «Ас атасы - нан» деп бекерге айтпаған. Қане, бәріміз бірге нан туралы өлеңдер айтайық.

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Тоғайларға тастаңдар.

Открытый урок на тему Геометрические фигуры

© 2010-2022