Урок по окружающей среде на тему: үй жануарлары

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Балаларды үй жануарларымен таныстыру. Оларды бір-бірімен салыстыра білуге, төлдерді атай білуге, күтіп, баптауға үйрету.

Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері

Әдіс-тәсілдері: көрсету, тусіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

- Балалар, біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелейміз. Сендер қандай үй жануарларын білесіңдер?

- Сиыр, түйе, жылқы, қой.

- Дұрыс айтасыңдар.

- Балалар, мына суреттегі нелер?- Үй жануарлары.

- Үй жануарларына нелер жатады?- Сиыр, түйе, қой, ешкі, жылқы.

- Оларды бір сөзбен қалай айтамыз?- Төрт түлік.

- Үй жануарлары немен қоректенеді?- Шөппен, жеммен, сумен.

- Үй жануарлары адамға не береді?- Сүт, май, ірімшік, жүн т.б.

Дидактикалық ойын: «Жануарлар қалай дыбыстайды?»

Ойынға қатысушылар өздерінің білгенінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады.кім көп білсе, сол жеңеді.

- Сиыр мөңірейді, қой маңырайды.

-Жылқы кісінейді, түйе боздайды т.б.

Жақсы,балалар, енді жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер.

Жұмбақтар шешу:

Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. (түйе)

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар(қой)

Балалар,тағы бір ойын ойнайықшы. Қазір біз, біреуіміз енесі, біреуіміз төлі боламыз(маскаларды бастарына кигізу).Олай болса сен Әлібек сиыр боласың, Таир түйе болады, сен Мирас жылқы боласың, Томирис ешкі боласың, ал сен Дарина қой боласың. Енді сендер төлдері боласыңдар.

Олар: Азиза-бұзау, Сұлтан-құлын, Иззат-лақ, Самир-қозы болады.

Тәрбиеші: Кәне, сиыр ортаға шыға ғой. (сиыр ортаға шығады)

-Балалар, сиыр төлін қалай шақырады?

Балалар: Сиыр мөңірейді(бұзау барып енесінің жанына тұрады)

Тәрбиеші: Дұрыс, жылқы төлін қалай шақырады?

Балалар: Жылқы кісінейді (ойын жалғаса береді)

Тәрбиеші: Қой мен ешкі төлін қалай шақырады?

Балалар: Олар маңырайды

Тәрбиеші: Дұрыс, ал түйе төлін қалай шақырады?

Балалар: Түйе баласын боздап шақырады.

Тәрбиеші: Рахмет, балалар, орындарыңа отырыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, майды не береді?

Балалар: Майды сиыр береді.

Тәрбиеші: Дұрыс, жылқы не береді?

Балалар: Жылқы қымыз береді.

Тәрбиеші: Ешкі не береді?

Балалар: Ешкі сүт береді.

Тәрбиеші: Түйе мен қой не береді?

Балалар: Түйе мен қойдың жүнінен киім тоқиды.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар, енді осы тағамдарды ас үйге апарайық.

Қорытынды: Балалар біз бүгін үй жануарларымен, олардың төлдерімен таныстық, олардың пайдасымен таныстық. Сендер бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар, өте жақсы, жарайсыңдар.

© 2010-2022