Тіл дамыту Жыл мезгілдері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың технолгиялық картасы

Облыс: Қатынас

Бөлім: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жыл мезгілдері.

Мақсаты: Жыл мезгілдері және олардың ерекшеліктері туралы білімдерін тиянақтау.

Міндеті:Жыл мезгілдерінің ерекшелігін айтуға, ойларын толық, нақты жеткізе білуге, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.Жыл мезгілдерін салыстыру барысында табиғаттты сүюге, оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: тақпақ, жұмбақ

Керекті-құралдар: жыл мезгілдері суреттері

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Уәждемелік түрткілік

Шаттық шеңберде

Қайырлы таң алтын күн

Қайырлы таң алтын жер

Қуан шаттан алақай

Қайырлы таң балалар

Балалардың қайталап айтуы, қимылдарды көрсетуі

Ұйымдастырушылық











































Рефлексия

Балалар бүгін бізге қонақтар келді.Білгілерін келе ме кімдер екенін?Ендеше мұқият тыңдандар.

Қазір қандай жыл мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар.

Ал ендеше қазір бізге көктем мезгілі келіп тұр. Қарсы алайық.

Сәлеметсіңдер ме балалар мен көктеммін.

Мен сендерге көктем мезгілі жайлы айтып беремін.

Мінеки көрікті көктем келді.Күн шуағын төкті.Күн жылына бастады.Табиғат оянды.Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.Көктемде күн ұзарып, түн қысқарады.Құстар жылы жақтан ұшып келді.Көктем мерекелері: 22-наурыз-Жаңа жыл мерекесі8-наурыз Аналар мерекесі.

9 мамыр-Жеңіс күні.

Рахмет көктем сен бізге көп мәлімет көктем жайлы айтып бердің Ал біз саған арнап көктем жайлы тақпақ айтып береміз.

Көктем көктем көктемде

Күн шуағын төккенде

Күлім-күлім қағамыз

Ойнап асыр саламыз.

Ал мен сендерге жұмбақ жасырайын

Қар, мұз еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Бүршік шашып

Жапырақ ашып,

Гүл бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Дұрыс айтасыңдар.

Көктем кел бізбен бірге отыр.

Ал канеки балалар тағы да бір қонағымыз келіп тұр.Қарсы алайық.

Сәлеметсіңдер ме балалар.Мен күзбін.

Мен сендерге күз жайлы айтып беремін.

Күз келді.Күзде күн суытады.Жапырақтар сарғаяды.Жаңбыр жиі жауады.Суық жел соғады.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Жеміс-жидек жиналады.Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

Рахмет саған күз.

Ал біз саған арнап күз туралы тақпақ айтып береміз.

Алтын сары, қызыл, көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап

Жапырақты бояды

Атырапты бояды

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады

Аяқсыз жетіп барады

Қолсыз есік қағады

Жарайсыңдар балалар дұрыс шештіңдер.

Сергіту сәті

Ал канеки тағы да қонағымызды қарсы алайық.

Сәлеметсіңдер ме балалар.

Мен қыспын.Мен сендерге қыс жайлы айтып беремін.

Қыс келді.Қыс-суық жыл мезгілі.Қар жауады.Боран борайды.Дала аппақ.Адамдар жылы киім киеді.Терезеде қырау тұрады.Өзен, көлді мұз басады.Балалар сырғанақта коньки тебеді.Аққала жсайды.Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.Рахмет саған қыс сен бізге қыс жайлы көп мәлімет айттың.

Біз саған арнап қыс туралы тақпақ айтып береміз.

Қыс келді қыс келді

Ақтарып ақ қарды

Жол аппақ түске енді

Аралап қайтайық

Ақ күміс бақтарды.

Ал балалар қыс жайлы кім жаңылтпаш біледі.

Дала аппақ

Қар аппақ

Бәрі аппақ

Қарап бақ.

Мен сендерге жұмбақ жасырамын мұқиият тыңдандар.

Қыста ғана болады

Ұстасан қолын тоңады

Ол не?

Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ тістеп алады

Ол не?

Жрайсыңдар балалар дұрыс айтасыңдар.

Ал енді бізге қонаққа кім келді көрелік.

Сәлеметсіңдер ме балалар.Мен жазбын.

Мен сендерге жаз туралы айтып беремін.

Алақай, жайдары жаз келді! Жаз-жылдың ең ыстық мезгілі.Жазда біз суға шомыламыз, жүземіз, күнге қызынамыз, жалаң аяқ жүреміз.Жазда айнала толған гүл.Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

Рахмет саған жаз.Біз саған арнап жаз туралы тақпақ айтамыз.

Алақай-ау, алақай

Жарқыраған жаз келді.

Өлкемізге әр юерді

Айналамыз жап-жасыл

Жазбен бірге ән келді.

Ал кім жыл мезгілдері жайы мақал-мәтел біледі.

Жаз береген

Күз алаған.

Ақ қар көп болса

Ақ нан көп.

Сергіту сәті

Ал канеки балалар қонақтарымызға рахмет атайық.Бізге келіп көп мәлімет айтқандары үшін бір ән арнайық.

Біз бақытты баламыз.

Осымен сабағымыз аяқталды.Рахмет.

Иә


Көктем мезгілі.


Сәлеметсіз бе көктем





Мұқият тыңдауы

Алғыс айтуы.


Қайталап айтуы



Сәлеметсіз бе көктем.

Көктем.




Мұқият тыңдауы




Қайталап айтуы

Күз.

Күн.

Жел

Қимылдарды көрсетуі

Сәлеметсіз бе қыс.



Мұқият тыңдауы








Қар

Аяз


Сәлеметсіз бе жаз.


Мұқият тыңдауы


Мұқият тыңдауы




Алғыс айтып, ән арнауы.


Күтілетін нәтиже:

Білу: Жыл мезгілдері, әр жыл мезгілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін біледі.

Болу: Табиғатты сүю және қамқор болу.

Жасай білу: Жыл мезгілдері туралы түсініктерін кеңейтіп меңгерді.Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдыланды.


© 2010-2022