Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі ойынның алатын орны

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

2016 жыл

«Асылай» бөбекжай балабқшасы

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі ойынның алатын орны

Ағылшын тілі маманы: А. Сисенгалиева

«Ойын - бала үшін өмірлік тәжірибе» (М. Жұмабаев)

Ойындарды игеру балаларды жан - жақты болуына зор ықпалын тигізеді. Балалардың оқу іс - әрекетін арттыру үшін ойын элементтерін тиімді пайдалану керек. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ барысында қандай ойын түрлерін қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдалуы керек екендігі назарға алынғаны дұрыс. Яғни, бала тілін дамыту барысында ойын элементтерін қолдана отырып, құзіреттілік тапсырмалар арқылы балалардың өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға арналған бірден - бір таптырмас технология.

Егеменді еліміздің талабына сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу педагогтар еншісінде.

Мектепке дейінгі балаларға тәрбие мен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу, тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, құрастыра сөйлеуге, сөздік қорының молаюына баса көңіл бөлген жөн. Балабақшада балаларды дұрыс сөйлей білу мәдениетіне айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға болады. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.

Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде педагогтің:

  • балалардың сөздік қорларын дамыту;

  • жаңа сөздерді меңгерту;

  • үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады.

Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда педагог өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Сонымен қатар, ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.


© 2010-2022