• Преподавателю
  • Дошкольное образование
  • Зал мерекеге сай безендірілген, балалар әдемі киінген Армысың әжелерім даналарым, Мейірбан аппақ көңіл аналарым, Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен Құттықтайды сіздерді балаларың. Жүргізуші: Қадірлі қонақтар және ұжымдастар, ата - аналар! Бүгінгі 8 - науры

Зал мерекеге сай безендірілген, балалар әдемі киінген Армысың әжелерім даналарым, Мейірбан аппақ көңіл аналарым, Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен Құттықтайды сіздерді балаларың. Жүргізуші: Қадірлі қонақтар және ұжымдастар, ата - аналар! Бүгінгі 8 - науры

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Зал мерекеге сай безендірілген, балалар әдемі киінген

Армысың әжелерім даналарым,

Мейірбан аппақ көңіл аналарым,

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді балаларың.

Жүргізуші: Қадірлі қонақтар және ұжымдастар, ата - аналар! Бүгінгі 8 - наурыз халықаралық әйел - қыздар мерекесі құтты болсын! 8 - наурыз халықаралық әйел - қыздар мерекесіне арналған "Ана өмірдің шырағы!" атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Балаларымыздың аналарымызға арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Арсен: Анашым, анам,

Ризамын саған.

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

Дүзел: Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан,

Асқан сұлу бар ма екен?

Ақылбек: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

Әлия: Анам менің әдемі,

Анам менің тірегім.

Анам менің жүрегім,

Анамды мен сүйемін.

Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауында хор

Ән: "Құттықтаймын мама, туған күніңмен"

Ендігі кезекті тақпақтарға береміз:

Нұрдаулет: Нұрын төккен маған,

Шуағымсың сен.

Айналайын мама,

Қуанышыңмен,

М.Әсел: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Жүргізуші: Олай болса Ербөлек Арсенді "Топ - топ балақан" әнімен қошеметпен қарсы алыңыздар.

Келесі кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына береміз.

Нұрасыл: Анам менің мейірімді,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Қуанады, күледі.

Әсел: Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

Тоғжан: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым ,

Сегізінші наурызбен

Осы кезде әсем әуен ойналып, залға "Көктем " мезгілі келеді.

- Сәлеметсіздер ме қонақтар!

- Сәлеметсіздер ме балалар!

Айнала қандай тамаша!

Балалар бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой.

Міне мен де сендерге асыға жеттім.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе көрікті көктем! Бізде бүгін аналар мерекесі болып жатыр. Келіңіз қонақ болыңыз, сізді көргенімізге өте қуаныштымыз. Біздің бүлдіршіндердің сізге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыз.

Ғибрат: Көктем қандай көктем көңілді,

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.

Әмина: Көктем күні керемет,

Жаңбыр жауар себелеп,

Күн ашылса болғаны,

Көлбеңдейді көбелек.

Көктем: Рахмет балаларым, менде сендерге құр қол келген жоқпын, ойын ала келдім.

Ойын: "Анаға сыйлық"

Шарты: Екі бала шығады, құмыраға гүлді кім көп жинап анасына апарса сол жеңіске жетеді.

Көктем: Жарайсыңдар балалар, енді менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, мұқият тыңдаймыз.

Жұмбақтар:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Тырс - тырс етіп тамады,

сайға қарай ағады. (Жаңбыр)

Ағайынды бәрі,

Шықса - жасыл,

Түссе - сары. (жапырақ)

Би: "Зонтик"

Көктем: Жарайсыңдар балалар, сендер тақпақты өте керемет айтады екенсіңдер, биді де әдемі билейді екенсіңдер. Ал менің кететін уақытым болыпты, мені сендер сияқты басқа балалар күтіп отыр, сау болыңдар.

Жүргізуші: Сау болыңыз.

Көрініс: "Әжені мерекесімен құттықтау"

Жүргізуші: Әже - дегеніміз әлемнің жан дүниесі, ол тіршілік, үлкен тағдыр. "Әже" сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. олай болса, ендігі тілекті аналардың анасы әжелерге арнаймыз.

Жүсіпбек: Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Сәтберген: Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

Әділгерей: Ана көркі көгімнің,

Ана нұры жерімнің.

Ана бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

Ақжүніс: Менің анам, жан анам,

Көп жасаған дана анам.

Ауырғанда мен үшін,

Әр сүйгені дәрі анам.

Ойын: "Өлеңнің жалғасын айт"

Шарты: Аналар екі топқа бөлінеді, бірінші топтың аналары өлеңді бастайды, екінші топтың аналары жалғастырып кетуі керек, келесіде екінші топ аналары ән айтады да бірінші топ жалғастыру керек. Жеңімпаз ана қол шапалақтау арқылы анықталады.

Жүргізуші: Келесі кезекті балабақшамыздың директорының міндетін атқарушы Ерекова Әлия Әшірбайқызына сөз кезегін береміз.

Келесі кезекте бүлдіршіндеріміздің орындауында хор

Ән: "Ақ әжем"

Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да, ұзақ өмір сүріңіз.

Аспаныңыз ашық болып әрқашан.

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз.

Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұжымдастар, бүгінгі 8 - наурыз халықаралық әйел - қыздар мерекесіне арналған "Ана өмірдің шырағы" атты ертеңгілігімізді осы мен аяқтаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын.




© 2010-2022