«Үй жануарлары» тақырыбына қорытынды іс-әрекет

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық».
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру,тіл дамыту,ән сабағы.
Тақырыбы:«Үй жануарлары» .
Мақсаты: Қоршаған ортаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру.Үй жануарлары туралы түсініктерін бекіту, үй жануарлары төлдерін дұрыс атай білуді үйретуді жалғастыру. Үй жануарларының беретін пайдасы туралы түсінік бере отырып, білімдерін толықтыру.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін,тілдерін дамытып,сөздік қорларын молайту. Үй жануарларына деген сүйіспеншілік сезімге және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Үй жануарларының суреттері,муляждары,өзеннің ,жолдың суреттері,көпір,киіз үй,қораның макеті,үнтаспаға жазылған үй жануарларының дауыстары,тоғайлар,күн ,бұлттың суреттері
Билингвальдық компонент(орыс тілінде сөздер үйрену):
Сиыр - корова. Қой-баран. Ит-собака.
Түйе - верблюд.Жылқы-лошадь. Мысық-кошка.

Іс - әрекет кезеңдері:

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Білер қазақ баласы

Сәлем сөздің анасы-демекші, балалар қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері.

Біз кішкентай балдырған,

Өсіп өніп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.

Әлемдегі бар адамға

Жақсылықты тілейміз.

Жарайсыңдар, балалар,жақсы көңіл- күймен оқыту іс-әрекетімізді бастаймыз-деп, балаларды орындарына отырғызу.

Амандасады..

Балалар шеңбер құрып,қимыл- қозғалыстарын келтіріп айтады.

Орындарына отырады.

Ұйымдастырушылық -ізденушілік

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар.Көктемді орысша- весна дейді.

Көктемде күн жылынып,шөптер, гүлдер шығады. Малдар жайлауға шығады.

Ғажайып сәт

Топқа шопан ата келеді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар?

Мен қой бағып жүріп қозымды жоғалтып алдым.Мен сендерден көмек сұрай келдім,сендер маған қошақанымды тауып бересіңдер ме?

Тәрбиеші:-Балалар атаға көмектесейік пе?

Балалар біз атамен бірге қошақанды іздеуге шығайық.

Қошақан адасып тоғай ішіне кетіп қалған болар.Біз қошақанды іздеуге жаяу жүріп барамыз.Балалар,біз мына жолмен барайық.Балалар қараңдаршы жолда жатқан не?

Жолдан тасты алып тастау үшін тастың бізге тапсырмасы бар екен.

Тапсырма:қошақан туралы қандай ән білесіңдер?

Ән «Қошақаным қайда екен?»

-Жарайсындар балалар ,ал енді біріміздің артымыздан біріміз жолмен жүрейік.

-Қараңдаршы балалар,жолдың шетінде не тұр?

Үй жануарлары мен төлдерін сұрау.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар үй жануарына ит пен мысық та жатады.Ит далада үйді, малды күзетеді,ал мысық үйде болады.

Билингвальдық компонент(орыс тілінде сөздер үйрену):
Сиыр - корова.
Түйе - верблюд . Қой - баран.
Жылқы - лошадь.

Мысық - кошка.
Ит - собака.
-Балалар,қараңдаршы бұл не?
Ендеше, осы судан өту үшін бізге көпір керек.Көпір арқылы өтетін болсақ,көпірдің де тапсырмасы бар екен.

Д/ойын: «Дауысынан таны»

Шарты:Үн таспадағы дауыс қай үй жануарының дауысы екенін табу.

-Балалар,мұқият тыңдаймыз.

-Жарайсындар,балалар. Енді көпірден байқап,асықпай өтейік.

-Балалар,міне біз гүл алаңқайына да келіп жеттік. Гүлдер қандай әдемі!Гүлдердің түстері қандай?

Жапырақтарының түсі қандай?

-Балалар,шаршаған боларсындар осы гүлдермен тыныс алу жаттығуын жасайықшы.Мұрнымызбен иіскейміз,

дем шығарамыз.Жарайсындар,енді бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті.

Тіктеп титтей құлағың

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын

Бұзау былай жүреді.

Алға созып мойынын

Ойнақтайды ботақан.

-Балалар енді мына жаққа жүрейік.Міне тоғайға да келіп жеттік.Ал енді қошақанды іздеңдер.Мүмкін тоғайдың астында жатқан шығар.Сендер тапқанша мен сендерге қошақан туралы тақпақ айтып берейін.

Қошақаны қойдың

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің

Қай өрістен тойдың?

Тапқан баланы мақтау.

-Балалар қошақанның түсі қандай?Көзінің түсі қандай?

Қошақанның тағы несі бар екен?

- Шопан ата міне балалардың тапқырлығы арқылы сіздің қозыңызда табылды.

Шопан ата:-Рахмет балалар,мен үйге барайын,апаларын іздеп жатқан болар.Мына құртты сендерге апаларын беріп жіберді.Сау болыңдар.

-Ал енді балалар келген жолымызбен тобымызға қайтайық.

Көктем.


Амандасады.

Көмектесетіндерін айтады.


-Тас.

Ән айтады.

Киіз үй,үй жануарлары.

Айтады.



-Өзен.

Қай үй жануарының дауысы екенін айтады.


Қызыл,ақ.

Жасыл.

Орындайды.


Қимыл-қозғалысын келтіріп орындайды.

Қошақанды іздейді.



Қошақанды сипаттап айтады.

Топқа қайтады

Рахмет айтады.

Қоштасады.

Рефлексиялық -түзетушілік

-Балалар,жарайсындар. Бізге бүгін кім келіп көмек сұрады?

- Біз көмектестік пе?

-Атаға көмектесу үшін не істедік?

-Балалар,сендерді аналарын қалай еркелетеді?

Сендерді аналарын ботам,құлыным, қошақаным деп еркелетеді ғой-деп, балаларды мақтап,жұлдызшалар тарату.

Балалардың жауабы.


Күтілетін нәтиже:
Біледі: үй жануарларын, олардың төлдерін атайды.
Түсінеді: Үй жануарларының адамға пайдасын,оларды дауысынан ажыратуды.
Меңгереді: Жануарларға сүйіспеншілік сезіммен және қамқорлықпен қарауды.

© 2010-2022