Сабақ жоспары Астанаға саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мақсаты: Отан туралы түсініктерін кеңейту . Астана қаласының көрікті жерлерімен таныстыру арқылы сөздік қорларын байытып, анық сөйлеуге дағдыландыру, әсемдікті сезіне, көре білуге, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

-Біз бүгін сендермен Отан туралы әңгімелесеміз. Балалар, Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс,балалар. Қане баріміз бірге Отан дегеніміз біздің еліміз, жеріміз, туған үйіміз, туып өскен жеріміз. Қашанда Отанымызды құрметтеп жүруіміз керек.

- Отанымыздың бас қаласы қай қала?

- Дұрыс, еліміздің бас қаласы Астана қаласы. Ол жаңадан бас көтерген әсем әрі жас қала. Осы Астана қаласының сұлулығын тамашалау үшін сендерді саяхатқа шақырамын. Барасыңдар ма?

- Астана қаласы алыс қой, қандай көлікпен барғыларың келеді?

(Пойыздың жүретін уақыты хабарланады)

  • Құрметті жолаушылар Арқалық -Астана бағытымен жүретін поезд бірінші жолда тұр. Орындарыңызға орналасуды сұраймыз. Баралар пойызға отыру үшін Отан туралы мақалжмәтелдер айтуларыңыз сұралады.

  • Отан үшін отқа түс күймейсің

  • Отан оттан да ыстық

  • Отан отбасынан басталады

  • Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Поезд Астанаға келіп тоқтайды. Балалар әне-міне дегенше Астана қаласына да келіп қалыппыз, Біз теміржол вокзвлында тұрмыз. Сондай ұлкен екен.

  • Астана жақында ғана бой көтерген сұлу ғимараттары, кең көшелері бар қала.

  • Келесі көріп тұрғандарың қаланың ең ерекше көрнекті орындарының бірі Байтерек.

  • Ал, Мына ғимарат Ақорда деп аталады, мұнда біздің призидентіміз қонақтар қабылдайды. Біздің еліміздің призиденті кім?

  • Ал, Мына ғимарат қалай аталады деп ойлайсыңдар? Пирамида өзі қандай пішінге ұқсайды?

  • Мына ғимарат бұл Хан шатыры деп атадады. Мұнда сауда мен ойын орталықтары бар. Мұнда халық сауда жасап, демалуға келдеі екен.

Астана туралы тақпақ айтайық (Салика, Бақыт)

  • Балалар сендерге Астана қаласында жасаған серуен ұнады ма?

Ойын: «Менің елім Қазақстан»

  • Мен Қазақстанда тұрамын!

  • Менің Отаным Қазақстан!

  • Астана Жас қала!

  • Астана әсем қала!

  • Астана бас қала!

Пойыздың жүретін уақыты хабарланады.

Ойын: «Кім тапқыр»

Астана қандай қала екен?

Балалар қолымызды кеудемізге қойып жүрегіміздің дүрсілін тыңдайықшы. Міне балалар, біздің жүрегіміз ауырмасын деп тілейміз. Ал, Астана болса Отан анамыздың жүрегі. Ендеше, балалар, сол Отан анамыздың тыныштығын тіліеп, қорғап жүрейік. Бүгінгі іс-әрекетімізді «Отан Ана» әнімін аяөтайық.







© 2010-2022