Тәрбиешімін. Жұмыскер жай адаммын. Жас өренге мейірі бай адаммын. Космос ашқан жанкешті болмағанмен, Ұстаз деген атаққа сай адаммын

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Оқу құралдары»

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік

  • Балаларға оқу құралдары туралы мәлімет беру және оларды У, Ү дыбыстарымен таныстыру:

  1. Дамытушылық

  • Оқу құралдары туралы түсініктерін, сөздерді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру, балалардың ойлау қабілеттерін дамыту:

  1. Тәрбиелік

  • Балаларды оқу құралдарын ұқыптап, таза ұстауға тәрбиелеу:

Сабақтың әдістері: қайталау арқылы жаттығу,сұрақ-жауап, көрсету.

Сабақтың көрнекіліктері: мектептің, оқу құралдарының суреттері (сурет дәптері, қарындаш, қаламсауыт) және қоржын.

Меңгерілетін сөздер: сурет дәптері, қарындаш, қаламсауыт, күнде.лік.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Шаттық шеңбері»

Қайырлы таң, көк аспан!

Қайырлы таң, жер ана!

Қайырлы таң, қонақтар!

Қайырлы таң, достарым!

2. Фонетикалық жаттығулар

Аш-аш-аш- қарындаш

Лік-лік-лік - күнделік

Рі-рі-рі- сурет дәптері

3.Жаңа сабақ



  • Балалар қазір бізде қандай сабақ? (Ребята, сейчас у нас какой урок?)

  • Қазақ тілі сабағы (Казахский язык)

  • Сабаққа дайынбыз ба, балалар?(Ребята, вы готовы к уроку?)

  • Дайынбыз (Да, готовы)

  • Ендеше, мына суреттерге қарайықшы, нелерді көріп тұрсыңдар?(Что вы видите на этом рисунке?)

  • Қарындаш, қаламсауыт, күнделік, сурет дәптері (карандаш, пенал,дневник,альбом для рисования)

  • Иә, дұрыс айтасыңдар балалар! Біз осы оқу құралдарымен жазамыз, әдемі сурет саламыз (Да ребята,правильно говорите. Мы будем работать этими учебными материалами, нарисуем красивые рисунки)

  • Балалар, қараңдаршы біздің қоржыннан әдемі әуен естіледі, бұл не деген ғажап! Қоржынды ашып көрейікші. (Ребята, вы слышите, из коржына издается красивая мелодия, давайте подойдем и узнаем, что ж в нем )

  • Балалар, сиқырлы қоржында хат жатыр, ал хаттың ішінде жұмбақ бар екен, біз осы жұмбақтың жауабын шешу керекпіз (Ребята,в волшебном коржыне лежит письмо, а в письме загадка, которую нам необходимо разгадать)

Жұмбақ:

Жаза- жаза жалықпаған

Сурет салып шарықтаған

  • Балалар, бұл жұмбақтың жауабы не? (Ребята,угадайте загадку)

  • Қарындаш (карандаш)

  • Жарайсыңдар! Осы өткен оқу құралдарын әрқашанда ұқыптап, таза ұстауымыз керек. Сонда біз нағыз әдепті балалар боламыз.( Молодцы!Если мы будем аккуратно с этими учебными материалами, то вы тогда станите самыми вежливыми детьми)

Сөздік жұмыс

Сурет дәптері- альбом для рисования

Күнделік- дневник

Қаламсауыт- пенал

4.Сергіту сәті

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп

Бір отырып, бір тұрып

Біз тынығып алайық!

5.Жекелей жұмыс (әр оқушы кезекпен)

- Балалар, оқу құралдары бізге не үшін керек?

- Жазып, сурет салу үшін

- Оларды қалай ұстауымыз керек?

- Ұқыптап, таза ұстауымыз керек

6. Сабақты қорыту

- Балалар, қазір біз сабағымызды қорытындылау үшін «Не артық?» ойынын ойнаймыз. Мақсаты: Баланың жалпы ойлау қабілеттерін, есте сақтау және зейінін дамыту. Ойынның шарты: Үстел үстінде әр- түрлі заттар (қарындаш, күнделік,сызғыш, доп, кітап, ойыншық, қасық ) тұрады. Осылардың ішінен оқу құралдарын тауып, артық заттарды алып тастау керек.

7.Бағалау

Жақсы жауап берген балаларды мадақтап, әдемі мақтау қағаздарын беру.





© 2010-2022