№ 5 Ақыл мектепалды даярлық тобына арналған хореграфиян ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеті Ғажайып орманға саяхат

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

МКҚК «Болашақ» мектепке дейінгі гимназиясы



Бекітемін:

МКҚК «Болашақ» м\д гимназия

әдіскері: Амирова Н ______

«___» «___________» ______







«Ғажайып орманға саяхат»

№4 «Ақсұңқар» ересек тобының

ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің конспектісі




Би маманы: Жумагазиева Л.А

Әдіскер: Нұрмағамбетова А.М


Құрық селосы

2016ж




Тақырыбы:«Ғажайып орманға саяхат»

Білім беру саласы:Шығармашылық

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Хореография

Мақсаты:Музыка әуенін сезіну, би қимылдарының элементтерін (шапалақтау, топылдату, отыру, бұрылу) орындауға үйрету. Мектепке дейінгі баланың шығармашылық құзіреттілігін дамыту.

Көрнекіліктер:Іздер,үйшік,би әуендері

Кейіпкерлер:Түлкі,қасқыр

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешілердің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бір қатармен залға кіреді.Шеңбер болып тұрады.Шаттық шеңбер жасайды.

Армысың,асыл күн.

Шашқан нұрлы сәулесін.

Армысың,жан досым.

Мінекей,менің қолым.













Ізденуші-ұйымдастырушы











































Рефлексті коррекциялаушы



Балалар бүгінгі ашық оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы«Ғажайып орманға саяхат».Балалар саяхатқа шықпас бұрын бой жазып,сергіту жаттығуларын орындайық.Бой жазу жаттығулары.

1.Қолымызды жоғары көтеріп,аяқ ұшымен жүреміз.

2.Қолымызды белімізге қойып өкшемен жүреміз.

3.Қолымызды жоғары көтеріп,тізеге бас тигізу.

4.Жерге отырып тізеге бас тигізу.

Балалар би билеу үшін бізге позицияларды білуіміз керек екенін білесіздер,ендеше сол позицияларды еске түсірейікші.

-Қолда және аяқта неше позиция бар?

-Сол позицияларды орындап беріңіздерші.

-Жарайсыңдар балалар,ал енді орманға саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма?

-Онда кеттік!

Орманға тез жету үшін билеп барайық.

Қасқыр:Бұл не шу?

Менің орманымның тыныштығын кім бұзған?

Мұғалім:Сәлеметсізбе қасқыр!

Біздің балаларымыз мына сізге ғажайып орманға саяхатқа келген.

Қасқыр:Жоқ.Мен сіздерді орманыма кіргізбеймін.

Мұғалім:Қасқыр сіз ашуланбаңыз.Біздің балалар ғажайып орман қызығын көруге келген.

Қасқыр:Олай болса менің сіздерге қояр бір талабым бар.Сол айтқан тапсырманы орындасаңыздар ғана сіздерге рұқсат беремін!

Мұғалім:Олай болса балалар келісесіңдер ме?Жақсы сіздердің талабыңызды орындаймыз.

Мұғалім:Балалар келісеміз бе?

Қасқыр:Балалар сіздер қандай билерді білесіздер?Сол билердің қимылдарын корсетіп беріңіздерші?

Қасқыр:Өте керемет!Менің көңілім бір көтеріліп қалды.Ендеше сіздерде орманға жол ашық.

Мұғалім:Қасқыр сізге көп-көп рахмет.Сау болыңыз!

Қасқыр:Сау болыңыз!

Мұғалім:Балалар тыныш-тыныш!Мында аяқтың ұшымен жүрген іздер жатыр.Бұл жерде бір ақ болғандай.Олай болса осы іздермен бізде аяқтың ұшымен жүріп өтеміз.

Мұғалім:Балалар,біз адасып кеткен сияқтымыз.Қараңдаршы.Қане көмек шақырып алайық.

Балалар,мұнда бір үйшік көрінеді.Кімнің үйшігі екен?

Аңшылардың үйі болар мен барып көріп келейін.Сіздер мына жерде қолдарыңызды ұстап тұрыңыздар!Тук-тук.Кім бар?

Түлкі:Мен өзім сондай қумын,

Жүрген жерім айқай шу.

Мұғалім:Сәлеметсізбе түлкі!Біз адасып кеттік.Бізге жол көрсетіп жіберіңіздерші.

Түлкі:ХА-ха-ха менің қулығым соншалықты мен сіздерге жайдан-жай жол көрсетемін.

Мұғалім:Олай болса біздің балаларымыз балабақшадан үйренген билерін билеп береді.

Түлкі:Жарайды!

Түлкі:Жарайды балалар өте керемет!Ендеше жолды айтайын.Тура шыгыс жаққа жүре беріңіздер.Алдарыңыздан іздер көрінеді.Сол іздер ауылға апарады.

Мұғалім:Рахмет көп-көп.

-Балалар біздің орманға саяхатымызда аяқталып қалды.

-Бүгінгі үйренген іс-қимылдарымызды қортындылап отейікші.

-Қол,аяғымызда неше позиция бар екенін білдік пе?

-Түлкіге қандай би билеп бергендеріңізді айтыңыздаршы?

-Орманнан қандай аңдарды кездестірдік?

-Балалар орманда гулдерді жұлып,талдар,бұтақтарын сындыруға болмайды.Орман ішінде өз тіршілігі бар,соған біз қамқорлықпен қарауымыз керек.Ендеше балалар балабақшамызға қайтайық.





Балалар Мұғалім берген тапсырманы орындайды.





Қолда: І, ІІ, ІІІ позиция бар.

Аяқта:І, ІІ, ІІІ, ІV, V, VІ позиция бар.

-Балалар позицияларды жасайды.

Балалар «Буги-буги»биін билеп барады.









-Ия дайынбыз!



-Жарайды



-Ия



-Сау болыңыз!























«Лента»,«Қазақ»,«Спорттық»билерін билеп береді.





Сау болыңыз!



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Музыка әуенін сезіну, би қимылдарының элементтерін (шапалақтау, топылдату, отыру, бұрылу) және бидің позицияларын білу, орындау.

Баланың қолынан келеді: Музыка әуенін сезіну, би қимылдарының элементтерін (шапалақтау, топылдату, отыру, бұрылу) және бидің позицияларын біледі, орындай алады.



© 2010-2022