Тақырыбы: «Үйрек пен балапандары »

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ортаңғы «Бүлдіршін» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Күні: 17 .11.2015ж

Тәрбиеші: Акауова А.К.

Білім беру саласы: «Шығармашылық».

Кіші сала: Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Үйрек пен балапандары ».

Мақсаты: Алдыңғы сабақта қолданған әдістерін бекіту. Әр түрлі көлемде жасауға, пропорцияларды сақтауға үйрету.

Билингвальдық компоненті: Балапан - цыпленок

Сары - желтый

Іс-әрекет

кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

І-кезең- мотвациялық- қозғаушылық

Тақтаға үй құстарының суреттерін ілу.Үй құстары туралы қысқаша әңгіме өткізу.

-Қандай үй құстарын білесіңдер?

Д/О: «Не қалай дыбыстайды?»

Тәрбиеші балапан туралы тақпақ оқиды.

Жем бергенде жем жейді,

«Кел!»- дегенде келмейді.

Балапаным сары үрпек,

Әрі қорқақ,әрі үрпек.

-Балалар, мен не туралы тақпақ оқыдым?

Қызықты сәт: Көлшіктегі үйректің балапанын көрсету.

Сөздік жұмыс: үрпек

Балалар тақтадағы суретті тамашалайды.Үй құстары туралы әңгімені мұқият тыңдайды.Білетін құстарын атайды.

-әтеш,тауық,қаз,үйрек.

Балапан туралы тақпақты тыңдайды.


-Балапан туралы.

-Көлшіктегі балапанды қызыға қарайды.

Үрпек сөзін қайталайды.

ІІ-кезең-ұйымдастырушылық-

ізденушілік

Үйрек туралы әңгімелесу.

Үйрек суда әдемі жүзеді.Ол балапандарын жүзуге үйретеді.Ақ үйрек, қара үйрек,қоңыр үйрек,ала үйрек-су бетіне көрік береді.Үйректің мойны қысқа,аяқтары жарғақ,тұмсығы жалпақ болып келеді.

Билингвалық компоненті:

Үйректің балапаны- утенок

Ол үшін балапанның дене құрылысын талдап алайық: денесі -сопақша,мойны-қысқа,басы-дөңгелек,тұмсығы-жалпақ,көзі-мөлдір

қара,қанаты,құйрығы,екі аяғы бар.

Сергіту сәті.

Қанат жаям жалма-жан.

Талпынғандай ұшуға,

Иіліп келіп қол созам.

Аяғымның ұшына.

Тәрбиеші өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.

Балалардың өз бетінше жұмысы. Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.


Үйректің балапаны- утенок сөзін қайталайды.

Қайталайды:

денесі -сопақша,мойны-қысқа,басы-дөңгелек,тұмсығы-жалпақ,көзі-мөлдір

қара,қанаты,құйрығы,екі аяғы бар.

Өлең жолдарын айтып,қимылдар жасайды.


Балапан суретін салу әдіс-тәсілдерімен танысады.

ІІІ-кезең- рефлексивті- түзеушілік

  • Балалар, бүгін ре салдық?Біздің көлшігіміз әдемі болу үшін,салған балапандарымызды көлшікке жіберейік.

  • Балалардың жұмыстарын талдап,баға беру. Балалар үйреке не жасадық?

-үйректің балапанын

Мүсіндеген балапандарын суреттегі көлшікке қойып,жүздіртіп ойнайды.

Күтелетін нәтиже:

Ұғынады:Үй құстары жайлы жалпы;

Түсінеді: үйректің үй құстарына жататынын,олардың суда жүзетінін,түстерінің әртүрлі болатынын;

Қолданады: үлкен,кіші домалақтар жасау тәсілін.

Тақырыбы: «Үйрек пен балапандары »

© 2010-2022