Ал, қанекей әжелер атты әжелер сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№ 1 «Шұғыла» балабақшасы







«Ал, қанекей, әжелер»

Тобы: «Бал-бөбек»

Тәрбиешілер: Медетова А.

Төлегенова Б.




Қызылорда, 2014

«Ал, қанекей, әжелер» сайысы

Жүргізуші:

Басталды, міне тойымыз,

Ұнады ән мен ойымыз

Шаттық, бақыт әкеліп,

Тойға ұлассын тойымыз.

Құрметті де аяулы ажелер, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің «Бал-бөбек» тобының ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Ал, қанеке, әжелер» атты отбасылық сайысына қош келдіңіздер!

Ортадағы қоржыннан әжелеріміз реттік сандарын таңдап алады:

  1. _______________________________

  2. _______________________________

  3. _______________________________

  4. _______________________________

Жүргізуші:

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

Олай болса, әжелер бүгінгі сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:

  1. «Шаңырағым, шаттығым» - өзін немесе отбасын таныстыру;

  2. «Ойлы болсаң, озып көр» - қазақ халқының ырым тыйымдарының мағынасын ашу;

  3. «Өнерлі - өрге жүзер» - өз өнерін көрсету;

  4. «Шебердің қолы ортақ» - қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

  5. «Ас - адамның арқауы» - үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.

  6. «Оюлар сыр шертеді...» алдарына дайын маталар мен керек құралдар беріледі, сол арқылы өз шапшаңдықтарын танытып, халқымыздың ата дәстүрін жаңғыртып, ою оясыздар.

Сайысымызға төрелік айтып, әділ бағасын беретін әділқазы алқаларымен таныс болыңыздар:

  1. ____________________________

  2. ____________________________

  3. ____________________________

Ал, олай болса, әжелер, бүгінгі сайысымызды бастауға дайынбыз ба? Ендеше, бірінші кезеңімізге кезек берейік.

  1. I кезең - «Шаңырағым, шаттығым». Бұл кезеңде өздеріңізді таныстырып өтесіздер.

Әжелер, сіздерге үлкен рахмет!

  1. II кезең - «Ойлы болсаң, озып көр» . Бұл кезеңде сіздерге қазақтың салт-дәстүрінен сұрақтар беріледі.

Ырым - тыйымдар

  • Жаңа туған нәрестенің бас жағына ырымдап қандай заттарды қоямыз? Және не себепті? (Бесіктің бас жағына пышақ, қайрақ, қамшы қояды немесе үкінің тұяғын, кірпінің терісін, жыланның бас сүйегін тағады. Мұндайда шайтан, жылан, жәндік, тышұан келмейді деп жорыған).

  • Екіқабат әйел ұл тапқысы келсе және қыз тапқысы келсе бас жағына ырымдап қандай заттарды қояды? («ұл табамын» десе, еркектің қару жарағын, шалбарын басына ырымдап жатады. Қыз тапқысы келсе қызыл ала шыт, әйелдің көйлегін, жүзік, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді жастанған).

  • Сәби шалқасынан жатып башайын тістесе, халық оны неге балап ырымдайды? (оны «үйірін шақырып жатыр» деп ырымдайды, оның соңынан тағы бір бала келеді деген ұғым бар);

  • Егер, үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, халық оны не деп ырымдайды? (үйге береке, ырыс, байлық келеді дейді, оны төрге апарып үш рет аунатады).

Мақал - мәтелдер

  • Ананың сүті бал,

Баланың тілі бал.

  • Ананың ізін қыз басар,

Атаның ізін ұл басар.

  • Анаңа ауыр сөз айтпа

Атаңа ауыр жүк артып.

  • Анасын көріп, қызын ал

Аяғын көріп асын іш.

  • Алып анадан туады,

Ат биеден туады.

  • Айдың ізін ай басар,

Аттың ізін тай басар.

  • Бала, баланың ісі шала.

  • Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.

  • Баланың жақсысы - қызық,

Жаманы - күйік.

  • Бала - анаға аян

Әкеге - күмән.

  • Бала күлкіге тоймас,

Болбыр ұйқыға тоймас.

  • Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.

  1. II кезең - «Өнерлі - өрге жүзер» - өз өнерін көрсету.

Өнер білім тапқырлықтың тарланы,

Еңбектегі әріптестер мақтаны.

Өнеріңді ортаға сал, сайысқа

Өнер көрсет, әжелердің сайысында

  1. _______________________

  2. _______________________

  3. _______________________

  4. _______________________


  1. IV кезең

«Шебердің қолы ортақ» - қолөнер бұйымдарымен таныстыру.

  1. _______________________

  2. _______________________

  3. _______________________

  4. _______________________


  1. V кезең

«Ас - адамның арқауы» - үйден дайындалып әкелінген қазақ халқының ұлттық тағамдарының жасалу жолдарымен таныстыру.

Ата бабамыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі - қонақжайлылық. Қандай жағдайда да, «құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей жылы шыраймен қарсы алып, қолдағы барымен шамасы келгенше сый құрмет көрсетіп, дастархан жайып, төр ұсынып, сол үйдің дәм - тұзын татырмай жібермейтін болған.

Ендеше, келесі кезеңіміз - «Ас - адамның арқауы».

  1. _________________________

  2. _________________________

  3. _________________________

  4. _________________________

Ойын:

  1. VI кезең

«Оюлар сыр шертеді...» алдарына дайын маталар мен керек құралдар беріледі, сол арқылы өз шапшаңдықтарын танытып, халқымыздың ата дәстүрін жаңғыртып, ою оясыздар.

  1. _________________________

  2. _________________________

  3. _________________________

  4. _________________________

Әділ қазы алқалары дайын боламын дегенше, әсем әнге кезек берейік. Ендігі сөзді төрешілерге берейік. (әжелеріміздің ұлттық киімін сайыс бойы өзін қалай ұстағанын, сөйлеу мәдениетін, жүріп - тұрғанын, бәрін де есептеген жөн).

Қорытынды

Әділқазы алқалары сөз алып, әр номинация бойынша әжелерімізді марапаттайды, жүлде тағайындайды.

Құрметті қонақтар, сайысқа қатысушы әжелер! Бүгінгі «Ал, қанекей, әжелер» атты сайысымызға қатысқандарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ, береке тілейміз. Әмән да, аман болыңыздар!



© 2010-2022