Валеология негіздері Мен және менің отбасым

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Валеология.

Тақырыбы: Мен және менің отбасым.

Мақсаттары:

  1. Баланың үйдегі орны туралы түсінігін қалыптастыру.

  2. Баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

  3. Балаларға үйдегі қауіпсіздік ережелері жөнінде түсінік беру.

Барысы:

  1. Шаттық шеңбері

  • Адам үшін қандай тамақ пайдалы?

  • Егер тек қана кәмпит жесең, не болады?

  • Отбасында кім тамақ пісіреді?

  • Отбасы деген не?

  1. Әңгімелесу:

Балаға ең жақын адамдар - әке, ана, аға, әпке, ата - әже, т.б. болып саналады.

Балаларға үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет. Ал ата-аналар, әсіресе ата-әжелер өздеріне кп көңіл аударғанды жақсы көреді. Үлкен кісілер демалыс пен тыныштықты қалайды.

  • Ата - әжелеріңді күту керек! Олар жылы сзден қуат алады.

  • Ата - анаңды сыйла, оларды күт, ренжітпе, қайда болсаң да олардың жанынан табылуға асық.

Үйде әр баланың өз бөлмесі, өзінің бұрышы болуы қажет. Бала өз бөлмесін жинастыруға жауапты екенін сезініп, ойыншықтарын, кітаптарын, төсегін жинай білуі керек. Әр зат өз орнында тұрғаны жөн.

  • Ойыншық - баланың үлкен досы. Олар таза, бүтін және өзінің арнайы орнында болуы керек.

  • Өзің әдемі және ұқыпты болып көрінуі керек. Сенің шашың күтімді қажет етеді. Шаштың досы - тарақ, ол әрқашанда таза болуы керек.

  • Біреудің тарағымен таранба.

  • Сенің аяқкиімің де тазалық пен ұқыптылықты жақсы креді: оны сүрт, кептір, аяқкиім майымен майла.

Дәрігер Салауаттың кеңесі:

  • Әке - шешеңді, ата-әжеңді сыла, оларды күт, ренжітпе.

  • Ауланың және үйдің тазалығын сақтауда үлкендерге көмектес.

  • Өз блмеңнің тазалығын сақта. Лас, ұқыпсыздық адамның денсаулығына кері әсер ететінін есіңде сақта.

  • Әркімнің өзінің жеке заттары және ойыншықары өз орнында болуы керек.

  • Біреудің тарағын қолданба.

  • Біреудің киімін және аяқкиімін киме.

Әңгімелесу.

  • Егер отбасында біреу ауырып қалса, оны кім күтеді?

Әдетте ауырған адамды анамыз күтеді. Ал егер де анамыздың өзі ауырып қалса, оны кім күтеді?

Есіңде болсын! Егер үйде ауырған адам болса, оған тыныштық орнату қажет. Сабырлы ойындарды тадап алу керек. Күніне бірнеше рет бөлмені желдетіп тұру шарт.

Ауырған адамға лимон мен бал қосылған шай ұсыну керек.

Ауырған адамнан қандай көмек қажет екенін сұрауды ұмытпаңдар.

Қорытынды:

  • Жеке бастың тазалығын сақтау. Тазалық пен ұқыптылық адам дененің сау және бақытты болып өсуіне көмектеседі.

  • Жақсы, таза үй адамның өз - зіне деген сенімділігін тудырады және жақсы өмір сүруіне жағдай жасайды.

  • Бейтаныс адамды үйге шақырма және кіргізбе.

  • Қауіпсіздік ережелерін әрқашанда жадыңда ұста.

Шаттық шеңбері.



© 2010-2022