Жастар тәрбиесіндегі назарда болатын өзекті мәселелері

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жастар тәрбиесіндегі назарда болатын өзекті мәселелер

Біздің болашағымыз-жастар.

Осы болашағымызды көзі ашық көкірегі ояу,білім сапасы жоғары,халқымыздың асыл қазынасын,салт-дәстүрін сүйетін, ұлтын , жерін,елін қадірлейтін,иманды,

инабатты да ибалы,адамгершілігі мол етіп тәрбиелеудің негізі

мектептен басталады.

Бәрекелді,Тәуелсіз Қазақстанның кемелді болашағы бүгінгі білімді ұрпақтың асқақ арман, биік мақсаттарымен айқындала түсуде. Оған жүрегіміз жылиды,кеудемізді мақсатыныш кернейді. Алайда, бес саусақ бірдей емес демекші бүгінгі жастардың құлшынысы бірдей болмай тұр.Оған себеп, қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлардың әсері десек артық айтқанымыз емес. Мысалы: Мың жерден айтып,қайта-қайта көтеріп титтей де болса бас алмай жататын маскүнемдік және еш тоқтаусыз жұмыс жасап жатқан түрлі адам өміріне қауіп төндірер зиянды өнімдер сатумен айналысатын орталықтардың көптігі.

Қай заманда болсын, ата - ананың басты арманы - баласының инабатты, ізетті, еңбексүйгіш, ержүрек, адал, қайырымды болуы. Соған өз балаларын тәрбиелеиді.

Бала дүниеге келгеннен бастап ұлттық тәрбиені санасына сіңіре берсе, өсе келе бала зиянды нәрселерден аулақ болады. Соңғы кездері теледидардан берілетін мағынасыз, тәрбиелік мәні жоқ кинолар мен компьютер ойындары жастарды ойсыздыққа, мейрімсіздікке, жауапсыздыққа, қатыгездікке, ұмытшақтыққа әкеліп соқтыруда.ХХ/- ғасырда қай салада болса да компьютерсіз іс біту қиын.Балаға да компьютер қажет, бірақ тек өзіне қажетті жағдайда ғана қолдануы тиіс.

«Адам тәрбиелеу,өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу- азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы » деп В.А.Сухомлинский айтқандай , бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата - ана әрдайым жадында ұстауы тиіс.

Әлеуметтік және азаматтық тұрғыдан есею шағында жастар көбіне біз үшін жат ықпалдың алдында әлсіздік танытады. Әсіресе жастар діни экстремизм мен терроризм құрылымдары тарапынан жасалған идеологиялық шабуылдардың алдында қорғансыз болып келеді. Әркімнің өмірі өзіне қымбат.Темекі шегу денсаулыққа зиянды әсер ететін ең көп тараған зиянды әдеттердің бірі.Темекінің түтінінен бөлінген заттар өте қауіпті.Бала кезде темекі шегу ерекше қауіпті,өйткені бұл жас аралығында көптеген өмірлік маңызы бар мүшелер өсу және даму үстінде болады.

Жастар әділдік пен жақсылық үшін күресте барлық іс - әрекетке, соның шектен шығушылыққа да бой ұрады. Мәселен « Хизб- Ут- Тахрир», «Орталық Азиядағы моджахедтер жамағаты», «Жунд әл - Халфат», «Таблиғи жамағат » сынды экстремистік және террористік ұйымдардың негізінен ылғи жастардан құралғаны бізді алаңдатады.

Соңғы жылдары елімізде адамдардың өз-өзіне қол салу әрекеттері жиі орын алуда.Көпшілікті алаңдатып отырған суйцидтің жастарымыздың дабыл қақтырарлық жағдайы. Суйцид - дерт пе,әлде тағдыр ма?Егер дерт болса емін қайдан іздеп табамыз?! Бірақ,неге жасөспірімдер тек өлуді ғана ойлап,оның бәрінен құтқаратын дұрыс шешім деп есептейді. Неге қиындыққа төзе білмейміз?Келешекте елу елдің қатарында болуды мақсат тұтты еліміз.Сол елдің болашағы- жігерлі,жалынды жастардың қолында емес пе?!

Құрбылар,замандастар мына қамшының сабындай қысқа ғана бес күндік өмірде кездескен қиындықтарға мойымай,болашаққа нық сеніммен қадам басайық!

Міне қоғам сондай азаматтар, отбасылар ғана мектеп қабырғасындағы ұстаздар, жастарымыздың бірігіп сол зиянды әрекеттерге үрке қарайтындай рухани бай, санасы мол, өмірге деген құлшынысы жоғары деңгейдегі азаматтар етіп тәрбиелейтін болсақ, біздің болашағымыздың жарқын болуына нық сеніммен қарайтынымыз анық.

Ал оқу мәселесіне келетін болсақ, кез- келген мектеп қабырғасындағы жастардың білім алуына толық жағдай жасалған, мүмкіндіктер жетілдірілген. Тек білім алуға деген асқақ арман, мақсаттарға ұмтылуға деген жастарымыздың ой - санасын оята білсе болғаны.

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы - жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары да сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі - жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу маңызды іс саналады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Стратегиялық бағдарламасында: "Жастарды қазақстандық патриотизмге шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек", - деп ерекше мән беріп, тоқталған болатын.

Міне, осы тұрғыдан келсек, мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында патриоттық cезімде тәрбиелей оқыту мәселесінің өзектілігі әрқашан да маңызды болып қалмақ.

Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген саналы көзқарастың болмауы салдарынан, әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бастап, мектепте, жолда және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі айқын байқалуда.

Педагогика тарихына үңілсек, Отанға деген сүйіспеншілік, оны жүзеге асырудың жолдары туралы айтылған тұжырымды ойлар жетіп артылады. Ертедегі грек және рим ойшылдарының (Платон, Цицерон, Аристотель, т.б) еңбектерінде тәрбие идеялары көрініс береді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыруда ұтымды қолдану - уақыт талабы.

Зерттеуші ғалымдардың, педагогтардың тұжырымдары бойынша, жас ұрпақты отан­сүйгіштікке баулуда баға жетпес педагогикалық құрал - батырлардың қаһармандық бейнесі және оның қазақ ауыз әдебиетінде, тарихында, көркем шығармаларда сомдалуы болып табылады десек, одан қазақ батырларының бойындағы елдік қасиеттердің жиынтығы да, азаматқа тән адамгершілік болмысы "сегіз қырлы, бір сырлылық" та, шешенге тән алымдылық та, данаға тән білгірлік те, биге тән көсемдік те, әулиеге тән көрегендік те табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Ер Төстіктің қаһармандығын, Бекет атаның бойындағы әулиелігін, Исатай батырдың ел бастаған билігін, Сырым батырдың шешендігін, Б.Момышұлының батырлығын айтуға болады. Тамыры терең патриоттық тәрбиенің көзі ұлттық тарихымызда осылай жалғасып кете береді.

Президент Н.Назарбаев "Қалың елім - Қазағым" жинағында "…Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды…" және "Біз қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге-дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау" деп жазған еді.

Жастарымыздың басым бөлігінің дұрыс тәрбие алғаны және алып жатқандығы белгілі. Олар - отансүйгіш патриот ,рухани және психологиялық тұрғыдан мықты және салауатты жандар.Елімізде жастардың ізденгіш,арманшыл болмысын өмір шындығымен ұштастыру және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін, барлық жағдай жасалуда.

Біздің -жастар алғыр,барлық заманауи технлогиялық құралдарды меңгеруде ,кез-келген басқа елдердің жастарымен зияткерлік деңгейі жағынан терезелері тең.Біздің жастарымыз биік рухани-өнегелік қасиеттер тән.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Демек, жас ұрпақтың бойында ұлттық патриотизммен бірге қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше маңызға ие. Қазақстанның әрбір азаматы ұлты мен дініне қарамай татулық пен бірлік­тің туын жоғары көтере білсе - патриотизмнің негізі сол болмақ. Елбасы өзінің "Тарих толқынында" кітабында: "Ұлттық бірліксіз патриотизм деген жансыз бірдеңе ғана болып қалады", - деп ұлттық бірлікке ерекше мән береді. Бірлік пен татулықтың маңызына халқымыз да бейжай қарамаған. "Бірлік болмай, тірлік болмас", "Төртеу түгел болса, төбедегі келер, алтау ала болса, ауыздағы кетер", "Ынтымақсыз - ел оңбас" деп, жас ұрпақтың санасына сіңіріп отырған.

Ғалымдардың пайымдауынша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар - ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм. Ұғым дегеніміз - заттар мен құбылыстардың жалпы айырмашылықтарының белгілі бір жиынтығы негізінде ой жүргізу. Ол ғылыми және тәжірибелік білімдерді қалыптастыруда қолданылады. Ұғымдар негізінде пікір, ой-тұжырымдар қалыптасып, ой қорытындылар мен пайымдаулар жасалады. Бұл жерде ұлттық патриотизм және Қазақстандық патриотизм ұғымдары арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, халық туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түспек. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну. Сөйтіп, ұлттық патриотизм және қазақстандық патриотизм ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын: отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет қалыптастыру және басқа тәлім-тәрбиелік ұғымдар. Осыларды жан-жақты қозғап жүргізген зерттеу еңбектерімізде педагог, психолог, философ ғалымдар мен ақын-жазушылардың ой-пікіріне сүйеніп ұлттық патриотизмге және қазақстандық патриотизмге анықтама беруге ұмтылып жүрміз. Бұл бүгінгі күннің кезек күттірмейтін қажеттігінен туындап отыр.

Б.Момышұлы "Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді" - деп анықтама берген. Байқағанымыздай, қаһарман жазушы ұлттық патриотизм, қазақстандық патриотизм ұғымдарына философиялық тұрғыда анықтама беруге ұмтылған. Тағы бірде Баукең: "Ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі, өз халқымен қан жағынан да және шыққан тегі, территориясы, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлқы, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктері қалыптасқан, тарихи дәстүрлері жағынан да әбден айқын әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшеліктерімен де байланысты" дейді.

Еліміздің болашағы - жастардың еншісінде. Ендеше, ел сенімін, ел басы сенімінен шығу үшін жастарымыз жақсыға үйренген , жаманнан жиренген , көкірегі ояу, көзі ашық жан - жақты дамыған озық ойлы азамат болып қалыптасуы қажет. Еліміздің әрбір азаматы ел, жер тағдырын - өз тағдырынан еш бөліп қарамайтын Отанымыздың шыеайы патриоты болуға талпынуы керек. Осындай патриотты жастары барда еліміздің іргесі берік, алар асулары мен бағындырар шың биіктері әлі де алда боларына кәміл сенемін деп тілегімді білдіремін.

Баланы жастан демекші әуелі бастан- ақ жастарға дұрыс ықпал, түзу бағдар беруді тәрбие жұмысын бір минутта қалдырмау баршымыздың ата - аналық және педогогикалық борышымыз екенін ұмытпағаны абзал.


Жоспары:

  1. Егеменді елімнің болашағы, жас ұрпақтың қолында.

  2. Жалынды жас - жарқын болашақ.

  3. Назарда болатын мәселелер.

  4. Қорытындылау


© 2010-2022