Балалар көркем әдебиеті Ойыншықтар

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ойыншықтар.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты:

  1. Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

  2. Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ойнауға үйрету.

Сөздік жұмысы: арғымақ, қарғып.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, өлеңді сызба арқылы жаттау.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: Ойыншық суреттері.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттың шеңберіне тұрады. Бәрі бірге қосылып айтады:

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықты жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Педагог:

- Сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?

- Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер?

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

Дәптермен жұмыс: Қ.Мырза Әлидің «Ойыншықтар» өлеңін сызба арқылы жаттату.

Іші тола бөлменің (бөлменің суреті).

Ойыншығым (ойыншықтар суреті) мол менің.

Босқа тізіп қоймайық, келе ғой, дос, ойнайық.

Мына тұрған арғымақ (арғымақтың суреті),

Мінем оған қарғып-ақ.

Мына тұрған қояным (қоянның суреті),

Алдына жем (сәбіздің суреті) қоямын.

Сөздік жұмысы:

- Арғымақ деп жүйрік әрі әдемі атты айтамыз.

- Қарғып деп атқа секіріп мінуді айтады.

Дидактикалық ойын: «Жалғасын тап».

Ойын шарты: Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалар аяқтайды.

- Менің ойыншығым ... /әдемі/.

- Мен қуыршақпен ... /ойнаймын/.

- Допты жоғары ... /лақтырдым/.

Сергіту сәті: Саусаққа арналған жаттығу.

Добым, добым, домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бұл дірдің,

Тәрелкені сындырдың.

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

(Саусақпен, аяқпен көрсетеді).

Дәптермен жұмыс:

- Өзіңе ұнайтын ойыншықтың суретін сал. Ол туралы білетініңді айт.

- Жұмбақтың шешуін тап.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды,

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды? (Телефон).

Қорытынды:

- Ойыншықтарды қалай ұстау керек?

- Қандай ойыншық түрлерін білесің?

- Ойыншықты кімдер жасайды?

- Ойыншық туралы қандай тақпақ білесің?



© 2010-2022