Шынықсаң - шымыр боласың сайысы

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Спорттық ойын-сауық.


Тақырыбы: « Шынықсан - шымыр боласың »
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу.
Іс - шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.

Барысы:
Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары - жасыл киімде, екінші топтың балалары - сары киімде)
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.
1 ________________________

2________________________

3________________________


Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім - «Таныстыру»
2 бөлім - «Жарыс түрлері»
3 бөлім - «Қимылды ойын»

«Мергендер»
Мерген, мерген, мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.

«Жүйріктер»
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйріктерміз біз мықты.



Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады.

2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»

3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.

4 ойын: «Орамал тастамақ»

5.«Жүйрік ат»
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.

6.«Сиқырлы доптар»

Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш - жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.

Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!



© 2010-2022