Театрализация сказки Мақта қыз

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Шығармашылық.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Театралдық әрекет


Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін кеңейту, ертегіні сахналауға үйрету.
Міндеттері:
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Баланың сөздік қорын дамыту,
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.


Әдіс - тәсілдер: сұраққа жауап беру, әңгімелесу, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.

Көрнекіліктер: үстел үстінде ыдыстар, кесе, сыпырғыш, тауық, тышқан, сиыр, мысық короналары, шелек, дүкен, мейіз, тары,қайшы.


Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане, қонақтармен амандасайық: Сәлеметсізбе!

Шаттық шеңбер: Күлімде күн, күн күлімде,

Бүлдіршіндер қуансын,

Айналаға нұр шашылсын.

Біз әдепті баламыз,

Біз сүйкімді баламыз.

- Балалар, бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.
Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме? (жауап)

Д/ойын «Ертегі ма, тақпақ па?»

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Атақты бір бай бопты,

Төрт түлігі сай болыпты.

Бұл не ? Тақпақ па, ертегі ма ?

Дұрыс, ертегі.

Ойыншықтарды шашпаймын,

Төсекті өзім жинаймын,

Жуып жеймін үнемі,

Алма, алмұрт, шиені,

Суды жақсы көремін,

Қашанда таза жүремін

Бұл не ? Тақпақ па, ертегі ма ?

Тақпақ, пен ертегіні ажырату білесіңдер екен, жарайсындар, балалар.

Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауаптары)

Д/ойын «Мақта қыз бен мысық ертегісінің кейіпкерлерін тап»

Ертегіні кім шығарды ? Ыбырай Алтынсарин.

Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап өлеңдерді, ертегілерді жазған бірінші қазақ жазушысы, ақын, ұлы ұстаз, мұғалім.

Кел, балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық -деп жазған.

Өте жақсы, бүгін ертегіні біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз. Ыбырай Алтынсарин «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Залда Айгерим Қалаубаеваның «Ертегілер» өлеңі орындалады.

Тәрбиеші-автор:

Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Бір күні мақта қыз үйін жинап жүріп, мейіз тауып алады да, мысығын шақырады. Мысық келмейді.

Мақта қыз - Дилнур: Келмесең, келме! -

Тәрбиеші-автор:- деп, мейізді өзі жеп қояды. Бір кезде мысық жанына келіп:

Мысық-Адильжан:

Неге шақырдың?-

Тәрбиеші-автор: - деп сұрайды. Қанша сұраса да мақта қыз айтпайды. Сонан сон мысық ашуланып:

Мысық - Адильжан: Ендеше сүтінді төгемін !

Мақта қыз - Дильнур: Ал мен құйрығыңды кесіп аламын!

Тәрбиеші-автор: Мысық сүтін төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

Мысық-Адильжан: Апа, апа! Құйрығымды берші!

Тәрбиеші - автор: - деп жалынды.

Амалы жоқ мысық сиырға барады.

Мысық- Адильжан: Мяу, сиыр, сиыр, маған сүт берші!


Сиыр-Вероника: Сен маған шөп әкеліп бер, мен саған сүт беремін.


Тәрбиеші-автор: Сөйтіп, мысық шөпшіге барады.

Мысық - Адильжан: Шөпші ағай, маған шөп берші!


Шөпші-Асылхан: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берсен, шөп беремін.


Тәрбиеші-автор: Мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Мысық-Адильжан: Мяу, қыздар, қыздар! Маған су беріңдерші.


Қыздар-Жанель, Аружан: Бізге дүкеннен сағыз әкеліп берсең, саған су береміз.


Тәрбиеші-автор : Мысық дүкенге барады.

Мысық - Адильжан: Мяу, дүкенші апай, маған сағыз берші.

Дүкенші - Райхан: Маған жұмыртқа әкеліп бере ғой, сонда сағыз берейін.
Тәрбиеші-автор: Мысық тауыққа барады.

Тәрбиеші-автор- Тауық қыт-қыттап:

Тауық- Елназар: Маған тары әкеліп берсең, саған жұмыртқа берейін.

Мысық-Адильжан: Енді не істеймін?

Тәрбиеші-автор: -деп бара жатса, бір, ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

Мысық-Адильжан: Жаның барында айт! Үйінде не бар?

Тәрбиеші-автор- Тышқан қорыққанынан:

Тышқан - Рамазан: Үйімде аздаған тары бар.

Мысық-Адильжан: Ендеше маған бір уыс тары бер

Тәрбиеші-автор: -деп тышқанды үйіне жібереді.

Тышқан үйіне барып , бір уыс тары әкеліп береді. Тарыны алған мысық оны тауыққа апарады. Тауықтың берген жұмыртқасын алып, дүкеншіге келеді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды алып, қыздарға келеді. Қыздар бір шелек су береді. Суды шөпшіге апарып, одан шөп алып кетеді. Шөпті сиырға әкеліп береді. Сөйтіп, мысық сиыр берген сүтті төгіп алмай, Мақта қызға жеткізеді. Риза болған Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарады. Содан бері Мақта қыз бен мысық тату өмір сүріпті.

Тәрбиеші: Осымен ертегіміз аяқталды.

Мақта қыздың рөлін ойнаған-Каримова Дильнура, Мысықтың рөлін орындаған -Дүйсен Адильжан, Сиырдың рөлінде- Климкина Вероника, Шөпшінің рөлінде- Урдабек Асылхан, Қыздар - Нургалымова Аружан, Молдашева Жанель, Тауықтың рөлінде- Елназар, Дүкенші- Мухамедьярова Райхан, Тышқан рөлін орындаған -Бердібек Рамазан.


Балалар, менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!
Балаларымыздың өнерлерін тамашалаған апайларға да рахмет.
Қош сау болыңыздар!


© 2010-2022