Урок для дошкольников Жәндіктер әлемі

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім саласы: Таным, қатынас, шығармашылық.

Білім бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру, құрастыру, тіл дамыту, көркем әдебиет, жапсыру.

Тақырыбы: "Жәндіктер әлемі"

Мақсаты: 1. Балаларды жәндіктердің тіршілігімен, өмір сүру ортасымен, дене құрылымымен таныстыру.

2. Балалардың таным, ұсақ қол моторикасын, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Балаларды жәндіктерді, табиғатты қорғауға, сүюге, тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, көбелек, ара, құмырсқа, шегіртке, т.б.

Іс - әрекет бөлімі

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

қозғалысы

Алақанды ашасың,

Күн шуағын санайсың,

Жүрек жылуын ашайық,

Қонақтарға шашайық.

Өлеңге сай қимыл қозғалыс жасайды



Мотив-қ қозғаушы

-Балалар қазір қай жыл мезгілі?

-Ал, қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

-Адамдар қыста қалай киінеді?

-Ал, жарайсыңдар балалар, мен сендерге бүгін жұмбақ жасырғым келіп тұр. Соның шешімі іс - әрекетіміздің тақырыбы болмақ:

1. Екі басы жұдырықтай,

Ортасы қылдырықтай.

2. Көкке самғайды,

Құстан аумайды.

3. Тыру - тыру тырналар

Тауға қарай жорғалар

Жарайсыңдар балалар сендер жұмбақ шешімін дұрыс таптыңдар. Бүгінгі іс - әрекеттің тақырыбы жәндіктер.

Жәндіктерге не жатады?

-ара ұша алады ма?

-ара қайда өмір сүреді?

-ара ұясын қайда салады?

-құмырсқа ұша алады ма?

-құмырсқаның үйін не деп атаймыз?

-көбелек ұша алады ма?

-көбелек неге ұқсайды?

Д.ойын «Көбелек қанатының сыңарын тап»

Ойын мақсаты: Көбелектер суретінің бір сыңар қанаттары қиылған. Оларды түстеріне сай етіп құрастыру.

Балалар осы жәндіктер жайлы тақпақ білесіңдер ме?

Д.ойын: «тақпақтар мекенін тап»

Ойын шарты: Құмырсқа, ара, көбелектердің мекенін табу.

Балалар осы жәндіктер күз мезгілінде ағаш жапырақтарының астына кіріп, қысқы ұйқыға кетеді.

Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатты жұмысқа,

Алды допты жолынан

Оңға бұрылды,

Солға бұрылды.

Қойды допты орнына,

Ұжымдық шығармашылық жұмыс -құмырсқа, ара, көбелекті мекен орнына орналастыру

-қыс

-суық, қар жауады.

-қалың киінеді


-құмырсқа

-көбелек

-ара


-ара, құмырсқа, көбелек,шегіртке

-иә

-гүлдердің арасында

-қабырғаға, ағаш бұталарына

-жоқ

-илеу

-иә

-гүлге


Тақпақтар:

О, құмырсқа , құмырсқа,

Шеберақсың жұмысқа,

Азық жинап қуысқа,

Қол жаймайсың туысқа.

Көбелек ау, көбелек,

Әдемісің гүлдейсің

Ұстап сені не керек,

Онамайсың күлмейсің.

Гүлден сорып бал жинап,

Терлеп жанын қинайды,

Және өзіне жиғанын

Адамдарға сыйлайды.

Рефлекс шарт

түзетуші:

-Балалар бүгін біз не туралы өттік?

-Жәндіктерге нелер жатады?

-Ара қайда өмір сүреді?

-Ара не істейді?

-Балды қайдан алады?

-Көбелек қайда өмір сүреді?

-Құмырсқа ұша алады ма?

-Құмырсқаның үйін не деп атаймыз?

Би: «Көбелектер мен гүлдер»

-жәндіктер

-көбелек, ара, құмырсқа, т.б.

-гүлдерде

-бал жинайды

-гүлден

-гүлдерде

-жоқ

-илеу

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Жәндіктердің тіршілігін.

Қабылданатын түсінік: Жәндіктердің қимыл қозғалысы, мекен ортасы.

Орындаушылық қабілеті: Жәндіктерді мекен ортасына орналастырады.

Өткізген: «Шаңырақ» бала бақшасының тәрбиешісі Найманбаева Сәуле Мұсабекқызы

Шымкент қаласы



© 2010-2022