Тәрбие сағаты Тәуелсіз Қазақстан

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Тәуелсіз Қазақстан

«Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік»

Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Бастаушы; Құрметті әріптестер,балабақша бүлдіршіндері, бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып
қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды назарларыңызға ұсынамыз.

21 жыл болды күн шыққалы,Шығыстан

Арайлап ат,алтын арай,күміс таң

Қазақстан Ғажапстан болады

Қазақстан-күні ертеңгі Гүлістан.

-Балалар біз қай мемлекетте тұрамыз?

-Қазақстан мемлекетінде.

-Біздің елбасымыз кім?

-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Алтынбек:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Үшқоңыр ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.

Тәуелсіздік туын қолға алғалы,

21 жыл күткен бағы жанғалы,

Елбасымыз-Нұрсұлтандай елбасы,

Келер күнге нықтап ізін салғалы.

-Қазақстан республикасының рәміздері дегеніміз не?

-Елтаңба,Ту,Әнұран.

-ҚР мемлекеттік әнұран авторлары кімдер?

-сөзі:Н.Назарбаев. Жұмекен Жәжімиденов.Әні:Ш.Қалдаяқов.

-Елтаңба авторы?

-Жандарбек Мәдібекұлы,Шота-Аман Уәлиханов.

-ҚР мемлекеттік тудың авторы:?

-Шәкен Ниязбеков.

-Елтаңба туралы мәліметті:

Нұрсәт :

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк елтаңба - Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Елтаңба негiзi - шаңырақ. Ол -елтаңба жүрегi. Тұлпар - дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi,

Бес бұрышты жұлдыз елтаңба тәжi iспеттi.

Тәуелсіздік - Бақ туын.

Қолға ұстаған сәт бүгін,

Болсын дәйім шат күнім.
Ту туралы мәлімет:

Еркеназ:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран

бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста - ұлттық

оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек - алтын түстi.

Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Бастаушы:

-ҚР тәуелсіздігі қашан жарияланды?

-1991 жылы 16 желтоқсанда.

Ақжан:

Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.

Арсен:
Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры

Қарақа:

Туға мойын бұрамыз

Елтаңба деп тұрамыз

Әнұран боп асқақтар

Біздің елдік рәміз.

Ербол:
Бостандығым тұңғыш рет,
Аққанатын қаққан күн.
Әже әлдилеп немересін,
Басы айналған бақтан күн.
Данара:

Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Балтөре:
Балабақша серпін нық,
Көкке атады бөркін жұрт.
Тәуелсіздік -ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
Халида:

Көк аспанда нұрлы күн

Күлімдейді дала ма

Бақыт тілеп тұр бүгін

Ол барлық пәк балаға.

Бекзат:

Қыста келген бақыт бұл,
Қыспай берген жақұт нұр.

Аппақ қардай пейілін
Әлемге елім шашып тұр.

Надежда:

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімні

Ертарғын:

Аласармас аспанымда,

Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.

Айерке:

Тәуелсіздік көркі ол да

Өркениет өрінде

Нұр төгеді Елтаңба

Ақ Орда төрінде

Ерген:
Тәуелсіздік - ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Аругүл:

Барша халық таныған

Біздің үміт тілекті

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі

Азамат:

Өз меншігің
Тау, дала
Көкке өрле, самға да!
Сену,
Келу тәубаға!...
Гүлдана:
Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар-ай
Арнұр:

Желбірейді шалықтап

Қазақстан жалауы

Көкте қыран қалықтап

Қанат қағып барады.

ЕркеназМ:

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы

Жетіп бізге шетелден

Көкке әнұран шалқиды

Ахад:

Егеменді ел бақыты ертеңгі,
О, халайық Құтты болсын қуаныш!

Нұрай.Ғ:

Әнұраным - жанұраным,

Айтар әнім- сөйлер сөзім,

Туған жерім - сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраным

Марғұлан:

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайратты

Бәрімізді мәз қылып

Жаңғыртады аймақты

Нұрай.С:

Шықты тарап ой данадан

Бері қарады, жұлдыз беті

Өзі қалап сайлап алған,

Елімнің бар президенті.

Ғаламат:

Өзіндікі, туын да,

От пен ауа, суын да

Жаса Қазақстаным!

Белді, бекем,будың да.

Ернұр:

Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-данам тілі-өз тілім,

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Нұрсәт.С:

Астананың жарқырап шамшырағы,

Достарын қаншама рет қарсы алады.

Қазақстан халқына бақыт боп,

Астананың шашылып бар шуағы.

Нұриман:

Бабам тұпар жаратты

Құлынында танып-ақ

Тұлпар бар да қанатты

Шайқалмайды шаңырақ

Мейірбан:

Ұлттық өрнек мұрамыз

Адастырмас мұраттай

Нық көтеріп тұрамыз

Жалауды біз құлатпай

Бастаушы:
Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.

Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтағын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Олай болса еліміздің болашағы сендерсіңдер балалар. Отанды сүюге, қорғауға әрқашан дайын болыңдар!

Осымен құрметті қонақтар естиярлар тобының дайындаған «Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Әнұран жіберіледі.

Тыңдағаңдарыңызға көп-көп рахмет.











«Қарлығаш»балабақшасы.






Дайындаған:Магданова.Г


2012ж



© 2010-2022