Мүсіндеу: «Қояндарға арналған сәбіздер»

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мүсіндеу: «Қояндарға арналған сәбіздер»

Мақсаты: Қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру, қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру. Сопақша пішінді және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеуді үйрету, сондай- ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту. Жануарлаға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған сәбіздің үлгісі,иқояндардың суреті, тақтайша,ермексаз, сулық.

Сөздік жұмысы:Көкөніс.

Билингвальды компонент: Сәбіз- морковь, қоян- заяц.

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың іс- әрекеті

Мотивациялық

қозғаушылық

Қояндардың суретін көрнекілік етіп алу.

  • Қоян қандай аң?

  • Балалар, қояндар бізге қонаққа келіпті. Олар үшеуі дауласып отыр.

- не үшін дауласып отыр екен? Кәне, кім іледі?

Педагог олардың сәбізге дауласып отырғанын айтады.

Суретке қарап, педагогтің сұрақтарына жауап береді.

  • Жүйрік, құлағы ұзын, қорқақ аң.

  • Сәбізді жейді.

Балалар әртүрлі жауап береді.

Ұйымдастырушылық

Іздеушілік

Педагог қоян туралы өзі білетін шағын ертегіні немесе әңгімені қысқаша баяндап береді. Қонақтардың қысқы азықтарын жинап үлгермегенін айтады.

  • Балалар, қояндарға қыстық азықтарын жинауға, сәбіз жасауға көмектесеміз бе?

  • Сәбіздің пішіні қандай?

  • Сәбіздің түсі қандай?

Сәбіз көкөніске жатады. Сөздік жұмысы: көкөніс. Көкөністердің муляжын балаларға ұстап көру үшін таратып береді.

Сергіту сәті:

Секірейік, секірейік,

Ұзын құлақ қоянша.

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша.

Билингвальды компонент: Сәбіз- морковь, қоян- заяц.Жұмыстың орындалу тәсілін көрсету.

  • Қызғылт сары түсті ермексазды жұмырлап, сопақша пішінге келтіріп, бір жағынан үшкірлеп, сәбіз пішінің жасау.

Педагогтің әңгімесін мұқият тыңдайды.

  • Иә.

  • Сопақша.

  • Қызғылт сары

« көкөніс» сөзін қайталайды.

Балалар көкөністерді ұстап көреді.

Қлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды.

« Сәбіз- морковь», «Қоян- заяц» сөздерін қайталайды.

Сәбіз жасаудың әдіс- тәсілімен танысады.

Балалар әр қайсысы бір- бірден бірнеше сәбіз мүсіндейді.

Рефлекциялық түзетуші

  • Балалар, бүгін не мүсіндедік?

  • Сәіздерді нелерге береміз?

Балаларға суреттегі үш қоянның көңіл күйлерін байқатып, ұнатқан қоянына сәбізді сыйлауын ұсыну, мадақтау.

  • Сәбіз

  • Қояндарға.

Бала жасаған сәбізін қалаған қоянға беріп, ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Сопақша пішінді ермексазды сәбіз бейнесіне келтіреді

Түсінеді: Қоянның азығы- көкөністер екендігін.

Қолданады: ермексаздан сопақша пішін жасай алу дағдысын.





© 2010-2022