Тіл дамыту пәнінен өткізілген ашық сабақ. Тақырыбы: Үй құстары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ

Бекітемін:

Мектеп директорының м/а :В.С.Омарова

«4» наурыз 2015 жыл



Кіші орталық және даярлық топтары әдістемелік апталығында өткізілген ашық сабақ әзірлемесі.

Сабақ: Тіл дамыту.

Сабақ тақырыбы: «Үй құстары»



№2даярлық топ тәрбиешісі: А.М.Семсенова





Қалбатау ауылы,2014-2015 оқу жылы

Күні: 4.03.2015 жыл.

Сабақ: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: «Үй құстары»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Үй құстары,олардың қандай түсті болатыны,адамға қандай пайда әкелетіні,қайда өмір сүретіні,немен қоректенетіні,олардың қалай дауыстайтыны туралы,құстардың отбасы мүшелерін атай білуге үйрету. Жоғарыда аталғандарды орыс тілінде де айта,қолдана білуге дағдыландыру. Әртүрлі пәндерді пайдалана отырып,балаларды топ -топқа бөліп топтық жұмыс жасауға үйрету.

Дамытушылық: Балалардың бойындағы есте сақтау,ойлау,қиялдау дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Балаларды топпен жұмыс істей болуға,дсшыл,ұйымшыл болуға тәрбиелеу.шапшаңдыққа,жылдамдыққа баулу.Үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес, аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа білім,білік-дағдыны қалыптастыру.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Оқыту технологиясы: АКТ,денсаулық сақтау,топтық жұмыс технологиялары элементтері.

Пәнаралық байланыс:Тіл дамыту, математика, сауат ашу,орыс тілі,мүсіндеу,айнала қоршаған дүниемен таныстыу,экология.

Көрнекіліктері: шүрегейлер суреті,күннің суреті,слайдтар,сыйлықтар,сабақ қонағы - шүрегей.

Сабақ жоспары:

Кіріспе бөлім:

1/Ұйымдастыру

2/Мотивациялық қозғаушы кезең- «Миға шабуыл» стратегиясын қолдану

3/ Сабақтың мақсаты-міндеттерімен таныстыру

1/ Ұйымдастыру:

Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме,балалар! Қане балалар кабинетімізге айнала көз жүгіртіп қарайықшы. Бүгін барлығы ерекше- кабинетіміз әдемі безендірілген, бізге бүгінгі ашық сабағымызға арнайы қонақтар келіп отыр.

-Балалар , қазақ халқы өте қонақжай халық. Біз қонақ келсе төрімізге отырғызып күтетін халықпыз, солай емес пе, балалар? Онда барлығымыз орнымыздан тұрып қонақжайлылығымызды,достығымызды білдіріп шаттық шеңберін шеңберге тұрып жасайық:

Шаттық шеңбері:

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

2/ Мотивациялық-қозғаушы-«Миға шабуыл стратегиясы»

-Балалар қазір қай жыл мезгілі?

-Көктем айларын атап кетейік.

-Қазір қай ай?

-Аптаның қай күні?

-Бүгінгі ауа-райы қандай,балалар?

3/ Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру: - Балалар,қазір бізде тіл дамыту сабағы. Бүгін біз осы сабақта топтарға бөлініп,топта жұмыс жасаймыз.Топтық жұмыс - бізді топпен жұмыс жасай білуге,ұйымшыл, досшыл болуға үйретеді.Бүгінгі сабақта 4 сабақты пайдаланып сол сабақтар бойынша бүгінгі өтетін тақырыпты пайдалана отырып сабағымызды өткіземіз.

Топтармен таныстыру:

1 - топ - «Тіл дамыту тобы»:

1)Айым

2)Әли

3)Мая

4)Дильназ

5)Әнел

2 - топ - «Сауат ашу тобы»:

1)Абзал

2)Дилана

3)Нурасыл

4)Жалғас

3 - топ - «Орыс тілі тобы»:

1)Санжар

2)Аружан

3)Аблайхан

4)Зере

4 - топ - «Математика тобы»

1)Қамбар

2)Айсана

3)Ерұлан

4)Айназ

Осы кезде есікті тоқылдатып сыныпқа бақылдап шүрегей кіреді.

Тәрбиеші: - Балалар біздің топқа қонақ келіп қалыпты.Бұл келген не?

  • Шүрегейдің мынадай сұрағы бар екен?

Шүрегей :-Балалар,сендер үй құстарын білесіңдер ме?

Балалар: - Иә,білеміз.

Шүрегей: - Олай болса мен бүгін сендердің үй құстары туралы білімдеріңді сұрақтар қою арқылы,тапсырмалар беру арқылы тексеруге,білімдеріңнің қандай дәрежеде екенін көруге,сабақта өздеріңді қалай ұстайтындарыңды көріп - білуге келдім.Балалар мен құр қол келген жоқпын,сендердің әрбір дұрыс жауаптарыңа мынадай шүрегейдің суретін беріп отырамын және де сабақтың соңында сендерге деген сыйлықтарым да бар.

Тәрбиеші:-Қане онда сабағымызды тезірек бастамаймыз ба,?

Балалар: - Әрине.

2. Негізгі бөлім.

Сұрақ - жауап түрінде балалардың үй құстары туралы білімдерін нығайта түсу:

1/ Жаңа сабақ

Шүрегейдің 1-ші тапсырмасы:

  1. Үй құстарына нелер жатады?

  2. Үй құстары қайда өмір сүреді?

  3. Үй құстарының дауысын келтір:

Тауық қытқылдайды;

Әтеш шақырады;

Үйрек бақылдайды;

Қаз қаңқылдайды;

Күркетауық құрқылдайды;

  1. Үй құстары немен қоректенеді?

  2. Үй құстарының пайдасын айт.

  3. Есіңе түсіріп үй құстарының отбасы мүшелерін ата:

Әтеш - тауық - балапан

Петух - курица - цыпленок;

Ата қаз - ана қаз -

Гусь - гусыня - гусенок;

Ата үйрек - ана үйрек - шүрегей

Селезень - утка - утенок;

Ата күркетауық - ана күркетауық - күркетауық балапаны

Индюк - индюшка - индюшонок

Тәрбиеші:-Шүрегей ханым,біздің тіл дамыту және орыс тілі топтары балаларының сізге арнаған тақпақтары бар екен соны тыңдайық.

Айым:

Қазым,қазым,қаңқылда,

Суда жүзіп саңқылда,

Арпа - бидай шашайын,

Тойып алып қаңқылда.

Әли:

Мен әтешпін,әтешпін,

Жалқаулармен аразбын,

Таңды қарсы алып,

Елді оятам жар салып.

Мая:

Шұбар тауық,ақ тауық,

Бола көрме қақсауық.

Жерден азық тап,

Шөжелерді бақ.

Дильназ:

Сенің атың балапан,

Менің атым балақан.

Балапандар шоқуда,

Балақандар оқуда.

Санжар:

По лужку он важно бродит,

Из воды сухим выходит.

Носит красные ботинки,

Дарит мягкие перинки.

Зере:

Квохчет,квохчет,

Детей собрать хочет.

Детей созывает.

Всех под крылья собирает.

Аружан:

Хвост узорами,

Сапоги со шпорами.

Часто распевает,

Время считает.

Сауат ашу тобы сөздерді оқиды:

Тауық,үйрек,қаз,күркетауық.

Математика тобы:

Суретке қарап аулада неше құс жүргенін айту.

Қаз нешеу?

Тауық нешеу?

Әтеш нешеу?

Күркетауық нешеу?

Үйрек нешеу?

Балапандар нешеу?

Барлығы аулада неше құс?

Топтар тапсырмасы:

1 - топ - «Тіл дамыту тобы»

1)Суретке қарап әңгіме құра.

2)Құстарға байланысты тыйым сөздерді айт,мағынасын түсіндір.

2 - топ - «Сауат ашу тобы»

1)Үй құстарын пайдалана отырып сөйлемдар құра.

1)Мәтінді оқы

3 - топ - «Орыс тілі тобы»

1)Составь рассказ по картинке.

2)Рассмотрите домашних птиц и опешите их внешний вид:уточните названия частей тела,расскажите о том где они живут.

4 - топ - «Математика тобы»

1)10-ға дейін тура және кері сана:Жай санмен емес құстарды қасына қойып айтамыз.Мысалы:1 қаз, 2 тауық, т.б.

2)Өрнекті есептеп шығар

Сергіту сәті:

«Көңілді балапандар»

Балапандар басады,

Аяқтарын

Топ - топ - топ!2

Аяқтары шаршаса,

Қанаттарын қағады,

Шарт - шарт - шарт!2

Содан кейін отырып,

Әсем биді билейміз,

Шиқ - шиқ - шиқ!2

Олар қашса егер де,

Ұстай алмас ешкім де.

3.Бекіту.

4 - ші артық ойыны, игра 4 - й лишний:

Қаз - әтеш - күркетауық - үкі

Гусь - петух - индюк - сова;

Әтеш - қарға - тауық - үйрек

Петух - ворона - курица - утка;

Балапан - үйрек - тауық - көгершін

Цыпленок - утка - курица - голубь;

Лақ - шүрегей - балапан -

Козленок - утенок - цыполенок - гусенок.

Жұмбақ шешу:

1)Баласын ертіп соңына,

Сүңгіп,жүзіп үйретті.

Су жұқпайтын тонына,

Кім білмейді ... (Үйректі)

2)Бұрап қойған сағаттай,

Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)

3)Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап. (Қаз)

4)Күн батса қонақтап қалғыған,

Таң атса жерден жем аңдыған.(Тауық)

4.Қорытынды:

Сабақты қорыту сұрақтары:

-Бүгінгі тіл дамыту сабағында біз қандай тақырыппен таныстық?

-Үй құстарын ата.

-Үй құстары қайда өмір сүреді,немен қоректенеді?

-Қандай пайдасы бар?

-Орыс тілінде үй құстарын атап өт?

-Біз бүгін сабақта не істедік?

Рефлексия:

Тәрбиеші:-Балалар,сендерге сабақ ұнады ма?Ұнаса мына күнді оң қолдарыңа киіп алып сабақтың ұнағанын көрсетіңдер,ал ұнамаса күнді бармаққа кигізіп көрсетпейміз.

-Балалар, бүгін бізде сабаққа қонақтар ,шүрегей келді.Оларға сабағымыз , біздің біліміміз,тәртібіміз ұнады ма,жоқ па соны білейік?

-Қонақтар сіздерге ұнаса мына күлімдеген күнді оң саусақтарыңызға кигізіп көрсетіңіздер.

Слайдта үйрек пен шүрегей күшті деп көрсетіп тұрады.

Шүрегей : - Сабақтарыңызға рахмет,сендер білімді әрі тәртіпті бала екенсіңдер,менің сендерге сыйлығым бар соны таратайын.

Шүрегей сыйлықты таратып болып:- Қош,сау болыңдар,сабақтарыңда жақсы оқып,үлкен ақылды,мықты бала болып өсе беріңдер!-деп кетеді.

Балалар: -Саубол,шүрегей!



© 2010-2022