Бәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспарыБәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспарыБәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспарыБәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспарыПәннің аты

Уақыты:04.03.2016 ж

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бәрінен де жақсы. Мәтін

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға мәтін жайлы түсінік беру. Мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жетелеу, оқу-жазу дағдыларын жетілдіру. Оқушыларды инабаттылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабағы

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: сызба.

Психологиялық ахуал

1.Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

кішіге де сіз,

Сәлем бердік баршаңызға

2. Топқа бөлу

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

гүлдер арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасы

Өткенді қайталау.

116-жаттығу. Өлеңді жатқа сұрау.

Өткен тақырыпқа байланысты ереже сұрау.

  1. Сөз дегеніміз не?

  2. Буын дегеніміз не?

  3. Тасымал дегеніміз не? мысал келтір.

  4. Қазақ тілінде қанша әріп бар

3-4 оқушыдан

Қызығушылықты ояту

Балалар, бүгін біздің сабағымызға «Негештен» хат келіп қалыпты. Бірақ хатта айтылған ой түсініксіздеу, сөйлемдердің орны ауысып кеткен сияқты.

3. Сондықтан мен анамды жақсы көремін. 1. Менің анам өте мейірімді. 2. Ол мені жақсы бала болып өсуімді қалайды.

Оқушылар берілген сөйлемдердің орнын ауыстырып оқиды. Осы тәрізді бірнеше мысал арқылы сөйлемдердің өзара мағыналық байланыста айтылуынан мәтін құралатыны байқатылады.

Сөздер Сөйлемдер Мәтін.

Мағынаны тану

Мәтіннің үш бөлімі болады:
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

119-жаттығу.

  1. Мәтінге қатысты мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

  2. Автор туралы түсінік беру. Кластер әдісі.

педагог

Жазушы Ы.Алтынсарин Балалар

әдебиетінің атасы

1841-1889 ж Қостанай облысында

дүниеге келді

2. Мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

3. Мәтінді оқушыларға тізбектетіп оқыту.

4. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтармен тапсырмалар:

- Мәтінде не туралы айтылған?

- Кішкене қыз анасы туралы не айтты?

- Өз анаң туралы әңгімеле.

- Ана туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?

Сөздік жұмысы:

Топты адам - көп адам

Жұбатып - жылағанның басу.

Сергіту сәті

Нөсер жаңбыр жасау

Ой толғаныс

-балалар қазір қай мезгіл?

Бізге қандай мереке келе жатыр?- 8 наурыз аналар, қыздар мерекесі.

Бәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспары

Ал енді оқулықтағы 120 жаттығуға көңіл бөлейік. «Ақ мамам» өлеңінің тақырыбымен жұмыс.Алда келе жатқан мерекені сұрау -Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқытқызу және хормен оқыту.

-Дәптерлеріне көшіріп жазу

Үйге тапсырма

мазмұндау 121 -жаттығу Ребусты шешу.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспары

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Тексерілді___________________











Сабақтың тақырыбы: Қоғам. Отбасы -шағын қоғам.

Сабақтың мақсаты: 1. Отбасы-шағын екенін, өзінің сол қоғамның бір

мүшесі екенін түсіндіру.

2. Ой-өрісін, сөйлеу тілін сөздік қорын дамыту.

3. Отбасы әдепті болуға, үлкендерді құрметтеуге,

кішілерге қамқор болуға

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, қима-қағаздар.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.

ІІ-топқа бөлу. Түрлі-түсті қағаздар арқылы бөлу.

І-топ: Әке туралы ән айту.

ІІ-топ: Ана туралы ән айту.

ІІ. Білімді тексеру кезеңі:

  • Жыл мезгілдері неге өзгереді?

  • Жер орбитасы деген не?

  • Жер күнді қанша уақытта айналып шығады?

  • Қыспен жаздағы күннің орналасуы қалай болады?

  • Күн мен түннің ауысуы неге байланысты?

  • Жыл мезгілдерінің ауысуы ше?

  • Күн мен түн ауысуына кеткен уақыт қалай аталады?

  • Жердің Күнді айналып шығуына кеткен уақыт қалай аталады?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі:

  1. Тақырыбын мақсатын хабарлау.

  2. Қоғам. Отбасы-шағын қоғам.

ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзіде.

Кіріспе:

-Отбасы деген не?

-Отбасы мүшелері деп кімдерді айтамыз?

Мысалы: Қазақстар Республикасының қоғамы, оның алып жатқан аймағы бар, басқарушысы, халқы бар. Осы қоғамның өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді. Отбасын неге «Қоғам» дейді? Оныңда басшысы бар. Ол не әкесі немесе анасы. Басшы отбасындағы бүкіл шаруаны ұйымдастырады. барлығына қамқор болып, бастарын біріктіреді. Отбасының тұратын мекен жайы, өз табысына қарай шаруасы болады. Отбасы мүшелері шамасына қарай іс атқарады жұмыс істейді, оқиды, үй шаруасы мен айналысады. Барлығының ортақ ісі-отбасының татулығы, әр мүшесінің дамуына жағдай туғызу. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Табысы ортақ. Отбасында «қор» деген бар. Ол қор қалай жиналады деп ойлайсың? (оқушылардың пікірін тыңдау). Отбасындағы ата-ананың ақылыме туған-туыспен қарым-қатынас реттеледі. Қарым-қатынас түрі көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру, ауырып-сырқағанға көмек беру, кәмелетке үлкендерді үйлендіру т.б.адам өз басынан басқада шаруаларға көмек қолын созса ол оның адамгершілігі. Мейрім болған жерде адамдық қасиет болады. Сен көмек қолын созсаң, сағанда керек кезінде көмек қолын созатындар табылады. Осылайша отбасы шағын «қоғамның» жұмысын атқарады.

І-топ. Мәтінді оқу түсінік айту.

ІІ-топ. Жалғастыру, толықтыру.

V. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1. Сұрақтар бұрышы.

  • Отбасын неге «шағын қоғам» дейміз?

  • Отбасында басшы қандай қызмет атқарады?

  • Туыстармен қарым-қатынасты кім реттейді?

  • Үлкен тойлар, соғым басы, шілдехана сияқты тойлардың пайдасы бар ма?

  • Туған-туыстан басқа тағы кімдермен араласады?

  • Өзінің отбасыңа қандай көмек бересің?

  • Отбасыңа кімдер енеді?

  • «Үлкенге көмек» дегенді түсіндір?

  • Отбасының татулығының қоғамға қандай пайдасы бар?

  • «Тіл алғыш» дегенді түсіндір?

2.Суретпен жұмыс:

Әңгіме құрау. І-топ:

ІІ-топ:

  1. Мақал-мәтелдер жарысы:

2-топты жарыстыру.


  1. «Постермен жұмыс» сурет салу.

І-топ:

ІІ-топ:

VІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

-Бүгін не жайлы білдік?

VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 132-133 беттерді оқу, мазмұны.

VІІІ. Бағалау.










Пәні:Ана тілі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәтін туралы түсінік беріп, мәтіндегі негізгі ойды түсінуге жетелеу.Оқу жазу дағдыларын жетілдіру және сөздік қорларын молайта отырып, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:Түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Слайд

Сабақтың түрі:Дәстүрлі

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

-Оқушылармен амандасу.

-Сабаққа даярлығын тексеру.

2.Үй жұмысын тексеру:-Өткен тақырыпты сұрастыру.

-«Сәлем берем үлкенге» өлеңін жатқа сұрау.

-Оқушыларға бір - біріне сұрақтар қойғызу.

1.Атаға қалай амандасасың?(Ассалаумағалайкүм)

2.Көшеде кездескен әжейге қалай амандасасың?(Есенсіз бе,әжей!)

  1. «Сәлеметсіз бе» деп кімдерге амандасасың? (Аға,тәте,көкеге)

4.Сәлемдесу жайлы қандай мақал білесіңдер?

3.Жаңа сабақ.

Сабаққа психологиялық дайындық.

Бір ,екі,үш

Бойға жинап күш

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақ бастаймыз.

Жаңа сабақты бастамас бұрын ребус шешейік.

Ребустың шешімі -(Мәтін)

1.Мәтін туралы не білесің?

2.Мәтін деген неден құралады?

Ендеше біз бүгін Ыбырай Алтынсарин атамыздың «Бәрінен де жақсы» мәтінін өтеміз.

Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болғанӨзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. «Бұл кітапты кұрастырғанда мен, - деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, - біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім». «Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.Оның балаларға арнап жазған көптеген шығармалары бар.Олар; Кел, балалар, оқылық,Қарлығаш,Қарға мен түлкі,Өзен, Өнер - білім бар жұрттар Әңгімелері:Алтын -айдыр, Асыл шөп, Ақымақ дос, Білгеннің пайдасы, Бір уыс мақта, Бай баласы мен жарлы баласы ,Жаман жолдас және т.б

-Мәтіннің тақырыбы бойынша жұмыс.

-«Бәрінен де жақсы» деген сөзді қалай түсінесіңдер?(Оқушылардың ойын сұрау)

-Мұғалімнің мәтінді оқып түсіндіріп беруі

-Сұрақтарға жауап беру.

-Мәтін не туралы?

-Неліктен қыз бала анасын осылай сипаттады?

-Өз анаң туралы әңгімеле?

-Оқушылардың тізбектеп оқуы.

4.Сергіту сәті:Видеоролик арқылы көңілді қимылдар жасау.

Аяқпенен топ-топ-топ,

Алақанмен лоп-лоп-лоп

Бір оңға,бір солға

Айналайық кел мұнда.

5.Дәптермен жұмыс.120-жаттығу.Оқушыларға жаттығудың тапсырмасын оқыту.Не істеу керек екендігін сұрау.

-«Ақ мамам» өлеңінің тақырыбымен жұмыс.Алда келе жатқан мерекені сұрау.

-Өлеңді бір оқушыға мәнерлеп оқытқызу және хормен оқыту.

-Дәптерлеріне көшіріп жазу.

6.Қортынды:Диаграмма арқылы (Балалар өз аналары туралы ойларын жазу)

Бәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспары

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Мәтін

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімдік: Мәтін туралы алғашқы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға үйрету, мазмұнын ашу, мәтін мен сөйлемнің айырмашылықтарына тоқталу, оларды айыра білуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Пайдалы өсімдік туралы түсінік беру, адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
Тәрбиелілік. Өсімдіктің пайдасы жайлы айтып, оны күтуге, жалпы туған жердің табиғатын қорғауға баулу.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Бәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспары

Мағынаны тану

Мәтіннің үш бөлімі болады:
Басы
Негізгі бөлімі
Соңы
Ереже
Мәтін - мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады. Мәтінге ат қоюға болады.

122-тапсырманы орындау

Сергіту сәті

Көп аузынан түспейтін

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым, білгің келе ме?

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың,

Отан - өлкең, астанаң

Отан - аудан ауылың.

Отан - тарих, Отан - тіл,

Жазған елің, ер халқың,

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Ой толғаныс

Қатар өскен дос құсап,

Екi жақта қос бұтақ.

Әрқайсысында

Бiрi қысқа

Бiрi ұзын

Бес бұтақ. (Қол мен Саусақ)

Дәу үңгiрдiң қақпасы,

Жабылады, ашылып,

Жоқ болса да топсасы. (Ауыз)

Бiр беткейде екi көл. (Көз)

Жағасы құрақ,

Мөлдiр суат. (Көз)

Қос дөңгелек мөлдiреп,

Iшiнде бар қарашық,

Алғы жаққа елжiреп,

Қарайды ылғи таласып. (Жанар)

Сөз ұққыш -

Қос тұтқыш. (Құлақ)

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бәрінен де жақсы. Мәтін Сабақ жоспары

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



© 2010-2022