Тамақтану мәдениеті (мектепалды сыныбы)

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы


Күні:-----------------

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлім: Қауіпсіз мінез-құлық негіздірі,валеология

Тақырыбы: Тамақтану мәдениеті

Мақсаты: «Тамақтану» түсінігінің маңызын ашу.Бала денсаулығын нығайтудағы дәрумендердің

рөлін көрсету. Ас қорыту ағзаларымен таныстыру.

Көрнекілік:

Сөздік жұмыс:тамақтану

Билингвальдік компонент:тамақ-еда

Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

1

2

3

Уәждемелік-түрткілік

Шеңбер:Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін де күн!

Бір-біріне күлімдеп, өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Балалар халқымыз «Ас- адамның арқауы» -дейді. Ас- адамның құрылыс материалы, энергия қоры. Адамның денсаулығы, дене қимылы, ой еңбегі және толып жатқан басқа іс-әрекеттері оның немен қоректенетіне, тағамның құрамына тікелей байланысты. Ал, біз бүгін сендермен мәдени тағамданудың ережелерімен танысатын боламыз

-Адамдар неліктен бір-біріне күлімдейді?

-Тіс күтудің қандай ережесін білесіңдер?

-Адамға тіс не үшін қажет?

Компьютер жұмыс (слайд-ас қорыту агзалары),

«Саяхатшы нан»өлеңін оқу.

Адам ағзазы белгілі бір уақытта ас қабылдап үйренеді,күнделікті сол уақытта асқазанда арнайы бір сөл бөлініп шығады.Бұл сөл асқазан сөлі деп аталады. Асқазан сөлін жоғалып кетпеу үшін күнделікті уақытында дұрыс тамақтану керек.

Адамдар машинаға ұқсайды,машина орнынан қозғалу үшін отын (бензин) керек,адамаға тамақ қажет.

Сөздік жұмыс:тамақтану

Билингвальдік компонент:тамақ-еда.

-Біз қандай тамақ жейміз?

Текше(ірімшік,ет, алмат.б.) арқылы тамақтың қажетін көрсету.Егер адам бірақ тамақпен тамақтанса,әлсіз болады.Тағам құрамында әртүрлі пайдалы заттар,әсіресе дәрумендер болу керек.Дәрумендер тек ғана жеміс-жидекте емес,сонымен қатар жануарлардан алынған тағам дарды (сүт,ет,жұмыртқа...)

-Балалар сендер ең алдымен тамақтанудың алдында не істейсіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар ең алдымен тамақ ішпес бұрын, қолды мұқият сабындап жуу қажет.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

*Тамақтың алдында қолыңды жу.

*Жеміс-жидекті жуып же.

*Тамақтану тәртібін сақта.

*Тамақты әбден шайна.

Ойын-тәжірибе.

Табақта ірімшік,құрт, кәмпит.балардың кезекпен көзін байлап,ауыздарына кез келген бөлікті салу.Бала аңықтау керек тамақты.

Топпен жұмыс. «Елестету»

I-топ -Лимонды ауыздарыңа салғандай әсерде болыңдар.

-Қандай күй пайда болады?

II-топ-Балмұздақты ауыздарына салғандай әсерде болыңдар.

-Қандай күй пайда болады?

- Ал, тамақ ішкенде біз қандай ережелерді сақтауымыз керек деп ойлайсыңдар?

- Тамақ ішіп отырғанда кітап, газет оқып, радио тыңдап, телидидар көріп, сөйлеуге болмайды.

- Ал, біз қандай тағамдарды жейміз.

- Ия, біз күнделікті әртүрлі тағамдар пайдаланамыз. Ал, көкөністер мен жеміс- жидектерді жемес не істеуіміз керек?

- Көкөністер мен жеміс-жидектерді ең алдымен жақсылап жуамыз. Себебі олар далада өскендіктен оларда шаң немесе микроптар болады. Егер де сендер оларды жумасандар бұл микроптар сендердің іштеріне барады (суретін көрсету).

Тағыда қандай ережелерді білесіңдер?

Тамақты өте кешігіп ішу және құрғақ тағамдарды жиі қолдану қарынның ауруға шалдығуына әкеліп соғады. Сондықтан да кешкілік тамақты ұйықтаудан 2 сағат бұрын ішу керек. Бұл уақыт ішінде қарындағы ас қорытылып үлгіреді.

Астың тым ыстық та салқында болмағаны жөн.

Сергіту сәті.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Мұқият тыңдап, өз пікірлерін айтады.


Сұрақтарға жауап береді

Тыңдайды,қарайды.

Қайталайды:-Ауыз

-Жұтқыншақ

-Өнеш

-Асқазан

-Ішек


Сөзді қайталайды.

Сұраққа жауап береді.


-Қол жуу керек.

Дәрігер Салауаттың кеңесін сурет арқылы құрастырады,қайталайды.

Ойын-тәжірибеге қатысады.

Топқа бөлінеді.

Өз ойларын айтады.

Ыммен көрсетеді.


Сұрақтарға жауап береді.

Өз ойларын ортаға салады.





Әуенге сәйкес қимыл жасайды.

Дәрумені бар суреттерді бастырып,бояйды

Рефлексиялық -жинақтаушы

«Жақсы-жаман» дид.ойыны

Мақсаты:Аталған тағамдарды көп жеу пайдалы ма екенін аңықтау.

Балаларды мақтау,смайликтермен мадақтау.

Ойынды қызыға ойнайды.

Аталған тағамдарды жасыл,қызыл түстермен белгілейді.

Қорытыңды бөлім:

Қабылдайды: Уақытында тамақтанып, тағамды дұрыс таңдай білу.

Түсінеді: қайнатылған және жуылған тағамдарды ғана пайдалануды игерту.

Қолдана алады: тамақтану ережелерін меңгеру.



© 2010-2022