Ғажайып дорба балабақшаға арналған

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Вариативтік

Бөлімі : Дамыту ойындары

Тақырыбы : "Ғажайып дорба"

Мақсаты : Балаларға қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту , көкөністер жайлы білімін тереңдету . Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру , сөздігін байыту , жалпы ой-өрісін дамыту , байқағыштыққа тәрбиелеу .

Көрнекілігі : Көкөністер салынған дорба , суреттер

Биллингвальды сыңары : Көкөністер - овощи

Әрекеттер кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

"Күзде"

Алма пісіп , алмұрт түсіп ,

Күзде бақтар жайнайды .

Құстар қайтып , қош айтысып ,

Қимас үнмен сайрайды .

Балалар шеңберге жиналып , өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды .

Ұйымдастырушы ізестіруші

Балалар қазір қай мезгіл ?

Күз мезгілінде нелер піседі ?

Көкөністерге нелер жатады ?

Ендеше балалар мына "Ғажайып дорбада" көкөністер бар . Сендер кезекпен келіп дорбадан қолдарыңды шығармай сипалап сезу арқылы көкөністі таңдап алып , сол көкөністің атын атап және одан не жасауға болатыны туралы әңгімелеп бересіңдер .

Биллингвальды сыңары : Көкөністер - овощи

Күз мезгілі .

Жемістер мен көкөністер піседі .

Қияр , қызанақ , пияз , картошка , сәбіз , асқабақ , т.б .жатады .

Балалар кезекпен дорбадан көкөністерді алып , атын атап , не жасауға болатынын әңгімелеп береді .

Балалар қайталайды .

Рефлекстік - коррекциялаушы

Балалар алған көкөністерін түрлі түсті қағаздан қиып жапсырады .

Көкөністерді желімдеп жапсырады .

Күтілетін нәтиже

Біледі : Көкөністердің аттарын атауды ;

Игереді : Көкөністерді сипалап сезу арқылы ажыратуды ;

Меңгереді : Көкөністердің суретін қиып жапсыруды ;



© 2010-2022