Желбірейді Жеңіс туы іс шара

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

С.Сатыбалдин атындағы орта мектеп

«Балауса»

шағын орталығы

9-мамыр

«Желбірейді Жеңіс туы!»

Желбірейді Жеңіс туы іс шара

Тәрбиешілер: Магмурова.А.Б.



Қызылқоғам ауылы, 2015жыл

Мақсаты: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, қонақтар!ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Бүгінгі ертеңгілігіміз Отан қорғаушы ұландар күні мен 9 мамыр жеңіс күніне арналады.

Ортаға Отан қорғаушы сарбаздарымызды шақырамыз.

Баршамызға белгілі 9 мамыр 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз Отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге

жазылмас жара салды.

Биыл міне, сол жеңіске 70 жыл толып отыр.Бізге-тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін ұмыту мүмкін емес.

Елімізде, жерімізде,
Бүгін үлкен мереке.
Болашақтың тыныштықтың,
Қорғайды жас ұландар бүгінде.


Сұрапыл соғыста Отан үшін ерлік көрсетіп, қаза тапқан батыр ағаларымыз бен әпкелерімізді еске алып, гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жариялайық.

(Бір минут үнсіздік болады).


Ертеңгілігімізді бастамас бұрын ең алдымен мектебіміздің директоры Айтжанова Гулзия Молдағалиқызына сөз кезегін беруге рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Ән: «Менің Қазақстаным»

Желбірейді Жеңіс туы іс шара

Қазір біздің балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған тақпақтарын тамашалаңыздар.

Бауыржан, Мәлік, Талғаттар,

Сүйікті болып қалды аттар.

Олар аттас қаншама,

Сәби бар, солдат, шәкірт бар.

Отан туған еліміз,

Отан туған жеріміз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Елге қауіп төнбесін,

Халқым өсіп өрлесін.

Есен-аман болайық,

Енді соғыс болмасын.

Әлияны бұл күнде,

Барлық бала біледі.

Әлия аты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Алаулап гүл тұрады,

Туған жер құлпырады,

Бейбітшілік болса!

Ардагер асыл атаның,

Ақ батасын алайық.

Отан -өлең,

Отан -жыр,

Көтерген көкке ел даңқын

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама,

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Асқақ ән көңілді тербесін,

Тұтпасын күн қара пердесін.

Бақытпен көз ашқан балалар,

Бүлікшіл соғысты көрмесін.

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақты шытпасын.

Бақыт пен көз ашқан баладлар,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

Енді соғыс болмасын,

Қабақты қайғы шалмасын.

Күрсінбесін аналар,

Күле берсін балалар.

Ынтымақ бар елде гүлденсің,

Адамдар араз боп жүрмесін

Қызықпен көз ашқан балалар,

Қан құйлы соғысты көрмесін.

Пулеметті сөйлетіп,

Қолға алды алтын бесігін.

Ұмытпаймыз ешқашан,

Мәншүк апай есімін.

Үйлер де құламасын,

Ешкім де жыламасын,

Бейбітшілік болса!

Отан -менің ата-анам,

Отан -досым, бауырым.

Жүргізуші:Келесі кезекте қыздардың тамаша билерін қабылалыңыздар.

Би: «Катюша» (қыздар).

Жүргізуші:

Қамықпаған қиындықтың үрейінен,

Өздеріне сыйлап қырдың гүлінен,

Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атанып

Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары.

Жігерменен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны,

Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

деп келесі кезекті ұлдарымыздың тамаша биін қабылалыңыздар.

Би: «Сарбаздар» (ұлдар)

Жүргізуші:Балалардың орындауында ән.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін мектебіміздің тәрбие меңгерушісі Темиргалиева Мәдениет Нажмиденқызына береміз.

Жүргізуші:Ата-аналардан мерекеге орай айтар жылы лебіз тілектерініз.

Желбірейді Жеңіс туы іс шараЖелбірейді Жеңіс туы іс шара

Осымен «Желбірейді Жеңіс туы» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Бүгін жиналған қауымға:

Салтымыз берік орнасын,

Жаманшылық елде болмасын,

Бір Аллам өзі жар болып,

Тіл мен көзден қорғасын.

Бақытты болсын балалар,

Гүлденсін дала-қалалар,

Қазақтың туы желбіреп,

Көтерсін әке-ағалар- деп тілейміз.


© 2010-2022