- Преподавателю
- Дошкольное образование
- Үй құстары Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
Үй құстары Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
Раздел | Дошкольное образование |
Класс | - |
Тип | Конспекты |
Автор | Гильманова М.С. |
Дата | 29.10.2015 |
Формат | doc |
Изображения | Нет |
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Бекітемін: Уақыты: 12.11.2015 Тобы: «Балбөбек»
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімі:Көркем әдебиеті
Тақырыбы:«Үй құстары»
Мақсаты:Құстар және олардың күзгігі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.Құстарға қамқорлық жасауға баулу,және оларға қалай жағдай жасау керектігін үйрету.
Құстардың тіршілігінде болатын өзгерістерге мысалдар келтіре отырып түсіндіру арқылы есте сақтау қабілеттерін және зейіндерін дамыту.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу , сұрақ-жауап , көрсету
Көрнекілігі:Суреттер , дидактикалық материалдар
Билингвалдық компанент: үй құстары-домашние птицы
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы.
Әрқашан аман болайық,
Құстар әнін сайрасын
Бейбітшілік болсын,
Нанымыз көп болсын.
Әңгімелесу
Балаларға «Көкек және оның балалары» атты ертегі оқып талданды.Баяғы заманда көкек төрт балапанымен өмір сүріпті.Бірде ана-көкек ауырып қалыпты.Балаларын суға жұмсаса суық тиеді бізге деп бармайды.Содан кейін ана көкек бар күшін жинап алып алысқа ұшып кетеді.Барлығын кейін түсінген көкек балалары айтқан тілді аламыз,сені тыңдаймыз,жұмсағанда барамыз деп қала береді.Бірақ ана көкек оралмады.
Балалар жақсы тілекпен амандасады.
Іздену-ұйымдастырушы
Оқу іс-әрекет алдында балалармен бірге серуенге шығу.Серуенде балалардың назарын жыл мезгіліне көктемге байланысты табиғаттағы құбылыстарды, өзгерістерді байқауға аудару.
Құстардың келуі, ұя салуы, балапан шығаруы.Құстардың дауысына және сыртқы құрылысына қарап ажыратуға үйрету.
С.Көбеевтің «Құстың ұясы» деген әңгімесін оқып беру.
Сергіту сәті
Құстардың суреттерін көрсетіп,олардың түрлерімен таныстыруды жалғастыру.Құстардың немен қоректенетінін әңгімелеу.Олардың табиғатты қорғаудағы рөлі туралы айтып өту.Құстар бау-бақшаны зиянды құрт-құмырсқадан тазартады.Осыған байланысты адамдар да құстарға қамқорлық жасайды.Құстарға ұя жасау, тамақтандыру, жем шашу т.б.
Әліппе-дәптермен жұмыс
Құстар туралы мақалдарды оқып, мағынасын ашу.
Тырна көлге қонады,
Ара гүлге қонады.
Қыран құс құз-қиянын сағалайды,
Болар бала ізгі істі сағалайды.
Жұмбақпен жұмыс.
Көлдің көркі сәні екен,
Ұшқанда сазды әні екен.
Ақындар оны мақтаған,
Адамдар қорғап ақтаған.
(аққу )
Д/о: «Бұл қандай құс?»
Балалар аулаға серуенге шығады.
Көктемнің ерекшеліктерімен
Табиғаттағы өзгерістерге назар аударады.
Құстарды бақылап , ажыратып үйренеді.
Әңгімелерді тыңдайды , түсінеді.
Мақалдың мағынасын түсінеді.
Жұмбақ шешеді.
Ойын ойнайды.
Рефлексивті коррекциялаушы
-Қандай құстар адамға жақын жүреді?
-Құстар немен қоректенеді?
Сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: құстар және оның табиғатқа келтіретін пайдасы жөніндегі ұғымның қалыптасуы.
Нені біледі: жыл құстарын ажырата білу.
Қандай түсініктерді меңгерді: құстардың тіршілігі, немен қоректенетіні туралы түсінігі.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері. құстарға қамқорлық жасап, оларды қорғау.