Технологиялық карта түрінде сабақ жоспары. Көркем әдебиет сабағы. Тақырыбы: Алтын күз. (Ғ. Қайырбеков)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы:Алтын күз. (Ғ.Қайырбеков)

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Балалардың күз туралы білімін қалыптастыру. Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру. Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Табиға қамқор болуға, оны аялауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы: сары алтындай жайқалған, жиын-терін, берекелі күз, жомарт күз.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Күз мезгілінің суреттері. Бақшадағы көкөністер, баудағы жемістер суреттері.

Әдіс-тәсілдер: Сүрақ-жауап, әңгімелеу, тыңдау.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің

іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жағымды

жағымсыз

Мотивация-лық-қозғау-шылық

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол үстасып, дөңгелене тұрайық.

Шеңберде дөңгелене тұрады.

Ұйымдас-тыру-іздес-тіру









Рефлексия:

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайық.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күз неше айдан тұрады?

  • Күзді неге «алтын күз» деп атайды?

Ойын: «Табиғат мейірімді».

Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

  • Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).

  • Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді)

Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақ өседі, көкөністер бақшада өседі.

Жемістер мен көкөністерді ата.

Жемістер: алма, алмүрт, шие, өрік, жүзім, т.б.

Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын,

Сергіту сәті:

(Баяу музыка әуенімен орындалады.)

Бастаушы: Күзде ағаш жапырақтары сарғаяды, жел соғады,ағаштар тербеледі, жапырақтар жерге қалықтап түседі. Аспанды бұлт торлайды, жаңбыр жауады. Түк, түк, түк (дыбыс шығару). Күн жарқырап шықты, біз қуанамыз!

(Балалар қимылмен көрсетеді).

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Ойын шарты: Алма, алмүрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.

Мұғалім балалардан күзгі табиғат көріністі жөнінде сұрайды. Балалардын жауабы тыңдалады.

Жұмбақ шешу.

Жауып жаңбыр, жерде сабыр,

Шөп, жапырақ солады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады? (Күзде)

Қорытынды:

Күзде күн суытады, жауын-шашын көп болады. Айнала сары түске өзгереді, бұл мезгіл «алтын күз» деп айтылады. Балалар мектепке барады. Жиын-терін болады.

Балалардың

жауаптары.


Ойынға ынтамен

қатысады.

«Алтын күз» өлеңімен танысады,жаттайды.


Жемістер мен көкіністерді ажыратып атайды.


Сергіту сәтін орындайды.


Ойын ойнайды.


Жұмбақты шешеді.


Өз ойларын айтады.




Күтілетін нәтиже: Білуі тиіс:Жемістер мен көкөністерді ажырата білуі

Игеруі тиіс:Өлең мазмұнын түсінуі , жаттауы

Меңгеру:Өлеңді жатқа айта алады.

© 2010-2022