Мектеп жасына дейінгі білім беруге арналған Үй жануарлары тақырыбындағы сабақ

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты: сөздік қорларын молайту; қазақ тіліне тән

дыбыстарды ажыратып дұрыс айтуға, сұраққа саналы түрде

жауап беруге жаттықтыру.Жануарлардың аттарын көпше түрде

айтуға үйрету. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер: сандық, ойыншықтар, жануарлардың суреттері,

сөйлейтін кітап

Сөздік жұмысы: үй жануарлары.

Әдіс-тәсілдер: үй жануарларының суреттерін көрсету, әңгімелеу, түсіндіру.

Блингвальді компанент: үй жануарлары- домашние животные, сиыр - карова, қой- баран, ешкі- коза, жылқы-лошадь, түйе-верблюд.

Мативациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері :

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың?

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Мұғалім: Бүгін бәріңде қандай әдемісіңдер, осылай маған ұнайсыңдар,

Кімді ата-аналары қандай төлдің атымен еркелетіп айтады

Мұғалім: Менің қолымда доп. Доп арқылы сұрақтарға жауап беріңдерші.

Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем қандай? Қандай көктем айларын білесің? Бір аптада неше күн бар? Қандай күндері демаласыңдар?

.

Балалар: Балалардың жауаптары

Ұйымдастыру- іздену

Мұғалім:Д/о «Төлдерін тап»

Балалар: Суреттегі өздері білетін үй жануарларын атап, көрсетеді.

Мұғалім: -Мынау ешкінің баласы лақ. Кәне енді лақтың орысшасын айтайықшы лақ- казленок, қозы- ягнёнок, бұзау - телёнок, бота-верблюжонок, құлын-жеребёнок.

Ақ- ақ-міне, лақ.

Лақ әдемі. Лақ кішкентай.

Мынау -қозы. Қозы-қойдың төлі.

Мынау- бұзау ұ - ұ -бұ -бұ- зау.

Мынау - бота. Бота ненің төлі?

Балалар: - Бота-түйенің төлі. Дыбысты, сөзді айтып жаттығады.

Сөздік жұмысы: үй жануарлары

Сергіту сәтін өткізу.

Құлыншағым құндызым,

Құлдырайды шабады

Жылтыңдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

Балалар: ( қимылмен көрсетеді)

Мұғалім: өлең жолдарын оқып, төлдердің қалай дыбыстайтынын түсіндіру (балалармен қайталау)


Бота: Б-ны ө-ге қосып,

«Бө»,-дейді.

Лақ: М-ны е-ге қосып,

«Ме», - дейді

Қозы: М-ны ә-ге қосып,

«Мә», - дейді.

Ал мен : М-ны а- ға қосып,

«Ма»,-деймін,

«Ма-ма»,- деймін :

«Мама!» - деймін.

Мұғалім: Д/ о «Сыңарын тап»

.

Рефлексиялық түзетушілік

Мұғалім:

Сұрақтар :

Қандай сөз үйрендің?

Бота не дейді? т, с,с

Мұғалім: Ал енді қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыз!

© 2010-2022