Анашым анам атты мерекелік іс-шара

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Анашым анам атты мерекелік іс-шараС.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

«Балауса»

шағын орталығы


Анашым анам атты мерекелік іс-шара


Тәрбиеші : Магмурова.А.Б.


Қызылқоғам ауылы, 2015жыл

Мақсаты: балаларға 8-наурыз туралы түсінік беріліп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу.Ана еңбегін, үмітін ақтап, аналарымызды ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу

Балалар залға әуенмен кіреді.

Жүргізуші: Құрметті: ақ жаулықты әжелер, аналар, қыздар көктем айында жылда тойланатын 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі құтты болсын.Барлықтарынызға денсаулық, өмірлерініз ұзақ, отбасыларынызға амандық тілейміз. Бүгінгі сіздерге арналған ертеңгілігімізгі бастамас бұрын, алдымен "Жақсы сөз- жарым ырыс!" - деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы мерекелік құттықтау сөзді, ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан мектебіміздің білікті басшысы Айтжанова Гульзия Молдагалиқызына береміз.

Жүргізуші:Қазір біздің ұлдарымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тамашалаңыздар.

Мен мұғалім анамның,

Өнегесін аламын.

Ертен менде анамдай,

Оқытушы боламын.

Анашым анам,

Ризамын саған,

Тіліңді алам,

Ақылды болам.

Келді көктем күнің,

Күлімдейді гүлің,

Алтын ойлы анам,

Мерекеңіз бүгін.

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ мамам.

Анашым анам,

Ыстықсың маған.

Тәрбие бердің,

Көп алғыс саған.

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Жүргізуші:

Қысылып еш саспаңдар,

Сызылта би бастаңдар,

Аналардың көңілін

Бір көтеріп тастаңдар,- деп ұлдарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Балапандар»

Анашым анам атты мерекелік іс-шара

Жүргізуші: Кәне, балалар ақ жаулықты әжелерімізге арналған сыйлықтарымызды таратайық.

Әжелерге сыйлық сыйлайды.

Жүргізуші:Ал, енді қыздарымыз тақпақтарын тамашалайық.

Жылылықтан жаралған,

Құшағы оның таң мекен.

Менің айдай анамнан

Асқар сұлу бар ма екен.

Жер бетінің ғұмыры

Күн нұрымен арайлы.

Біздің үйдің жылуы,

Анамыздан тарайды.

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Мамам, мамам, ақ мамам,

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Менің әжем әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Керек болса бәріңе.

Әлпештеген баласын,

Ана-бақыт, ана-күн.

Қыздарымыздың тамаша билері бар қабыл алыңыздар.

Үнді биі: «Хатуба »

Анашым анам атты мерекелік іс-шара

Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.-дей отыра балалардың әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Нұрын төккен маған»

Анашым анам атты мерекелік іс-шара

Жүргізуші: Балалар барлығымыз асыл жанды аналарымызға арналған сыйлықтарыңды сыйлайықшы.

Аналарға сыйлықтар таратылады.

Жүргізуші: Осындағы балаларға жаны ашитын, білімді, білікті, жүзі мейрімді біздің мектептің оқу-ісінің меңгерушіс Мадиниет Нажмиден қызына келесі сөз кезегін береміз. .

Жүргізуші: Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Барлықтарыңызға аман сау болыңыздар дейміз.


© 2010-2022