Оқу іс әрекетінің технологиялық картасы Нан дастарханымызға қалай келеді?

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құлыншақ» ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

Технологиялық картасы

Күні:_______

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Нан дастарханымызға қалай келеді?

Мақсаты: Нанды қадірлеуге үйрету. Нанның дастарханға қалай келетінін айтып,оған көптеген адамдардың еңбегі арқылы келетіндігін түсіндіру.

Білімділігі: Нан туралы нақыл сөздерді ұғынуға жаттап алуға дағдыландыру.

Дамытушылығы: Бақылағыштығын,қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Еңбек адамдарын сыйлай білуге,әрбір адам нанды үнемді пайдалана білуіне тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңігімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері: нанның түрлері, дәнді дақылдар, комбайн, диірменнің суреттері.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

-Келіңдер, балалар, біз шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге күлкімізді сыйлайық.

Қуан, шаттан, алақай!

Қуанатын күн келді.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Балалар шеңбер құрады. Өздеріне таныс өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

Ұйымдастыру -іздену

-Балалар, дастарханымызға нанның қайдан келетінін білесіңдер ме?

-Нан неден жасалады?

-Ұнды қайдан аламыз?

-Бидай қайда өседі?

-Оны кімдер және қалай өсіреді екен?

-Ал, балалар , енді мына ыдыстарды ашып қарайық, не бар екен?

-Дәндер бар екен. Ия, балалар, бұл кешегі күз мезгілігдегі жиналған дәндер. Міне, мынау күнде жеп жүрген тары. Ал, мынау - арпа. Ал, мыналар қара бидай мен ақ бидай.

-Балалар, бидайдан не алынады?

-Дұрыс бидайды диірменге тартып ұн жасайды. ----Ал, ұннан не пісіреді?

-Өте жақсы, енді осы дәндердің бізге қалай жеткені туралы білуіміз үшін , компьютерге назар аударайық.

Сурет бойынша әңгімелеу.

-- Көктемде диқандар жерді трактормен жыртып, жерге тұқым себеді. Одан егін өніп шығады. Жаз бойы оны суарып, күтіп баптайды. Ал, күзде егінді комбайнмен орып, машинаға тиейді. Жүргізушілер машинамен астықты қабылдау орындарына жеткізеді. Ол жерде бидайдан ұн дайындалады. Ұндарды наубайханаларға таратады. Наубайханаларда ұннан неше түрлі нан пісіріледі. Ал, ертеңіне сол нандарды дүкен сөрелерінде көреміз. Мұның бәрі адамдардың еңбегі. Соншама еңбек сіңірілетін нанды барынша қадірлеуіміз керек.
- Балалар, ұннан наннан басқа да тағамдар, өнімдер жасалады.

Сергіту сәті:

- Балалар, осы бидайға, нанға байланысты не білесіңдер?

«Қайдан келдің, бауырсақ?» ертегісін тәрбиеші көмегімен балалар сахналайды.
-Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
- Қайдан келдің, бауырсақ? - деп сұрады қуыршақ.
- Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
- Дүкенге келдің қай жақтан?
- Наубайдан келдім нан жапқан.
- Наубайға келдің қай жақтан?
- Диірменнен келдім ұн тартқан.
- Диірменге келдің қай жақтан?
- Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

Дидактикалық ойын « Нан пісірейік»

Нан пісірудің ретін еске түсірейік.Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады.Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Ұн алынады.

Нан пісіреді.

Суреттерді қарайды.

Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.

Көлбең,көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Тасып піскен бидайды

Айтшы қалай жинайды?

Комбайнмен бидайды,

Былай-былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан

Оны қалай қорғайды?

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай қорғайды.

Кіш,кіш,кіш

Қорғап қалған бидайды.

Қамбаға әкеп жинайды.

Ертегіні сахналайды.

Тақпақ, мақал-мәтелдер айтады.


  • Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті. (Айбек)

  • Күз дәнімен көрікті,

Қыс қарымен көрікті. (Мансұр)

  • Ас - атасы нан. (Елнұр)

Рефлексивті түзету

Тәрбиеші: Міне балалар бір үзім нан жеу үшін қаншама еңбек ету қажет екен. Нан біздің дастарханымызға үлкен еңбекпен келеді. «Нан» біздің еліміздің негізгі байлығы оны қастерлеп, әрқашанда құрметтеуіміз керек.

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ертегінің сахналауды ,нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын білу;

Игеру керек: Нанды қастерлеу керектігін түсіну.

Меңгеру керек: Көрнекі құралдарды пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру;

© 2010-2022