Технологическая карта организованной учебной деятельности Арыстан мен түлкі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Білім саласы: Әлеуметтік орта

Кіші сала: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Арыстан мен түлкі

Мақсаты: Кейіпкерлердің іс-әрекетін көрсете, бағалай білу, үлкендер мен балалардың қатысуымен театр құрастыру. Ертегіден алған әсерін сұрақ қою арқылы қызығушылығын арттыру. Рольдерді ойнауға үйрету.

Көрнекі құралдар:

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Аң патшасы арыстан,

Ақырыпты алыстан,

Бастаңдар деп сабақты,

Тастаңдар деп салақты.

Барлығы да шеңберге тұрып, өлеңді бірге айтып, мәтініне сәйкес іс-әрекет жасайды.

Ұйымдастырушылық ізденушілік

-Балалар аң патшасы арыстан қайда мекен етуші еді?

-Ал сендер тағы басқа қандай орман жануарларын, аңдарын білесіңдер?

- «Олар қалай жүреді» ойыны.

Мақсаты: Аңдардың жүрісі мен дыбыстарын ұқсатып салуды меңгерту.Мысалы: Қоян болып-секіреді, аю болып-ақырады т.б.

-Бүгін сендерге аң патшасы «Арыстан мен түлкі» туралы ертегіні айтып бермекпін.

1. Ертегіні толық оқып беремін

Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:

- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.

Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келді.

2. Ертегі бойынша сұрақтар қоямын

А. Арыстан қартайғанын сезген соң, қандай айла ойлап тапты?

Ә. Аңдарға қандай хабар таратты.

Б. Халін білуге келген аңдарға не болды?

В. Ал түлкі қандай айла тапты?



3. Ертегіні театрлендіріп көрсету

4. «Театр» сюжеттік- рөлдік ойыны. Мақсаты: Рөлге еніп, ұқсатып ертегі мазмұнын қайталату.

Сұрақтарға жауап береді

-түлкі, қоян, қасқыр, аю т.б.

Ойынғы қатысып,

қимыл-қозғалыстар келтіреді.

Мұқият тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.





-барлық аңдарды өзінің үнгіріне шақырады.

-аурумын халім жоқ деді

-олардың барлығы да арыстанға жем болды

-Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.

Қалаулары бойынша өздері арыстан мен түлкі атты ертегіні сахналайды.

Қойылымды тамашалайды.

Ойынға өз еріктерімен араласады.

Рефлексифтік түзетушілік

-Сонымен балалар бүгін қандай ертегімен таныстық?

-Ертегі сендерге ұнады ма? Несімен ұнады?

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес!» -оймен асықпай іс-әрекет ету. Түлкідей ақылды болайық!

Балалар өз ойларымен, пікірлерімен бөліседі.

Өздері рөлге енгенні үшін қуанады.

Ұғынады: «Түлкі мен арыстан» ертегісін;

Түсінеді: Өз пікірлерін, сұраққа жауаптарын толық жеткізуді;

Қолданады: Рөлге еніп, ертегі мазмұнын қайталауды.



© 2010-2022