Күз ханшайымы - 2014 атты ханшайымдар сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата-аналар, балғын балалар! Міне туған өлкемізге алуан түсті жапырақтарын төгіп, толқып, би билеп күз айы да келіп жетті. Ел байлығын арттырған берекелі күз.

Ата - ананың аялы алақанындағы балалық шақ, балабақшадағы бал дәурен баланың ең бір бақытты, алаңсыз кезі. Біз балабақшамыздағы тәрбиеленуші ұлдармен бірге қыздарымыздың да ақылды да, парасатты, тәрбиелі де инабатты ару қыз болып өскенін қалаймыз. Сондықтан бүгін балауса қыздарымыздың балабақшада қандай тәрбие алып жүргенін көріп, бәріміз куә болайық.
Балалар қараңдаршы біреу есік қағып тұрған сияқты. Қане, ол кім болды екен?

(Залға алма ағашы әуенмен кіріп келеді)

Алма ағашы: Амансыңдар ма, балалар! Бүгінгі желдің лебі мені достарыммен бірге сендердің орталарыңа алып келді. Мінекей күзде келді, жапырақтар сарғайып жерге түсіп, күн суыта бастады. Балалар, айтыңдаршы, бұл жерге не себептен жиналдыңдар, неге бәрің әдемі көйлек киіп алғансыңдар?

Жүргізуші: Алма ағашы, бүгін бізде күз мерекесіне орай балабақшамызда алғаш рет «Күз ханшайымы - 2014» сайысы болғалы жатыр. Осы мерекеден күз ханшайымын тағайындауымыз қажет. Ханшайымдар өз өнерлерін ортаға салып, кім жеңіске жетсе, «Күз ханшайымы - 2014» атағын алады. Алма ағашы сенде бізбен бірге балалардың өнерлерін тамашала.

Алма ағашы: Жарайды, сендердің өнерлеріңді көріп бір сергіп қалатын болдым.

Жүргізуші:

Мерекесі халықтың
Алтын күзді бастайық
Алтын күзге арналған
Сайысымызды бастайық! - дей отырып, «Күз ханшайымы - 2014» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Құттықтау сөз кезегі «Приозерск қаласының №2 мектеп-балабақша кешені» КММ-нің директоры - Алтынбекова Қарлығаш Серікқызына беріледі: (әуен)

Жүргізуші:

Балалар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырырп өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.

Сайыс бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады.

1. бөлім «Тегін білмеген тектілік» Таныстыру
2. бөлім. «Өз өнеріңді көрсет» өнер сайысы
3. бөлім «Оң саусағың майысып,шебер болар ма екенсің» үй тапсырмасы, «Күз жомарт» тақырыбына салат дайындап әкелу, қорғау сайысы
4. бөлім «Сымбатына сән киім жарасады» сән сайысы
5. бөлім «Алғыр болсаң тауып көр» сұрақ- жауап сайысы

Қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық. (Әуен ойнап тұрады)

1. Біржан Айзере анасы (Найманова Гюлназ)

2. Жаңабай Жанель анасы (Исиркова Гүлжанат)

3. Жанел анасы (Жұлдыз)

4. Қуанышова Ұлтай анасы ()

5. Нұрғалиқызы Аделя анасы (Исатаева )

6. Атемкулова Ақжүніс анасы ()

7. Несіпбек Рыскүл анасы (Оразгүл)

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.. (Әділ қазылар алқасымен таныстыру)

1_________________________________________________________________2_________________________________________________________________3_________________________________________________________________4_________________________________________________________________5_________________________________________________________________6_________________________________________________________________

Өнер қуып әрбірі өтер дейміз.
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген сайыскерлер кезектесіп
Өздерін таныстырып өтер дейміз - деп кезекті I-кезең «Тегін білмеген тектілік» таныстыруға береміз.

Сайысымыздың бірінші шарты бойынша сайысқа қатысушылар өздерін таныстырып өтеді.

1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________

Әділ қазы алқалары бағаларыңызды берсеңіздер. Ең жоғарғы ұпай «5».

Балалар аман болсын әр үйдегі
Таусылмасын ананың әлдилері
«Күзгі жапырақтар» биін билейді томпаң қағып
«Балдәурен» тобының сәбилері


«Күзгі жапыратар» биін қарсы алайық.

Өнер жаста жаныңдар
Өнерпаздар дарындылар
Көрейік, ән, би, күйді көрермендер
Көрсетсін сайыскерлер өнерлерін - деп сайысымыздың ІІ шарты бойынша

ІІ -сайыс (Өз өнеріңді көрсет) сайыскерлерімізді өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________

Жүргізуші:

Балабақша бағында.
Сайраңдаймыз жанында
Нақ өзіндей бүлдіршін
Көп достардың жанында - деп,біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің «Алтын күз» тақырыбына дайындап келген өлең шумақтарын тамашалайық.

ТАҚПАҚ

Ұлтай мен Жанелдей аруымыз сызылтып ән салады
Ән айтып биде билеп жан салады.
Бұл ұлы мерекеде ән салғанда
Барлық достар шапалақтап қарсы алады.
Ән «Балабақша» қабыл алыңыздар.


Сайысымыздың ІІІ шарты бойынша III-сайыс қолөнер сайыскерлерімізді үй тапсырмасы бойынша «Күз жомарт» тақырыбына кез-келген күзгі жеміс - жидектерден немесе күзгі табиғи материалдардан бұйым жасап әкелу және күз мерекесіне мерекелік салат дайындап әкеліп, құрамымен қорғау болатын. Сайыскерлерімізді үй тапсырмасы бойынша ортаға шақырамыз.

1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен
Әр сұлу әсем болар өз сәнімен
Күз сәні өнерімен ортаға шығып
Сән көрсетер сайыскерлер сәнімен - деп сайысымыздың IV - шарты - «Сымбатына сән киім жарасады» деп аталады. Сайыскерлерімізді өз фантазиясы бойынша сән үлгісін көрсету үшін ортаға шақырамыз.

1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________

Жүргізуші:

«Тапқырлар, білгірлер, білімділер».
Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұраққа жауап табайық! - дей отырып, сайысымыздың V-ші кезеңі «Алғыр болсаң тауып көр» кезеңін бастайық.

Сайыстың шартымен таныстырп өтетін болсам, кез-келген күзгі жеміс-жидекті немесе көкөністі таңдап алып, артында берілген сұрақтарға жауап береміз.
1._________________________________________________________________2._________________________________________________________________3._________________________________________________________________4._________________________________________________________________5._________________________________________________________________6._________________________________________________________________7._________________________________________________________________

Әділқазылар өз шешімдерін шығарғанша мың бұралған бишілеріміз Нұрсұлтан мен Жанелдің «үнді биін» тамашалаңыздар.

(Ортаға Жанел мен Нұрсұлтан «Хаттуба»)

Жүргізуші:

Әділ қазы шешеді
Істің ақ пен қарасын
Бүгінгі міне сайыстың
Әділ берер бағасын - деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз.
Мадақтау.

Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Еліміздің ертеңі,
Үміт етер өздерің.
- дей отырып, бүгінгі «Күз ханшайымы - 2014» сайысы осымен өз мәресіне жетті, келіп қатысып тамашалағандарыңызға көп рахмет. Мереке құтты болсын!




© 2010-2022