Табиғатты аялайық мектепалды даярлық тобы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Табиғатты аялайық!

Мақсаты: балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыру. Дамытушылық: Көктем мезгіліндегі табиғат өзгерістерін сезіне білуге, әсемдікке баулу.

Тәрбиелік мәні: Табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, гүлдер, суреттер,

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой-толғау сабағы

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту.

Шаттық шеңбері:

Амансың ба - Алтын күн!

Амансың ба - Көк аспан!

Амансың ба - Жер - Ана!

Амансың ба - достарым!

Сендерді көрсем қуанам!

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ. Бізге қонақтар келіп отыр.

Өткен тақырыпты еске түсіру

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі

- Көктемнің қай айы?

- Сәуір айы

- Олай болса балалар бәріміз көзімізді жұмып ойша орманға аттанайық.

- Балалар, көздеріңді жұмып, көз алдарыңа жасыл шөп, шөп үстінде жүрміз, аспан ашық, күн жарқырап тұр- деп орманды елестетейік.

-Ал енді, балалар, біз бүгін ақын Төлеген Айбергенов ағамыздың «Көктем» өлеңімен танысамыз.

«Көктем»

Көңілді көктем далаға

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар

Ауылымды арала.

Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

- Бұл өлең жолдары қай мезгіл туралы айтылған?

-Балалар көктем мезгілі

- Ойын: «Күн мен түн»

Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіруге арналады.

Ойынның шарты: Құстардың дыбысы жазылған кассетаны қосып, мәнеріне келтіріп баяу тындап отырады. Балаларға белгі беріледі «түн» дегенде үйықтап қалады. Ал «күн» дегенде бастарын көтеріп көздерін ашады. Қателескен бала ойыннан шығады.

- Сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

- Көктем мезгілі.

- Көктем күні қандай болады?

- Балалар : Қар еріп, күн жылынады, ағаштар бүршік жарды, жер көгерді, кейбір аңдар ұйқыдан оянады, құстар ұшып келді, біздер құстарға үйшік жасаймыз, құстарды қарсы аламыз.

-Көктемде ең бірінші қандай гүл шығады?

Балалар: бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ гүлдері шығады.

- Өте жақсы балалар , көктем мезгілінің ерекшеліктерін дұрыс әңгімелеп бердіңіздер, көктем мезгілі өте тамаша екен.

Табиғат ана құлпырып, құстар келіп сайрап, жан-жануарлар қыстан аман-есен шығып, қуанып жатқан мезгіл.

- Табиғат нешеге бөлінеді?

- Балалар екіге бөлінеді. «Тірі және өлі табиғат» болып.

Дидактикалық ойын: «Тірі және өлі табиғат»

Ойын шарты: Ал, балалар енді табиғаттың ішінен тірі табиғатты атап беріңдерші.

Қане кім айтады? Қайсы екен тірі табиғат?

- Балалар: Гүл, шөп, ағаш, жәндік, құстар.

- Ал енді өлі табиғатты атап беріңдерші.

- Балалар: Тау, тас, су,қар.

- Өте дұрыс айттыңдар, балалар.

Көрініс: Табиғат деген не?

Табиғат деген не? - деп сұрады кішкентай балық

Табиғат дегеніміз- телегей теңіз су,- деді бақа

Табиғат дегеніміз не? - деп сұрады Аюдың қонжығы.

Мен талай жерде болғанмын, мен де білемін, ол-орман,- деді енесі.

Табиғат деген не? - депсұрады бота енесінен.

Табиғат дегеніміз- ол құм, тікенек шөп.

Талай жерде болғанмын, мен де білемін - деді түйе.

Табиғат дегеніміз - әрине, таза ауа, ашық аспан, дәнді дақылдар- деді қарлығаш

Ұсақ жәндіктер де бір-бірімен «табиғат деген не?» деп таласып үлгерді.

Жер- жер! -деп жар салды шегіртке.

Табиғат деген мен! Жер-Анамын

Сергіту сәті:

Аспанға қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Тәуелсіздік ел көрдім.

- Көктемде ең алғашқы ұшып келетін құстарды кім айтады?

- Балалар: -Қараторғай, қарлығаш,тырна.

- Олар қандай пайда келтіреді?

Балалар: Ағаштарды қорғайды

- Ағаштар не үшін керек?

- Ағаштар не үшін керек?

Балалар: таза ауа шығарады көлеңкесін береді.

Балалар біздің достарымыз, құстар туралы не білесіңдер құстарға қамқорлық жасап тұрамыз, ендеше құстар туралы жаттамақтарымызды айтайық.

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын,жегейсін

Үйшік жасап берейін.

Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам шешуін табындар

ЖТабиғатты аялайық мектепалды даярлық тобыұмбақтар:

Тұмсығын балға қып

Тоқ-тоқ соғады.

(тоқылдақ)

ТТабиғатты аялайық мектепалды даярлық тобыүсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай.

(қарлығаш)

Табиғатты аялайық мектепалды даярлық тобыКеудесі қайқаңдап,

Жүреді балпаңдап.

(қаз)


Ойын: « Кім тапқыр»

Ойынның шарты: Үй құстары мен дала құстарының аттарын айту.

Қортынды:

Балалар, біз табиғатты қорғап, табиғатқа қамқорлық жасауымыз керек. Табиғат туралы қандай тиым сөздерді кім біледі?

  1. Гүлді үзбе

  2. Құстың ұясын бұзба.

  3. Ағашты сындырма

  4. Суға түкірме

Табиғатты аялайық мектепалды даярлық тобы





















© 2010-2022