Аналар мерекесі тәрбие сағат

Раздел Дошкольное образование
Класс 13 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Аналар мерекесі.

  1. - Жүргізуші:

Қос бқрымы аш беліне төгілген,

Келбеті бар кермаралдай керілген.

Қазақ қызы - инабатты ару қыз

Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

  1. - Жүргізуші:

Тіл байланып қалатындай көргенде,

Сұлулықты соған ғана берген бе!

Кімді болса бас иеді мойындап,

Қарсы алдына қазақ қызы келгенде

  • Дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошаметпен ару қыздарымызда ортаға шақырайық.

1 - аруымыз

2 - аруымыз

3 - аруымыз

4 - аруымыз

5 - аруымыз

6 - аруымыз

  1. - аруымыз

1 - Жүргізуші:

Әділдікпен баға берер аруға

Әділдікпен қара қылды жаруға

Алқасын қазылардың біз сайлайық

Ақ аруды бүгін талдап алуға

  • Деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. - Жүргізуші:

Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарты бойынша сынға түседі:

І - бөлім. «Сәлем - сөз басы»- деп аталады. Байқауымыздығ бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.

ІІ - бөлім. «Өнерлі өрге жүзер»- деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

ІІІ - бөлім. «Білімді мыңды жығар» бұл бөлімде аруларымыз билет алу арқылы сұраққа жауап береді.

IV. «Қыздарға - әсемдік жарасады» - деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыздың бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді.

Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады.

Ана.

Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағын,

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едіғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Таусылып, өз - өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпынғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді

Аспанға жазам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді...

1 - Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сеннен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті асыл аналар!

2- Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын, әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

1 - Жүргізуші: Бүгінгі күн сіздерге мерекелік көңіл - күй тілей отырып, халықаралық әйелдер мерекесіне арналып өткелі отырған «қыздарға әсемдік жарасады» атты қыздар байқауын тамашалауға шақырамыз.

2- Жүргізуші:

Ананың құтты болсын, мерей тойы

Бүгінгі айтылатын көптің ойы

Ұл ұстап, қыз өсірген жанұяда

Ауылымның арта берсін абыройы.

Тақпақтар

1 - Жүргізуші:

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар

Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін

Зердерлі ол, зейінді келіп сынар - дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайқ.

1 - Жүргізуші:

Бұла ұырдың құлпырған қызғалдағы

Ержігіттің бірінші ізгі арманы

Тіршіліктің жылуы, сұлулығы

Мына жалған өмірдің гүлзар мәні.



  1. - Жүргізуші:

Көркемдікке көмілген кебетіне

Көз тимесін деп досым сен де тіле

Көздері - күн кірпігі сәуле сынды

Айна көктен жететін жер бетіне.

ХОР

Қорытынды сөз әділқазы алқаларына беріледі, марапаттау рәсімі.

1 - Жүргізуші:

Қыз баланы ізетті, инабатты асыл жан етіп, ісіне көркі сай тәрбиелеу, қыз сыйлау халқымыздың қанына сіңген қасиет, олардың айналадағы адамдармен қарым - қатынас жасай білуіне көңіл бөле отырып, оларға нәзіктік пен сүйкімділік қасиеттерін бере білген.

«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын,

Үлкеннен алдын орап сөз сөйлемес,

Халқының сақтай білген ізгі салтын»

- дегендей, қыздарымыз апаларының өнегелі істерін өз бойларына дарытып өссе екен дейміз. қыздарымыз ата - б-баларымыздың ықылым заманнан келе жатқан салт - дәстүрін, әдет - ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлң де ибалы боп өссе дейміз.

Осымен байқауымыз өз мәресіне жетті. Ару қыздарымызға рахмет айтамыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!







© 2010-2022