Валеология сабағы Күн тәртібі

Раздел Дошкольное образование
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Денсаулық.

Ұйымдастыру оқу-іс әрекет түрі: Валеология.

Тақырыбы: Күн тәртібі.

Мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы кү тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ұйымдастыру кезеңі

Өткен сабақты қайталау

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Балалардың назарын

тәрбиешіге аудару.

Іздену ұйымдастырушы

Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене тұрып бір-біріне жақсы тілектер айту арқылы гүлді ұсынады.Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп педагогтың өзіне бір құшақ гүл - «Тілек шоғы» болып оралады .

Міне балалар, дәл осы сияқты бір-бірімізге жақсылық жасасақ өзімізге қайтып оралады.

«Менің таңым» өлеңін мәнерлеп оқу.

Ерте тұрып күнде мен

Терезені ашамын.

-Сәлем!-деймін күнге мен,

Шатық әнге басамын.

Әңгімелесу.

-Таңертеңгілік жаттығу не үшін қажет?

-Омыртқаның қисаюы деген не?

-Омыртқа қисамау үшін не істеу керек?

Жалпақ табан дегеніміз не?

Дидактикалық ойын: «Жыл мезгілдері» Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртәптә сақтайды. Ол тәртіп «Жыл мезгілі» деп аталады. Адамда табиғаттың бір бөлігі, сондықтан адамда арнайы тәртіпке бағынады. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі.

  • Күн тәртібін не үшін сақтау керек?

Дәптермен жұмыс.

«Күн және түн» қимылды ойыны.

«Күн» белгісін көрсеткенде балалар күледі, жүгіреді, секіреді. Ал «Түн» белгісін көрсеткенде қозғалыстарын тйып бәрі ұйықтайды.

-Ұйқыға уақытында жатып ерте ояну керек.

-Тазалық ережелерін сақтау керек.

-Уақытында тамақтану қажет.

-Денсаулықты сақтау үшін күн тәртібін орындау қажет.

Рефлексті коррекциялау

Қорытынды.

-Таңертең тұрған кезде не істейміз?

-Күндіз немен шұғылданамыз?

-Түнде не істейміз?

Білуі керек: Күн тәртібі туралы.

Болуы керек: Алдын ала дайындалған күн тәртібі.

Баланың қолынан келуі: Сұрақтарға жауап беру.


© 2010-2022