Ашық оқу-іс әрекеті Сылдырмақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Таңшолпан» балабақшасы









Сылдырмақ

(Ашық оқу іс-әрекеті)











«Рауан» инклюзивті ІІ кіші тобы

Тәрбиешісі:Ы.Ә.Жақыбай













Жаркент*20.01.2016 жыл

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сурет салу

Тақырыбы: Сылдырмақ

Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Сылдырмақ жайында әңгімелету, тақпақтар айтқызу, мақал айтқызу арқылы сөздік қорын байыту, сурет сала білуге үйрету, көркемдік талғамын дамыту.

Қолданатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материялдар, сылдырмақ түрлері, ойыншықтар.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, түрлі түсті қарындаштар,айна.

Сөздік жұмыс: сылдырмақ

Шаттық шеңбері: Қане, достар бірігіп.

Жаттығуды айтайық,

Дауысымыз шынығып.

Бұлбұл құстай сайрайық. (Еркемай әні)

Өткен сабақты қайталау

Теледидардан ойыншықтар түрлерін көрсету

Тосын сәт: сылдырмақ салынған қорап сылдырлайды.

-Бұл не?

-Қорап (сиқырлы қорап).

-Ішін ашып көреміз, іші толған сылдырмақ. Яғни, бүгін сылдырмақтың суретімен жұмыс жасаймыз. Сылдырмақтың кішкентай сәбилерге арналған ойншықтарының бірі екендігін, сылдырмақ арқылы дыбыстарды, түстерді ажыратуға болатындығын түсіндіремін.

Теледидардан кішкентай сәбиді көрсетіп өлең шумағын оқимын:

Сылдырмақ сылдырлап, Бас салып, қолға алып, Бесікте тұрады. Ауызға салады. Бөпешім былдырлап, Сол кезде сылдырмақ Сылдырмақ ұрады. Сөйлемей қалады

Сөздік жұмыс: Эвелина, Алан, Сажида-ерекше айтқызу. Сылдырмақ-погремушка- beanbag балалар түгел айнаға қарап қайталап айту.

Тақтаға ілінген суретті көрсетіп, қарындаш ұстау ережесін сақтай отырып суретті ретпен дөңгелектерді өз қалаулары бойынша түрлі түсті қарындаштармен бояйтындықтарын айтып түсіндіру.

Сурет салу жұмысы: бақылау, көмектесу

Жеке жұмыс: Іңкәр, Әділет, Айбек, Сажида (өлең жолдары) Алихан (жаңылтпаш)

Сергіту сәті: «Сылдырмақ»

Сылдырмақты алайық,

Ақырындап қағайық.

Жайлап билеп көрейік,

Ырғағына ерейік

Шақ-шақ-шақ,

Шақ-шақ-шақ.

Сылдырмақты алайық,

Қатты-қатты қағайық.

Күш түсіре табанға,

Би билейік табанда.

Тақ-тақ-тақ

Тақ-тақ-тақ.

Балалардың салған суреттерін жалғастырып, жұмысты аяқтап, салған суреттерін бағалап, сыйлық беретіндігін хабарлау.

Ойын: «Көбелек қонды, сұрақ қойды»

Ойын шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді. (Ақ көбелек, көк көбелек, қызыл көбелек)

-қазір жылдың қай мезгілі?

-ауа-райы қандай?

-сурет сабағында қандай ойыншықтың суретін салдыңдар?

-балабақшада немен ойнайсыңдар?

-саған қандай ойыншық ұнайды?

-сылдырмақпен кім ойнайды?

Шеңберге тұру, балаларға мадақ айту.

Қол ұстассақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы

Сау болыңыз бәріңіз!

Күтілетін нәтиже:

Біледі:сылдырмақтың не үшін қажет екендігін.

Игереді:ойыншықтар жайында түсініктерін тереңдетеді.

Меңгереді:қарындашпен дөңгелек пішінді салуды.







© 2010-2022