Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу. Тақырыбы: Ғажайып қыс

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы : Қатынас

Ұымдастырылған оқу іс-әрекеті : Тіл дамыту

Тақырыбы : «Ғажайып қыс»

Мақсаты : Балалардың қыс мезгіліндегі табиғат өзгерістерін, ормандағы аңдарды (рөлге балаларды ойнату) көрсету арқылы олардың, ой-қиялдарын арттыра келіп дамыту. Жақсы немесе жаман жақтарын серуен кезінде көргендерін суреттеу.

Көрнекілік құралдар : қуыршақ, шарф пен бас киімі, кішкене жасанды шана, жасанды сырғанақ төбесін қар басқан кішкене үйлер. Атрибуттар, суреттер жасанды қарлар, слайд

ҰОІӘ әдіс-тәсілдері : желім рөлді ойын,сұрақ-жауап әңгімелесу әдісі

ҰОІӘ барысы : ән-ұранымен басталады

Балалар : қуан шаттан алақай

Қуанатын күн келді

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Қыс туралы өлең айтылады

Балалар мен сендерге бір өлең жолдарын оқып, берейін мұқият тыңдаңдар

Ақ киімді денелі, ақ сақалды

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды

Тәрбиеші : бұл кімнің өлеңі? Бұрын сендер естіп пе едіңдер

Балалар : ия бұрын естігенбіз. Бұл Абай атамыздың «Қыс» деген өлеңі.

«Қыс қызықтары» тақырыбына байланысты серуенге алып шығу.

Тәрбиеші : бұл өлеңде не туралы айтылған?

Балалар : бұл өлеңде қыс мезгілі туралы айтылған

Тәрбиеші : балалар қане қыс мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіндер

1-бала : Қырды жапты күміс қар

Далада жаңа тыныс бар

Бұталар жалт -жұлт етеді

Кәдімгі бейне хрусталь

2-бала : біздің байтақ далада

Асқар тауда қалада

Биыл ғажап іс болды

Таңғажаып қыс болды

Тәрбиеші : Балалар қыс мезгілінің жақсы жағын айтыңдаршы, енді жаман жағын айттыңдар

Серуендеп келе жатып «Сырғанақты» көру, оған қуыршақты шана мен сырғанату, ағаштарды кездестіру. Тоқталып қыста қалған құстарды тамашалау : торғай, қарға сөздерін атау балалардан құстар туралы тақпақ сұрау.

3-бала торғай-торғай торғайсың

Жақын келіп, қонғайсың

Жем шашайын теріп ап

Сонда торғай тоңбайсың

Балаларға құстарға деген қамқорлық жасау. Жем шаштыру, ұяны жасау, ағашқа ілу. Одан әрі келе жатып көл жанында, мұз үстінде қармақ пен балық аулап отырған түлкіні кездестіру, осы кезде Тәрбиеші жұмбақ жасырады

Тәрбиеші : Түсі қызыл, ұзын құйрық, алдайды күліп.

Бұл не? Балалар (түлкі) деп жауап береді

Балалар түлкіге : Түлкі бізбен бірге жүр деп бала бақшаға алып кетеді.

Одан әрі

Ағаш түбінде жатқан аюларды көреді. Аюларды ұйқысынан оятып, оларды бал ұсынады.

Аюларға арнап тақпақтар айтып береді

Кезіп жүріп орманды

Кетіп қалма қорбаңдап

Қалың мидай балтатып

Қаңғи берме балпаңдап

Балалар аюды өздерімен бірге бала бақшаға алып кетеді.

Серуендей келе ағаштың түбінде секіріп жүрген екі қоянды көреді

Тәрбиеші : Балаларға қоянның түсін, оның жүнінің үлпілдеп екенін әңгімелеу

Тәрбиеші : қояндарға кім тақпақ айтады

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып -ытқып жүгірді

Балалар кәрзеңкедегі сәбіздерді қояндарға беріп оларды бала бақшаға алып кетеді. Одан әрі келе жатып жасаулы тұрған «Аққаланы» көреді.

Тәрбиеші балаларға Аққаланы қандай екенін аузы, мұрны, қолы бар екенін сұрап әңгімелеу

Тәрбиеші : аққала қардан жасалған екен.

Олай болса қардың жақсы жақтарын айтыңдаршы:

Балалар : ауа тазарады, балалар қармен ойнайды. Жаман жақтары: қолың тонады, көп ұстасаң аурып қаламыз.

Күтпеген сәт: одан әрі жүріп келе жатқан да алдарынан қыз бала дөңгелене билеп шығады. Ол

-Ақшақарлар

Ақшақар : менің аппақ ұлпағым,

Маған ұшып келіңдер,-деп бүрікпелі қарды жоғары шашады. Балалар аң таң болады.

Ақшақар : балалар сәлеметсіздер ме, орманда не істеп жүрсіңдер?

Балалар : қыс қызықтарын тамашалап жүрміз.

Өте жақсы балалар

Қане менің жұмбақтарымды шешіп көріңдерші

Ақшақар жұмбақ жасырады

Мамықтай жұмсақ болады,

Ұстасаң қолың тоңады

Ол не? (қар)

Қолы жоқ, сурет салады.

Тісі жоқ, тістеп алады

Ол не? (аяз)

Тәрбиеші : балалар қардың қандай жақсы жағын білесіңдер

Балалар : ауаны тазартады, тұмау болмаймыз, қармен аққала жасап ойнаймыз.

Тәрбиеші :ал жаман жағын айтыңдаршы

Балалар : жаман жағы, қолың тоңады қолбағымыз су болады, қарды жсек аурып қаламыз.

Дидактикалық ойын

Тәрбиеші : қане балалар, біз біраз серуендедік енді бала-бақшаға қайтайық. Балалар ақшақарды да балабақшаға алп кетеді.







© 2010-2022