Технологическая карта Жұбатамын бөпемді

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Құлыншақ» тобында ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттің

техналогиялық картасы 29.01.2014ж

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жұбатамын бөпемді»

Мақсаты: Балалар бойына ұлттық сананы сіңіріп, ата тегі жайлы түсінігін бекіту. Халық мұрасын пайдалана отырып баланы имандылыққа, қайырымдылыққа, бірлікке баулу. Салт-дәстүрдің бүгінгі күнде қолданылуы, пайдасы, сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Бесік жабдықтарының атауымен таныстыру. Ұлтжандылықты, өнегелі сөздерді бойына сіңдіру, бөпегедеген сезімді өз ана тілінде жеткізіп, қамқорлық танытуға тәрбиелеу.

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің

іс - әрекеті

Балалардың

іс - әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы




Шаттық шеңбері.

Қол алысып қане біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тік тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарыңмен бір жүру.

Қайырлы күн, Жер -Ана,

Қайырлы күн достарым!

Сендерді көргеніме қуанамын.

Амандасу рәсімін жасайды.


Балалар орындарына отырады.

Ұйымдастыру-іздестіру




Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміз қызықты болу үшін мен қонаққа әжейді шақырдым.

Әжей: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе? Төрге шығыңыз.

Жылаған бөпенің дауысы естіледі.

Тәрбиеші балалардың көңілін дауысқа аударып, кімнің дауысы екен, білейік, деп дауыс шыққанжаққа қарай жүреді.

Бөпені көріп, оның қасында тұрған бесікке қарайды. Бөпенің жерде ұйықтағысы келмей жатқан сияқты.

Әжей балаларға бесіктің қолданылу тәртібі жайлы түсінік береді..

Бесік жабдықтарының атауларымен таныстырады.

Әже таныстыра отырып, бесікті іс жүзінде пайдалану керектігін көрсетеді. Баланы бесікке жатқызып, балаларға бесік жырын айтуды ұсынады.

Жұбату әндері өте көп, себебі қазақ бар жақсыны балаларға арнаған.

Сергіту сәті.

Балалар әжемен амандасады.

Балалар таңданып жан-жақтарына қарап: жылаған кішкене бөпенің дауысы деп жауап береді. Балалар өздерінің бөпелері туралы әңгімелейді.


Көрпеше, жастықша, қолтықшалар, түбек, шүмек, тартпа баулар, бесік жапқыш.

Әлди-әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін.

Майлыаяқтың құйрығын,

Жіпке тағып берейін.

Тәрбиеші балаларды «Бәйге» ойынын ойнауға шақырады.

Әжей: Бесікке байланысты ырым сөздер

де өте көп.

Ойынның шартын тыңдай отырып, ойынды аяғына дейін ойнайды.

Бірге қайталайды.

Бос бесікті тербетпе.

Бесікті аяқпен теппе.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар енді ойын ойнауға дайындалайық. Әжейдің айтқанын еске түсірейік.

«Тез ойла, сөз ойла» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: Бесік жабдықтарының атауы еске сақтау, тапқырлық, шапшаңдыққа, зейінін тоқтатуға баулу.

Бүгін өте қызықты күн болды деп есептеймін, көп нәрсе үйрендік.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті сұрақ-жауап тәсілі арқылы қорытындылау.

Іс-әрекетке белсенді қатысқан балаларды мақтап, мадақтау.

Тәрбиеші: - Кәне, балалар барлығымыз қонақтармен қоштасайық.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық
Сау болыңыздар!

Тапсырманы орындаймыз.

Барысы: Қоржыннан бесік жабдықтарын бір-бірден алып, атауын, қолдануын айтады.

Балалар сұрақтарға толық жауап берді.

Қорытынды жасалды.

Балалар қонақтармен қоштасады.

Күтілген нәтиже:

Біледі: Қазақтың салт-дәстүрлеріжайлы біледі.

Меңгерді: Бесіктің пайдасын, жабдықтарының атауын, жұбату жырларының мазмұнын меңгерді.

Жасай алады: Бесік жырын айта алады.



© 2010-2022