Дыбыс пен әріп тақырыбы бойынша сабақ жоспары

Раздел Дошкольное образование
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Бөлімі: Сауат ашу және жазу негіздері. Күні______

Сабақтың тақырыбы: Дыбыс пен әріп

Мақсаты: Дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата алуды, жазу кезінде дұрыс отыруға, дәптер, қарындашты дұрыс ұстауға үйрету; ойлау қабілеттерін дамыту; қағылезділікке, бастаған істі аяқтай білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жұмыс дәптері, үй жануарларының көркем суреттері.

Сөздік жұмыс: әліпби

Билингвальды компонент: әліпби - алфавит, жаңбыр жауды - идет дождь.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық

-Балалар, біз бүгін дыбыстар бағына саяхатқа барамыз. Бұл бақ «Әліпби» деп аталады.

Қызығушылық танытады.


















Әліпбиді көрсету.

-Әліпбиде көріп отырғандарың әріптер, олардың саны - 42. Егер біз әліпбидегі әріптерді қосып оқитын болсақ, ол дыбыс.

Дыбысты естиміз, аузымызбен айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз және жазамыз.

-Балалар, айтыңдаршы, пойыз тоқтағанда қандай дыбыс шығарады?

-Жақын арада аралар жүргенін қайдан білеміз?

-Түнде қасымызға маса келгенін қайдан білеміз?

-Дұрыс айтасыңдар, біз дыбысты осылай құлағымызбен естиміз. Әр естіген дыбыстың жазылу таңбасы - әріп. Әріптер мыналар. «Әліпбиді көрсету»

Билингвальды компонент: әліпби - алфавит, жаңбыр жауды-дождь идет,. Сергіту жаттығуын ойын арқылы өткізу.

Саусақ ойыны:

Жаңбыр жауса

Тырс - тырс

Айтады гүл:

-Дұрыс-дұрыс

Жаңбыр жауса

Тырс тырс.

Айтады қыр:

-Ырыс ырыс

«Не қалай дауыстады?» дидактикалық ойыны:

Ойын шарты: педагог үй жануарларының суретін көрсетіп, не істейтінін айтады. Балалар сол жануарлардың дауысын салады.

Қой маңырайды:

Сиыр мөңірейді:

Жылқы кісінейді:

Түйе боздайды:

Ешкі бақырады:

Жүрісін де салуға болады.

-Балалар, әріптерді жазу үшін бізге не керек?

-Үстелде отыру ережесімен таныстыру: жазу барысында денені тік ұстап, дәптерді солға қарай қиғаштап қоямыз.

Қарындашты үш саусақпен - бас бармақ, сұқ саусақ, орта саусақтармен ұстайды. Қарындаш ортаңғы саусақтың сол жағында болады. Бас бармақ қарындашты сол жағынан, сұқ саусақ үстінен сүйемелдейді.

Қарындаштың жоғарғы ұшы иыққа бағытталады.

Саусақ жаттығуы:

Педагог қаламды үш саусақпен айналдыртады.

Саусақ жаттығуы:

«Сорпаға тұз себейік»

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі 1 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізіледі.

Балалар көреді.

Естиді, қайталады, естерінде сақтайды.



Естеріне түсіріп

-Піш-ш-ш - деп айтады.

-Біз «ж-ж-ж» деген дыбыс естиміз.

-«з-з-з» деген дыбыс естиміз.

Қызығушылық танытады.

Қайталайды



Балалар орындықта отырып, жаңбырдың дыбысын саусақтарын қимылдата отырып айтады.



Суретке қарап үй жануарлардың дауысын салады.

-мә-мә-мә

-мө-мө-мө

-ио-ио-ио

-бө-бө-бө

-бә-бә-бә

Жүрісін салады, атын айтады.

-Діптер, қалам қажет.

Балалар қолындағы қаламды солай ұстайды.





Балалар қаламды оңға, солға екі не үш саусақпен айналдыра жаттығу жасайды.

Үш саусақпен сорпаға тұз сеуіп жатқандай саусақ ұштарын қимылдатады.

Дәптерде берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік

-Балалар, әріп пен дыбыстың айырмашылығы бар ма?

-Қандай айырмашылық?

-Әріпті көреміз және жазамыз.

-Дыбысты айтамыз және естиміз.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: жануарлар мен жәндіктердің, көліктердің дауысын, жүрісін салуды, жазу барысында үстелде дұрыс отыруды, қарындашты дұрыс ұстауды, үзік сызықтарды қосуды.

Түсінеді: дыбыстардың жазылу таңбасы әріптер екенін, дыбыс пен әріптің айырмашылығын, оқу үшін әріптерді тану керек екенін.

Қолданады: саусақ бұлшықеттеріне жаттығу жасауды.



© 2010-2022