Доклад дошкольного образования на тему Жолда жүру қауіпсіздігі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№5 «Нұрбөбек» балабақшасы











Жолда жүру қауіпсіздігі

Ортаңғы «А» Айгөлек тобы











Тәрбиешілер:Шиналиева Ж.Ж











Сәтбаев қаласы 2015-2016 оқу жылы

Жолда жүру қауіпсіздігі

Біздің елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан қаншама адамдар зардап шегуде. Оның себебі көптеген жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды әрі өте нашар біледі.

Бала-біздің болашағымыз.Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен азамат етіп тәрбиелеу, ең алдымен ата-ананың,тәрбиешілер қауымыныңтөл міндеті десек те, осынау иаңызды істен біздің жол полицейлері де шет қалмауда. Өйткені соңғы уақытта көшелерде көлік саны көп болғандықтан алуан түрлі жол көлік аппаттарының орын алып жатқандығын, сондай апат салдарынан жас өспірімдердің әртүрлі оқиларға душар болып жатқанын жасыруға болмайды.

Бағдаршам -өмірімізді апаттан сақтандыратын жалғыз көмекшіміз.Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам-жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды.Ол жол қозғалысына қатысушы-ларға өз жарығымен бағыт сілтейді

Бағдаршам бар көшеде өту оңай. Ал бағдаршамсыз - қауіптірек. Жүргізуші қанша мұқият болғанымен, қанша шапшаң болғанымен, тежегішті қанша күш салып басса да, көлікті тоқтатып үлгеру кейде мүмкін емес.

Жолда жүру ережелері- жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін заң. Жолда жүру ережелерін білу әрбір баламен әрбір адам үшін маңызды. Жолда жүру ережелерін дұрыс орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін

Қазіргі таңда балалар және үлкендер өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау- мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің барлық қала, ауылдарына ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, көлік жүргізетін жүргізушілерде бұлжытпай орындауы керек. Жолда жүру ережелерін бұзбас үшін сол ережелерді орындау қажеттілігін түсіну аз, оларды нақты білу керек.

Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.

Ескерту белгілері:

Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады):

• жаяу жүргінші өтпесі

• балалар

• тайғақ жол

• жол жөндеу жұмыстары

• екі жақты қозғалыс

• велосипед жолымен қиылыс

• шлагбаумы бар темір жол

• шлагбаумы жоқ темір жол

Тыйым салатын белгілер:

Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).

• кіруге тыйым салынады

• қозғалысқа тыйым салынады

• велосипедпен жүруге тыйым салынады

• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады

• аялдауға тыйым салынады

Нұсқау белгілері - бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.

• түзу қозғалыс

• оңға қозғалыс

• айналма жол

• велосипед жолы

• жаяу жүргінші жолы

• ең төменгі қозғалысты шектеу

Балалар жолда жүру ережелерін есте сақтау жол белгілерінің атқаратын қызметі туралы білу керек.Біз өзіміздің тобымызда балалармен жолда жүру ережелері туралы сюжеттік-рөлдік ойын ойнаймыз.Суреттер бойынша әңгіме құрастырамыз.Бағдаршам туралы өлеңдер,тақпақтар үйренеміз және сұрақтарға жауап береміз.Мысалға, Көшеде жүру тәртібін не басқарады? (бағдаршам) ;Бағдаршам нені реттейді? (бағдаршам жол қозғалысын реттейді?); Бағдаршамда сигналдар (яғни белгілер қалай орналасқан? (қызыл, сары, жасыл); Топтың балалары бағдашамның түстерін жақсы ажырата алады.Жол ережелерін жақсы меңгере алады.Бүгін жол ережесі туралы ашық-сабақ өткіздік.Онда балалар өздерінің білімдерін көрсетті.

Балалармен бағдаршам туралы жұмбақтар да шешеміз.Мысалы,

1. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы түзеткен (полиция)

2. Көше бойлап аяңдайды

Адам тасып аялдайды (автобус)

3. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та

Бақырайған үш көзі бар бірақ та (бағдаршам)

Біздің топта ана -аналармен де жолда жүру ережелері туралы көп жұмыстар өткізіледі. Жылжымалы папкалар,сурет салу сабағында ұйымдастырылған байқауларға ата-аналар балалармен бірге қатысады,сурет салады.

Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап,басқаларды да соған шақырыңдар дегім келеді.

Қай көше,қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

© 2010-2022